Өлеңді мәнерлеп оқып беру
1-сынып. Ана тілі пәні бойынша сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы
Қазақстан байрағы. Буын.
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушылардың буын туралы білімін кеңейту. «Сөз ішінде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады» деген ұғымды терең түсіндіру. Өлеңді мәнерлеп оқу дағдысын жетілдіру. Ел рәміздері туралы мағлұмат беру.
Дамытушылық
Сөздік қорын байыту. Ел рәміздеріндегі белгілерді қалай түсінетінін жүйелі айтып беру дағдыларын дамыту.
Тәрбиелілік
Ел рәміздерін тануға, құрметтеуге, Отанды сүюге тәрбиелеу. Ұқыптылық пен шыдамдылық қасиеттерін нығайту.
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен сәлемдесу, қатысымды бақылау.
- Үй тапсырмасының орындалуын тексеру.
2) Жаңа сабақ
Сабақтың негізгі бөлімі дыбыс түрлерін қайталаудан басталып, буынға бөлу ережесін нақтылауға және Қазақстан байрағы тақырыбымен байланысты мәтін/өлең арқылы бекітуге бағытталады.
Негізгі ереже
Сөз ішінде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады.
1-тапсырма. Сұрақ-жауап минуты (өткенге шолу)
- А) Дыбыс дегеніміз не?
- Ә) Дыбыстар нешеге бөлінеді?
- Б) Дауысты дыбыстар қалай айтылады? Оларды ата.
- Г) Дауыссыз дыбыстарға нелер кедергі келтіреді? (б, қ, ш)
- Ғ) Дауысты дыбыстардың қандай түрлері бар?
- Д) Жуан айтылатын сөздерге мысал келтір.
- Е) Жіңішке дауысты дыбыстар қайсы? Олар нешеу?
2-тапсырма. Сөздерді буынға бөлу
Төмендегі сөздерді буынға бөліңдер:
Сұрақ: Сөздердегі буын санын қалай анықтадың? (Оқушылар жауабын тыңдап, қорытынды жасай отырып, ережені бекіту.)
3-тапсырма. Ой қозғау (Қазақстан байрағы)
Мұғалім Қазақстанның жалауын (жалаушаны) көрсетіп, «жалау» сөзін тағы қалай айтуға болатынын сұрайды.
Синонимдер
Ту, байрақ.
Сипаттау сұрағы
Қазақстан байрағын сипаттап бер. Байрақтың түсі — аспан түстес көк.
4-тапсырма. Оқулықпен жұмыс
- Өлеңді мәнерлеп оқып беру.
- Әр шумақтың мазмұнын айтқызу.
- Өлең авторымен таныстыру.
- Оқушылардың тізбекпен (шумақтап) оқуы.
- Қазақстан байрағында нелер бейнеленген?
- Қазақстанның басқа рәміздері қандай?
- «Аспан», «қыран», «бүркіт» сөздерін дұрыс айтып, буынға бөлу.
Сергіту минуты
Жоғары қарап ай көрдім,
Төмен қарап жер көрдім.
Оңға, солға бұрылдым,
Егеменді ел көрдім.
5-тапсырма. Дәптермен жұмыс
№1 «Ана тілі» жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау.
6-тапсырма. Сөздерді дұрыс орналастыр және буындардан сөз құра
Сөздерді дұрыс орналастыр
Жалауша, ұстады, көк, бала.
Буындардан сөз құра
бай — бүр — қы — кіт — рақ — ран
Жауаптар: байрақ, бүркіт, қыран
7-тапсырма. «Кім тапқыр?» ойыны
Қате буындалған сөзді тап. Дұрысын түзет.
Қорытынды
Нені үйрендік?
- Сөзді буынға бөлу.
- Буын санын дауысты дыбыстар арқылы анықтау.
Негізгі сұрақтар
- Сөзді неге бөлеміз? (Буынға.)
- Дауысты дыбыс қанша болса, сонша не болады? (Буын.)
- Буын табуға дауыссыз дыбыстардың қатысы бар ма? (Жоқ.)
Рефлексия
Оқушылар өздерінің бүгінгі түсінгенін, қиын болған тұстарын және ұнаған тапсырмаларын қысқаша айтып өтеді.
Үй тапсырмасы
- 73-жаттығу.
- «Қазақстан байрағы» өлеңін мәнерлеп оқу.
- 75-жаттығуды орындау.
Сабақ аяқталады.