Қазылар орнықтырар әділдіктіКімдердің жауаптары кәдік шықтыБіліммен тапқырлықтың жырысыңдарЖеңіске жетер дейміз нағыз мықты - дей келе әділ - қазылар алқасын сайлап алайық

Жігіт сұлтаны сайысы

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебі. Бастауыш сынып мұғалімі: Қиятбаева Дана Дүйсенқызы.

Кештің ашылуы

Уа, халайық, халайық,
Бәріне жар салайық!
Бүгінгі кеш төрінде
Көңілді кеш жасайық!

Құрметті ұстаздар, оқушылар және ата-аналар! Сіздерді 3–4-сынып оқушылары арасында өтетін «Жігіт сұлтаны» сайысын тамашалауға шақырамыз.

Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәдеге асты?
Білім мен тапқырлықтың жарысында
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты!

Ендеше, әділ-қазылар алқасын таныстырып өтейік: 1… 2… 3…

Асқақтаған ән дайын,
Күмбірлеген күй дайын.
Ал, қанеки, қырандар,
Босқа қарап тұрмаңдар!
Бастап жігіт өнерін,
Алыстарға самғаңдар!

(Сайыскерлер әділ-қазылар алдындағы белгіленген нөмірлерді таңдап алады.)

Сайыс кезеңдері

«Жігіт сұлтаны» сайысымыз 6 кезеңнен тұрады:

  1. 1

    Таныстыру

    Сайыскердің өзін таныстыруы, мақсат-мүддесі мен мінез-құлқын ашу.

  2. 2

    Өз өнерін көрсету

    Өнері, қабілеті, сахна мәдениеті.

  3. 3

    «Білімнің мініп кемесін»

    Тест сұрақтарына жауап беру арқылы білімін сынау.

  4. 4

    Ойға шабуыл

    Жылдамдық, логика, тапқырлық және шешім қабылдау.

  5. 5

    Үй тапсырмасы

    Қолөнер бұйымын таныстыру: неден, қалай жасағанын түсіндіру.

  6. 6

    Спорт — денсаулық кепілі

    Спорттық тапсырма арқылы ептілік пен шымырлықты көрсету.

Сайыскерлеріміз дайын болса, сайысымызды бастайық!

1-кезең: Таныстыру

Сайыскер

Арсен

Жақсы адам кімге болсын болар пана,
Мол оның бойында ақыл-сана.
Көркіне ақылы сай келетін —
Ортаға шақырайық Арсенді!

Қуантады білімімен Арсен.
Қол соғып қарсы алайық бәріміз!
Білімің берік болсын, талабың тассын,
Бүгінгі тілегіміз қабыл болсын!

Сайыскер

Дамир

Өнерге жастайынан жақын туған,
Қазақтың дарындылар жолын қуған.
Өз өнерін көрсетер Дамир жігіт,
Ісі өзгеге өнеге, үлгі болған.

Бабалардың салт-дәстүрін сақтап,
Биікке самғаймыз біз.
Ата-әке, аға-інінің нұрлы жолын
Жалғаймыз біз!

Сайыскер

Ғарифулла

Қыздарды сыйлай білетін,
Жөн сөзді айта білетін.
Қырандай алғыр, сұңқардай өр,
Достыққа адал ұлымыз — Ғарифулла!

Қорықпаймын дауылдан,
Қорықпаймын ауырдан.
Өжет, өткір болсын деп,
Атам қойған атым — Ғалым!

2-кезең: Өз өнерін көрсету

Бұл кезеңде сайыскерлер сахна мәдениетін, өнерін және шығармашылық қабілетін таныстырады. Әр қатысушының өзіне тән ерекшелігі айқын көрінетін сәт.

3-кезең: «Білімнің мініп кемесін»

Сайыскерлер тест сұрақтарына жауап беріп, білім деңгейін дәлелдейді. Мұнда ұқыптылық пен ойдың нақтылығы бағаланады.

4-кезең: Ойға шабуыл

Жастықта әр тараптың басын шалсаң,
Қармақты «тәуекел» деп суға салсаң —
Еңбегің еңбектенген кетпес зая,
Міндетке бір жетесің, ойға алсаң.

Бұл кезеңде шапшаң жауап, ұтымды ой және тапқырлық сыналады.

5-кезең: Үй тапсырмасы

Қатысушылар өз қолдарымен жасаған қолөнер бұйымдарын көрсетіп, қандай материалдан және қандай тәсілмен әзірлегенін түсіндіріп береді.

6-кезең: Спорт — денсаулық кепілі

Сайыскерлер спорт түрінен өнер көрсетіп, ептілік, ширақтық және төзімділік қабілеттерін байқатады.

Бойларыңда от барын байқадым,
Жүректерде шоқ барын байқадым.
Әрқашанда сол шоқты өшірмей,
Жалындатып, шарықтаңдар әрдайым!

Қорытынды

Ендігі сөз кезегін әділ-қазылар алқасына береміз. Нәтижелер шығарылып, сайыс қорытындыланады.