Оқушылармен амандасып, оларды түгендеу

Сабақ тақырыбы: §14. Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі

Сабақтың мақсаты

Сақтардың өз жерін сыртқы жаудан қорғаудағы ерліктерін, Кир, Дарий және Македонскиймен соғыстарын, сондай-ақ Шырақтың елін қорғаудағы батырлығын таныстыру. Оқушыларды Отанды қорғауға, отансүйгіштікке, адамгершілікке және әділдікке тәрбиелеу.

Сабақ түрі

Аралас сабақ.

Көрнекіліктер

  • Карта
  • Интербелсенді тақта
  • Сақ батырларының суреттері

Сабақ жоспары

  1. I Ұйымдастыру кезеңі
  2. II Үй тапсырмасын тексеру
  3. III Жаңа сабақ
  4. IV Жаңа сабақты бекіту
  5. V Бағалау
  6. VI Үйге тапсырма

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен амандасу, оқушыларды түгендеу.
  • Оқу құралдарының толықтығын тексеру.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Ми қозғау: суреттер бойынша ой бөлісу (Есік қорғанынан алынған жәдігерлер).

  1. 1 Сақтардың тұрмыс-тіршілігі қандай болды? Бұл туралы кімдер жазып кетті?
  2. 2 Сақтар малдың қай түрін өсіруге ерекше мән берген?
  3. 3 Шірік-Рабат қаласының сақтармен қандай байланысы бар?
  4. 4 Тарих атасы Геродот сақтар туралы қандай мәліметтер жазып қалдырған?

Жаңа сабақ

Ойға шақыру: мақал-мәтелдің түйінін ашу

Төмендегі нақыл сөздер арқылы ерлік, батылдық және ел қорғау идеясын талқылаңыз.

Батырға оқ дарымайды, батылға жау жоламайды.
Судан тонын аямаған, жаудан жанын аямас.
Қарабет болып қашқаннан, қайрат көрсетіп өлген артық.

1. Кир әскерінің басып кіруі

Б.з.б. 530 жыл

Оқиға желісі

Б.з.б. 530 жылы Кир бастаған парсы әскерлері сақ жеріне басып кіріп, Сырдарияға дейін жетеді. Кир өз елшілерін Томириске жібереді.

Дерек

Рим тарихшысы Помпей Трог Томиристің әйел болса да, жау шапқыншылығынан қаймықпағанын атап өтеді.

Шайқас сипаты

Геродоттың сипаттауынша, әуелі садақпен атысады. Жебе таусылған соң жекпе-жекке шығып, қылыш пен найзамен шайқасады.

Қорытынды

Нәтижесінде массагеттер жеңіске жетеді: парсы жауынгерлерінің көп бөлігі қырылады, Кир қаза табады.