Реттік сан есімнің жұрнақтары
Сабақтың мақсаты
Оқушылардың сан есім бойынша алған білімдерін тиянақтау, түсіну деңгейін бақылау және тақырыпты жан-жақты дамыту арқылы оқушы біліктілігін арттыру.
Түрлі тапсырмалар арқылы оқушылардың сөздік қорын байыту, ойлау үдерісін дамыту және шығармашылық қабілетін шыңдау.
Өлеңдер, жұмбақтар, мақал-мәтелдер арқылы оқушылардың сезіміне әсер етіп, әдет-ғұрып пен салт-дәстүрді таныту және меңгерту. Оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру.
Ұлттық тәрбие негізінде өз ұлтының ғасырлар бойы жинақталған құнды тәжірибелері мен тәлім-тәрбиесін, адамгершілік қағидаларын оқушы бойына сіңіру.
Сабақтың түрі
Дәстүрлі емес сабақ.
Сабақтың әдісі
- Жеті модуль
- Сұрақ-жауап
- Ойын элементтері және т.б.
Сабақтың көрнекілігі
- Интерактивті тақта
- Флипчарт
- Маркерлер
- Үлестірмелі қиықшалар және т.б.
Пәнаралық байланыс
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
а) Психологиялық дайындық
Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру мақсатында «Жылы лебіз» сәті өткізіледі.
ә) Үш топқа бөлу
Қиынды қағаздар арқылы үш топ құрылады: Бірлік, Ондық, Жүздік. Топ атаулары сан есім тақырыбымен байланыстырылады.
Үй тапсырмасын тексеру және қайталау сұрақтары
- Сан есім құрамына қарай неше түрге бөлінеді?
- Реттік сан есімнің жұрнақтары қандай?
- Болжалдық сан есім дегеніміз не? Жасалу жолдары қандай?
- Жинақтық сан есімдерді ата. Жұрнақтары қандай?
- Топтау сан есімдері қалай жасалады? Мысал келтір.
- Бөлшектік сан есімдер қалай жасалады? Қандай бөлшектерге бөлінеді?
- Күрделі сан есімдер қалай жазылады?
- Реттік сан есім рим цифрымен берілсе, қалай жазылады?
Әзіл-аралас сұрақтар
Жауапты мақал-мәтелмен айту және сандарды орыс, ағылшын тілдерінде атау тапсырмасы беріледі.
-
Неше қошқардың басы қазанға сыймас?
Екі — два — two
-
Неше рет өлше, ... кес?
Жеті — seven, бір — one
-
Ер неше рет, қорқақ неше рет өледі?
Бір — one, мың — thousand
-
Жігітке неше өнер аз?
Сегіз — eight
-
Нешеу ала болса, ауыздағы кетеді?
Алтау — six
-
Неше сомың болғанша, неше досың болсын?
Жүз — one hundred
-
Жалқаудың ісі нешеу?
Екі — two
-
Қанша саусақтан өнер тамады?
Он — ten
Оқулықпен жұмыс
Үш топқа тапсырмалар беріліп, тақырып бойынша жаттығулар орындатылады.
Шығармашылық жұмыс
Әр топқа сурет ұсынылады. Сол сурет бойынша сан есімдерді қатыстырып мәтін құрастырады және мәтінге тақырып қояды.
Топтан бір оқушы шығып, мәтінді оқиды, талдайды және қолданылған сан есімдерді атап көрсетеді.
Қосымша тапсырма
Әр топқа флипчарт үлестіріліп, қазақтың киелі сандарына байланысты мақал-мәтелдерді жазып, мағынасын түсіндіреді.
-
7
Атасын білмеген — жетесіз.
-
40
Қызға қырық үйден тыйым.
-
6 / 4
Алтау ала болса, ауыздағы кетеді; төртеу түгел болса, төбедегі келеді.
-
40
Қырықтың бірі — Қыдыр.
-
9 / 99
Білгенің — тоғыз, білмегенің — тоқсан тоғыз.
-
90
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні.
-
7
Жетіге келгенше, жерден таяқ жерсің.
-
40
Қырық кісі бір жақ, қыңыр кісі бір жақ.
-
3
Үш арсыз: күлкі, ұйқы, тамақ. Үш байлық: денсаулық, ақ жаулық, он саулық.