Балаларға жануарлар туралы түсініктерін тереңдету

Білім беру саласы

Сала

Таным

Ұйымдастырылған оқу қызметі

Сенсорика

Тақырыбы

Әркімге өз үйі

Мақсаты

  • Балалардың жануарлар туралы түсінігін тереңдету.
  • Жануарларды бір-бірінен ажырата білуге үйрету.
  • Жануарларға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
  • Жануарлардың да өз мекені болатынын түсіндіріп, олардың үйлерімен таныстыру.

Қажетті ресурстар

Көрнекіліктер

  • Бейнеролик
  • Жануарлардың суреттері және үйлері жапсырылған шырпы қораптары
  • Иттің үйшігі
  • Аюдың апаны

Әдіс-тәсілдер

Түсіндіру Сұрақ-жауап Ойын Сергіту сәті

Мотивациялық қозғаушы кезең

Тәрбиешінің сөзі

Балалар, бүгін бізде ерекше оқу қызметі өтеді, себебі бізге қонақтар келіп отыр. Қане, қонақтармен сәлемдесіп алайық.

Сәлемдесу

Мейірімді жүрекпен,

Ақ пейілді тілекпен,

Амандасып алайық,

Бізге келген қонақпен!

— Сәлеметсіздер ме!

Ұйымдастырушылық-ізденістік кезең

Саяхатқа шақыру

Балалар, Жануарлар әлеміне саяхатқа шығамыз ба? Ол үшін сиқырлы кітабы бар аю мен тышқанды шақырайық.

Өлең жолдары

Әлемде бар көп жануар,

Бір-біріне ұқсай беретін.

Банан жейтін, суда жүзетін,

Тау мен тасты паналайтын.

Өзен-көлді жағалайтын,

Асыр салып ойнайтын.

Білгің келсе олардың бәрін,

Аюдың ашып көр кітабын.

Достар бар ғой көмектесетін:

Аю мен тышқан, аю мен тышқан.

Ғажайып сәт: кейіпкерлермен диалог

Тышқан

Сәлем, достар!

Аю

Сәлем, балалар!

Балалар

Сәлем, аю мен тышқан!

Тәрбиеші

Аю, тышқан, сендерді шақырған себебіміз — Жануарлар әлеміне саяхат жасау үшін сиқырлы кітаптарың керек болды.

Аю

Жақсы, сиқырлы кітабымды берейін.

Тышқан

Алақай! Жануарлар әлеміне саяхаттайтын болдық.

Тәрбиеші

Ендеше, бізбен бірге отырыңдар. Қане, кітабымызды ашып көрейік!

Құмырсқа және оның үйі

1-бет

Бұл — құмырсқа. Құмырсқа өте кішкентай болады. Ал оның үйі илеу деп аталады.

Нақтылау: құмырсқалар илеуді өздері жасайды.

Сұрақ-жауап

Құмырсқаның үйі қалай аталады?

Құстар және олардың ұясы

2-бет

Бұлар — құстар. Құстар қанаты арқылы ұшады. Олардың үйі — ұя.

Құстар ұясын ағашқа шыбықтарды өру арқылы жасайды.

Сұрақ-жауап

Құстың үйін қалай атаймыз?

Ит және оның үйшігі

3-бет

Бұл — ит. Қараңдаршы, ит біз жасап берген үйшікте жатыр.

Тапсырма: иттің үйшігі қандай пішіндерге ұқсайды? Төртбұрыш және үшбұрыш.

Аю

Жарайсыңдар, балалар! Ақылды екенсіңдер!

Аюдың мекені

Балалар, қараңдар: бұл — аюдың апаны. Аю мұнда қыс бойы ұйықтайды. Апаны үлкен, солай ма?

Аю

Менің апаным өзіме қатты ұнайды.

Сергіту сәті

Қане, балалар, бір сергіп алайық: аюмен бірге би билейміз.

Музыка

«Аюдың әні»

Жарайсыңдар!

Бекіту: ойын

Ойын: «Мекеніне апар»

Қараңдаршы, мұнда біз кітаптан көрген жануарлар және олардың үйлері бар. Енді әр жануарды өз мекеніне апарып орналастырайық.

Күтілетін нәтиже

  • Жануарларды таниды және ажыратады.
  • Жануарлардың мекенін дұрыс атайды (илеу, ұя, үйшік, апан).
  • Қамқорлық пен жауапкершілікке дағдыланады.

Ескертпе

Орналасқан жері

Қызылорда қаласы

Тәрбиеші

Төрахмет Тоқжан

Тақырып

«Әркімге өз үйі»