Логикалық есептерді шығара білу
Логикалық есептер сайысы (сыныптан тыс жұмыс)
Мақсаты
- Логикалық есептерді шығара білу.
- Шығармашылық қабілеттерін дамыту.
- Ынтымақтастыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі
- Пойыздың суреті.
- Конверттер.
- Плакаттар.
- Ұлы ғұламалардың портреттері.
Ереже
- Қойылған сұрақтарға дұрыс әрі нақты жауап беру.
- Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.
- Тәртіп сақтау және өзара құрмет көрсету.
Мұғалімнің кіріспе сөзі
Сайысқа шақыру
Міне, залда тыныштық — естілмейді дыбыс түк. Мұны біз де қоштаймыз, кешіккендерді тоспаймыз. Ғылымдардың ғылымы — математика жайында логикалық есептер сайысын бастаймыз!
Қош келдіңіздер, қадірлі ұстаздар мен оқушылар, математиканың жанкүйерлері! Бүгін біз математиканың қыр-сырын танып, көңілді демалып, білімімізді сынау үшін жиналдық.
Математика туралы ой
Жас достар, мұны жақсы ұғайық: математика ғылымы құрметтеуге лайық. Дүниедегі құбылыстың мәнін, табиғаттың қозғалысын — бәрін де есепсіз түсіну мүмкін емес. Есеп — дүниенің кілті.
Сюжет: «Логикалық есептер пойызы»
Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! «Логикалық есептер» пойызы №11 орта мектебінің аялдамасына келіп тоқтады. Пойыз жолдың бірінші желісінде — абай болыңыздар!
Пойыз да келіп қалды. Ендеше білім сапарына аттанғалы тұрған қатысушыларды ортаға шақырамыз: 5 «А», 5 «Ә», 5 «Г», 6 «А», 6 «Ә» сынып оқушыларын.
Әділқазылар алқасы
-
Мұсабекова Н. М.
-
Байсугурова Р. Ж.
-
Джумабаева Ж. Т.
-
Омарова А. Е.
-
Ботаева Роза
10 «А» сынып оқушысы
Тегін жолдама шарты
«Логикалық есептер» пойызына тегін жолдама беріледі. Бір ғана шарт бар: әр топ сәлемдесіп, өзін таныстырады.
Құрметті жолаушылар! Пойызға отырғызу басталды. Асығыңыздар, сақ болыңыздар! Ал енді сапарға аттанайық. Сәт сапар!
Рефлексия
«Көңіл-күй шкаласынан» өз көңіл-күйіңізге сәйкес суретті таңдап алып, белгілеп қойыңыздар (тақтадағы сурет бойынша).
1-аялдама: «Математикалық эстафета» (Блиц-турнир)
Әр топ сұрақтарға жылдам жауап береді. Дұрыс жауап — 1 ұпай.
1-топ
-
Үстелдің 4 бұрышы бар. Егер бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады?
Жауап: 5
-
Мектеп ауласында 18 шырша өсіп тұр. Тағы 4 емен және 3 шырша отырғызылды. Мектеп ауласында барлығы неше шырша бар?
Жауап: 20
-
Төртеуі 4 сағат шахмат ойнады. Әрқайсысы қанша сағат ойнады?
Жауап: 4 сағат
-
Қатар тұрған үш санның қосындысы да, көбейтіндісі де 6-ға тең. Ол қандай сандар?
Жауап: 1, 2, 3
-
Түнгі сағат 11-де жаңбыр жауса, 48 сағаттан соң күн шығады деуге бола ма?
Жауап: Жоқ, себебі 48 сағаттан соң қайтадан түн болады.
2-топ
-
Жанұяда 3 ұл бар. Әр ұлдың 1 әкесі бар. Жанұяда неше бала бар?
Жауап: 4
-
1 жұмыртқаны қайнатуға 3 минут кетсе, 5 жұмыртқаны қайнатуға неше минут керек?
Жауап: 3 минут
-
Бөлмеде 4 мысық отыр. Әр мысықтың алдында 3 мысық отыр. Бөлмеде барлығы неше мысық отыр?
Жауап: 4
-
Екі аяғымен түрегеп тұрған адамның салмағы 50 кг. Бір аяғымен тұрған адамның салмағы неше кг?
Жауап: 50 кг
-
Адамның 10 қолында неше саусақ бар?
Жауап: 50
3-топ
-
Сағат тілі тәулігіне неше рет тік бұрыш жасайды?
-
Мектепке келе жатқан 5 балаға қарсы жолда тағы 4 бала жолықты. Мектепке неше бала барды?
-
Екі адам 4 сағат шахмат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойнады?
-
4 пен 5-тің арасына қандай таңба қойылса, 4-тен үлкен, 5-тен кіші сан шығады?
-
Жанұяда 2 ұл бар. Әр ұлдың 2 әпкесі және 1 әкесі бар. Әр қыздың бір анасы бар. Жанұяда барлығы неше адам бар?
4-топ
-
Ұшақ Семейден Алматыға дейін 1 сағат 20 минут ұшады, ал кері қарай 80 минут ұшады. Бұл айырмашылықты қалай түсіндіресің?
-
Кім барлық тілде сөйлейді?
-
Қандай жолмен ешқашан адам жүрмейді?
-
4 ұлда неше саусақ бар?
-
Түзудің бойынан 4 нүкте ал. Ұштары осы нүктелер болатын неше кесінді пайда болады?
5-топ
-
Алты 7-ден 100 санын жаз.
-
Биіктігі 6 метр бағанға ұлу өрмелеп шығып келеді. Күндіз 4 метр көтеріледі, түнде 3 метр төмен түседі. Ол неше күнде төбесіне шығады?
-
10 метр сатыдан секіріп, жарақаттанбай түсуге бола ма? Қалай?
-
18 санын 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 сандарына көбейткенде цифрлардың қосындысы өзгермейді. Осындай қасиеті бар тағы екі таңбалы сан бар ма?
-
Үш түйеқұс ұшып келе жатты. Аңшы олардың бірін атып алды. Қаншасы қалды?
Ескерту
Кейбір сұрақтардың жауабы мәтінде берілмеген. Оларды талқылау барысында топтар өз дәлелін келтіріп, шешімін қорғайды.