Бұлттардың түрлерін ата
Тақырыбы: Атмосфера
Бұл сабақ атмосфера тақырыбын ойын түрінде қайталап, білімді бекітуге бағытталған. Тапсырмалар арқылы оқушылардың ойлауын дамытып, ұлттық ойындар туралы қысқаша мәлімет бере отырып, өзара сыйластық пен ынтымақтастыққа тәрбиелеу көзделеді.
Мақсаты
- Білімділік: атмосфера тақырыбы бойынша алған білімдерін қайталау және бекіту.
- Дамытушылық: тақырыпты қайталау арқылы білімін және ойлау дағдыларын дамыту.
- Тәрбиелік: тапсырмалар барысында ұлттық ойындар туралы мәлімет беру, өзара сыйластыққа үйрету.
Ұйымдастыру
- Сабақтың түрі
- Ойын түрінде
- Ұйымдастыру формасы
- Фронтальді
- Әдіс-тәсілдер
- Репродуктивті, проблемалық
Құрал-жабдықтар
- Интерактивті тақта
- Жарты шарлар картасы
- Атлас
Сабақтың кезеңдері
-
1-кезеңҰйымдастыру
-
2-кезеңТақырыпты бекіту және қайталау
-
3-кезеңҚорытындылау
-
4-кезеңБағалау
-
5-кезеңҮй тапсырмасын беру
Сабақтың барысы
Топқа бөлу және топ басшысы
Сынып екі топқа бөлінеді. Әр топта топ басшысы сайланады. Оның негізгі міндеттері: топтағы жұмысты ұйымдастыру және әр ойыншыға көмектесу.
Ұлттық ойындар негізіндегі сайыс
Ойын шарты
Әр топқа 4 сұрақтан қойылады. Дұрыс жауап саны көп болған топқа ұпай көбірек беріледі.
1-сайыс: «Аламан бәйге»
Жылдам жауап беруге арналған сұрақтар топтамасы.
«Термометр» тобы
4 сұрақ- 1. Ауаның құрамында кездесетін газдарды ата.
- 2. Ауа райы деген не?
- 3. Бұлттардың түрлерін ата.
- 4. Жер шарында неше жылу белдеуі таралған?
«Барометр» тобы
4 сұрақ- 1. Атмосфера қанша қабаттан тұрады?
- 2. Жел қалай пайда болады?
- 3. Ауаның температурасын өлшейтін құралды ата.
- 4. Тұман деген не?
2-сайыс: «Көкпар»
Берілген терминдерге анықтама беру ойыны.
Бұл ойында екі топ берілген терминдердің анықтамасын айтады. Қай топ бірінші болып дәл жауап берсе, сол топ жеңімпаз атанады.
Терминдер
- Атмосфера
- Атмосфералық қысым
- Жел
- Бұлт
- Ауа райы
- Климат