Балалардың назарын Күз атты суретке аудару
Сабақ туралы мәлімет
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз селосы. «Ақбота» шипажай типті балалар бақшасы. Тәрбиеші: Жұбатова Күміскүл.
Тақырыбы
«Алтын күз сыйы»
Білім беру саласы
Қатынас
Оқу іс-әрекеті
Тіл дамыту
Мақсаттары
Білімділік
Күз мезгілі туралы түсінік қалыптастыру. Күзгі табиғаттың ерекшеліктерін байқап, көре білуге үйрету.
Дамытушылық
Балалардың тілін дамыту, байланыстырып сөйлеуге үйрету.
Тәрбиелік
Табиғаттың сұлулығын көріп, бағалай білуге баулу; байқағыштық пен сезімталдықты тәрбиелеу.
Көрнекіліктер мен әдістер
Көрнекілігі
- Күзгі аула-бақтың суреттері
- Жемістердің суреттері және муляждар
- Дидактикалық ойындарға арналған құралдар
- Тақта
- Қуыршақ және «машина» ойыншығы
Әдіс-тәсілдер
- Түсіндіру және көрсету
- Сұрақ-жауап
- Дидактикалық және дыбыстық ойындар
- Сергіту сәті
- «Ғажайып сәт» және қорытындылау
- Тақпақтар
Жаңа сөздер
Сабақ барысы
1) Мотивациялық-қозғаушы кезең
ҰйымдастыруБалалармен амандасу, үлкенге құрмет көрсету туралы қысқа әңгіме жүргізу.
Тәрбиенің басы — үлкенге құрмет.
Ал, қанеки, бәріміз
Сәлем дейік үлкенге.
2) Ізденіс-ұйымдастыру кезеңі
Сұрақ-жауапБалалармен талқылауға арналған сұрақтар:
- Жылдың қай мезгілі?
- Күзде ауа райы қандай болады?
- Бұл мезгілде қандай киімдер киеміз?
- Жаңбыр жиі жауа ма?
- Құстар қайда ұшып кетеді?
- Ағаштың жапырақтары қандай болады?
Балалардың назарын «Күз» тақырыбындағы суретке аударып, күз белгілерін бірге ажырату.
Күз туралы тақпақ
(Тәрбиеші күз мезгілі туралы қысқа тақпақ айтқызып, мазмұнын талқылайды.)
Тіл ұстарту жаттығулары
ой-ой-ой — күн салқын ғой
ыз-ыз-ыз — келіп жетті күз
ма-ма-ма — апорт тәтті алма
3) «Ғажайып сәт»
Сахналық көрініс«Алтын күз» болып киінген қуыршақты қарсы алып, балалардың қызығушылығын ояту. Қуыршақ арқылы күздің сыйлары — жемістер мен көкөністер туралы әңгіме бастау.