Күз мезгілінің қай айы
Алтын күз мерекелік ертеңгілігі
3–4 жастағы «Күншуақ» тобының «Алтын күз, әсем айналам, еліне береке сыйлаған» атты мерекелік ертеңгілігі өтті. Зал іші мерекеге сай әсем безендірілді, балаларға жылы көңіл мен шаттық сыйлайтын күзгі атмосфера қалыптасты.
Жүргізушінің құттықтауы
Қарсы алайық бәріміз — жасымызбен, кәріміз.
Қырдан келді қыдырып, алтын күз бізге нұр төгіп.
Тілегім — аман болсын ел іргесі, алтын күз қайта келді берекесі.
Молшылықтың жаршысы бола білді: алтын күз — ырыс, береке, бірлік ала келді.
Жүргізуші қонақтарды қарсы алып, күз мезгілінің сыйы — мол өнім мен берекені дәріптейтін мерекенің мәнін атап өтті.
Күздің белгілері туралы әңгіме
Өлең жолдары арқылы күзді тану
Бұлттар төгіп, жерге шөгіп, дымқыл тұман басады.
Шөп сарғайып, өңі тайып, даланың сұры қашады.
Бой жаза алмай, ойнай алмай, денең мұздап тоңады.
«Бұл қай кезде болады?» — Балалардың жауабы: күз.
Сұрақ-жауап
- Қазір жылдың қай мезгілі? — Күз.
- Күз мезгілінің қай айы? — Қазан.
- Күзде қандай өзгерістер болады?
Ауа райы
Жаңбыр жиі жауады, күн суыта бастайды.
Киім
Адамдар жылы киіне бастайды.
Құстар
Құстар жылы жаққа ұшып кетеді.
Егін
Астық пен жеміс жиналып, қамбаға құйылады.
Күздің көркем бейнесі
«Көк майсалы көрікті, алқаптағы көп егін — бұл күндері киіпті сары жібек көйлегін». Балалар бұл сипаттаманың күз екенін тапты.
Күз ханшайымының келуі
Осы сәтте Күз ханшайымы себетке салған жемістерімен сахнаға билеп кіріп, балаларға күздің сыйын ұсынды.
Күз ханшайымының сөзі
Сәлем, менің достарым, өмірге көп қосқаным.
Күз сыйлығын алыңдар, сыйлығына қаныңдар.
Молшылыққа кенеліп, шаттық әнге салыңдар.
Жұмбақ
«Өрік, алша, шие, алма; жидек, жүзім піседі. Қауын, қарбыз, қияр, сәбіз дүкендерге түседі. Бұл қай кезде болады?»
Жауабы: күз мезгілінде.
Балалардың тақпақтары
Күз ханшайымы балалардың күзге арнаған өлең-тақпақтарын және шағын көріністерін бірге тамашалауға шақырды.
Арыстан
Ой, балалар, балалар, қоңырқай күз болыпты.
Қурап жапырақ солыпты, ел егінін орыпты.
Ой, балалар, балалар, ойнайық та күлейік.
Тайр
Берекесін сыйлауға, өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға, шақырады біздерді.
Ән
Мерекелік бағдарламада «Жомарт күз» әні орындалды.
Ұйымдастыру туралы мәлімет
Шашубай кентіндегі «Мектеп–балабақша кешені» базасындағы Тірек мектебі (ресурстық орталық) коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Балдырған» балабақшасының екінші санатты тәрбиешісі — Тубитаева Лязат Мырзакасымовна.