Есімшенің түрленуі

Сабақ туралы жалпы мәлімет

Сыныбы: 7 «А»
Сабақтың тақырыбы: Есімшенің түрленуі

Сабақтың мақсаты

Оқушылардың өткен сабақтарда алған білімдерін еске түсіре отырып, есімше, оның жасалуы мен түрленуі, өзіндік ерекшеліктері туралы түсінік қалыптастыру. Интерактивті қарым-қатынас арқылы сыни тұрғыдан ойлауына мүмкіндік беру.

Оқыту нәтижесі

  • Топтық жұмыс барысында өз ойын ашық айтуға мүмкіндік алады.
  • Танымдық белсенділігі артып, өзгенің пікірін тыңдауды үйренеді.
  • Жұптық және топтық ізденіске, өз бетімен жұмыс істеуге ынталанады.

Негізгі идея

Оқушылар сыни тұрғыдан ойлауға, өз ойын сенімді жеткізуге, өзін-өзі бағалауға және топтық жұмыс барысында басқаларды әділ бағалауға үйренеді. Диалогтік оқыту арқылы өзін-өзі реттеу дағдылары дамиды.

Сабақтың әдістері

Сұрақ-жауап, баяндау.

Сабақтың түрі

Жаңа тақырыпты меңгерту сабағы.

Көрнекіліктер

Суреттер, сызбалар, қима қағаздар, интерактивті тақта, кестелер.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  1. Оқушыларды түгендеу.
  2. Психологиялық ахуал: шеңбер бойымен бір-біріне сәттілік тілеу.
  3. Қима қағаздар арқылы төрт топқа бөлу.

II. Үй тапсырмасын тексеру

1) Етістіктерді райларға айналдырып, жіктеңіздер:

Ашық рай, бұйрық рай, шартты рай, қалау рай.
Етістіктер: жаса, айт, баянда, көр.
Жақтар: Мен; Сен/Сіз; Ол; Біз; Сендер/Сіздер; Олар.

2) Теориялық сұрақтар:

  • Етістіктің райлары дегеніміз не?
  • Ол нешеге бөлінеді?

III. Қызығушылықты ояту

Тапсырма

Суреттерді пайдаланып, мақал-мәтелдерді толықтырыңыздар. Осы мақалдарда кездесетін жұрнақтардың есімше жұрнақтары екенін өздеріңіз анықтаңыздар.

Бағдарлау сұрақтары

  • Нені білемін?
  • Нені білдім?
  • Нені білгім келеді?

Ескерту

Мәтінде берілген кейбір мақал-мәтелдер бос орындармен ұсынылған. Сабақта оларды суреттер бойынша толықтыру жоспарланған.

IV. Жаңа сабақты түсіндіру: есімше

Есімшенің негізгі ерекшелігі

Есімше — сөйлемде екі түрлі мәнде, екі түрлі қызметте жұмсалатын етістіктің ерекше түрі. Ол бірде жіктеліп, етістік қызметін атқарады, енді бірде есімдерше түрленіп (септеліп, тәуелденіп, көптеліп), есім қызметін атқарады.

«Есімше» деп аталуы — оның есімдер сияқты түрлене алу қасиетіне байланысты.

Есімшенің жасалу жолдары (жұрнақтары)

  • 1) -ған/-ген, -қан/-кен

    ал-ған, көр-ген, айт-қан, кет-кен

  • 2) -ар/-ер/-р, болымсыздан кейін -с

    бар-ар, кел-ер, оқы-р, айтпа-с, көрме-с

  • 3) -атын/-етін, -йтын/-йтін

    айт-атын, кел-етін, тыңда-йтын, сөйле-йтін

  • 4) -мақ/-мек, -бақ/-бек, -пақ/-пек

    бар-мақ, кел-мек, жаз-бақ, без-бек, шаш-пақ, төк-пек

V. Практика: есімшені қолданып диалог құру

Суреттерге сүйене отырып, есімшені пайдаланып диалог құрыңыздар және сахналап көрсетіңіздер.

I топ

Тапсырма суреттер бойынша беріледі.

II топ

Орман, садақ, жебе, ормандағы қоян (суреттер бойынша).

III топ

Түлкіге түскен қыран, тоғызқұмалақ, көкпар, қыз қуу (суреттер бойынша).

IV топ

«Жеті алтынның» иегерлері (суреттер бойынша).

Ережені бекіту және түрлендіру үлгілері

Тәуелдеу

Төрт топ өз мәтіндерінен қалаған есімшені таңдап, тәуелдейді.

Түрі I жақ II жақ III жақ
Оңаша менің сенің / сіздің оның
Ортақ біздің сендердің / сіздердің олардың

Септеу

Есімшенің есімдерше септелуін көрсету: атау, ілік, барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктері.

Септіктер: Атау, Ілік, Барыс, Табыс, Жатыс, Шығыс, Көмектес.

Жіктеу

Есімшенің етістікше жіктелуін көрсету: мен, сен/сіз, ол; біз, сендер/сіздер, олар.

Жақтар: Мен; Сен/Сіз; Ол; Біз; Сендер/Сіздер; Олар.

Сергіту сәті

Әр топқа суреттер арқылы мамандықтар мен кәсіптер беріледі. Оқушылар оларды қимылмен көрсетеді, басқа топ мүшелері табады. Көп тапқан топ жеңімпаз атанады (музыка қойылады).

VI. Дәптермен жұмыс

185-жаттығу

Өлең шумақтары мен мақал-мәтелдерді оқып, есімшелерді табыңыздар және оларды дәптерге теріп жазыңыздар.

191-жаттығу

Мақал-мәтелдердегі есімшелердің есімдерше түрленген тұлғаларына талдау жасаңыздар.

Үлгі талдау

Есімше: болғанынан
Түбірі: бол
-ған: есімшенің жұрнағы
-ы: III жақ тәуелдік жалғауы
-нан: шығыс септігінің жалғауы

Сабақты қорытындылау

  • Есімше дегеніміз не?
  • Неліктен оны етістіктің ерекше түрі деп атайды?
  • Есімшелер қалай жасалады?
  • Есімшелер қалай түрленеді?
  • Нені білемін? Нені білдім? Нені білгім келеді?

Үй тапсырмасы

  • Ережені оқу.
  • «Менің бір күнім» тақырыбында есімшені кірістіріп, ойтолғау жазу.

Бағалау

Оқушылар критерийлік бағалау негізінде өзін-өзі бағалайды және топтағы жұмыс нәтижесіне сай кері байланыс береді.