Ананың жұмбағы
Кіріспе: аналарға арналған мерекелік ертеңгілік
Қымбатты аналар, әжелер, қадірлі қонақтар! 8 Наурыз — Халықаралық әйелдер күніне арналған ертеңгілігімізді бастаймыз. Мерекелеріңіз құтты болсын!
1-жүргізуші
Ақ тілекті ағытып бір тастайық,
Аналардың мерекесін бастайық.
Көздеріңнен көрем шаттық арайын,
Өтсін солай әрбір күнің, әр айың.
2-жүргізуші
Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,
Тәтті ұйқыңды бөліп, талай үн қаттың.
Өміріме нәрін берді ақ сүтің,
Кең шуағың аясындай гүл бақтың.
Құрмет сөзі
Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар! Ақ жаулықты аналар мен әжелер, асыл да аяулы аналар, ұстаздар, ару қыздар!
Барлығы: Сіздерді 8 Наурыз — Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз!
Өлеңдер мен әндер: ананың мейірімі мен алғысы
Ән: «Ақ мамам»
Орындайтын: Айтолқын
Ең аяулы есім ғой ана деген,
Бар тіршілік бақытты анаменен.
Ананы жеткізгенше мұратына,
Білім іздеп лапылдап жана берем.
Ананың оттай ыстық алақаны —
Болған соң ойлайтыны бала қамы.
Баладан анасына мың сан алғыс,
Өйткені ол анасының балапаны.
Ән: «Құттықтаймын, мама, туған күніңмен»
Орындайтын: Румия
Қамқорым да сенсің, ана,
Сенсің, ана, ақылшым да.
Ұланыңды қасыңа алып,
Бастай бер алыс шыңға.
Жүретінім — сенің жолың,
Жалтақтамай, аялдамай.
Асыл анам, өмір бойы
Ұшамын мен саған қарай.
Өлең: ана туралы ой
Орындайтын: Құрмет
Өмірдің иесі — сен, ғазиз ана,
Келтірген дүниеге неше дана.
Анасыз батыр да жоқ, ақын да жоқ,
Өмірдің алтын кілті — сонда ғана.
Адамзат қуат алар ақ сүтіңнен,
Мәпелеп, әлдилеген пейілің кең.
Аналық махаббатың — кәусар бұлақ,
Сөнбейтін ақ жүрегің — мәңгі шырақ.
Ән: «Ана туралы жыр»
Орындау: оқушылар
Ән: «Жан сырым»
Орындайтын: Жұлдыз
Ән: «Анамызға мың алғыс»
2-сынып
Көрініс: «Ананың жұмбағы»
2-сынып
Авторлық баяндау
Бірде көп балалы ана ұлдарына былай деді:
Ана
Балапандарым, мен сендерге бір жұмбақ айтамын, сендер соны шешіңдер. Сендердің бәріңді 9 ай «абақтыға» жапса, одан шыққан соң аузыңа өкпе тықса, арқанмен ағашқа байлап қойса — сол адамға не істер едіңдер?
Тұңғыш ұл
Мен оның басын балтамен шабар едім.
Екінші ұл
Мен оны мылтықпен атып тастар едім.
Кенже ұл
Жоқ, ана, мына үшеуінің айтқаны — ақымақтық. Ал мен ол адамды аялап, өлгенше алақаныма салып бағар едім. Өйткені ол — мені жарық дүниеге әкелген адам. Ол — асыл ана.
Кенже ұл (жалғасы)
Сіз бізді 9 ай көтердіңіз, жарық дүние сыйладыңыз. Қырқынан шығардыңыз, ағаш бесікке бөледіңіз. Міне, жұмбағыңыздың шешуі — осы.
Ана
Жарайсың, кенжетайым!
Билер: сахнаға сән, көңілге қуаныш
«Матрос» биі
Орындайтын: ұлдар тобы
«Гүлдер» биі
Орындайтын: қыздар тобы
Өлеңдер шеруі
Әдемі
Өмірге ана — бұлақ, ана — пана,
Өмірді өркендетер ана ғана.
Өсірген талай көсем, талай шешен,
Талай ер, талай ақын, талай дана.
Ана — біздің елде ардақты адам,
Кіші де, үлкен де оны ардақтаған.
Өзінің аяулысы Отанына
«Ана» деп біздің халық текке айтпаған.
Алишер
О, анашым — таянышым, тірегім,
Бар бақытты бір басыңа тіледім.
Мен жақсы болсын екен деп қашанда,
Лүпілдейді сенің қамқор жүрегің.
Құндыз
Құшағыңа кіргенде
Жылынамын бір демде.
Не жетеді көзіңе
Мейірімді күннен де.
Сегізінші Наурызбен
Құттықтаймын, анашым!
Жантілек
Әже деген көп шығар,
Әжемдей менің жоқ шығар.
Мейірімді бұл кісі,
Қандай ғажап күлкісі.
Ақ әжемді әрқашан
Сыйлап, жақсы көремін.
Қуантайын деп оны,
Өлең айтып беремін.
Гаухар
Жер бетінің ғұмыры
Күн нұрымен арайлы.
Біздің үйдің жылуы
Анамыздан тарайды.
Әлпештеген баласын —
Ана бақыт, ана күн.
Әркім сүйіп өзінің
Мақтан етер анасын.
Айсана, Айым, Асылай
Айсана:
Анаң болса қасында — басқа бақыт не керек?
Аналардың жүрегі мейірімді ғой керемет.
Айым:
Жердегі бар тағамнан ана сүті нәрлі екен.
Бұл жалғанда анамнан сүйікті адам бар ма екен?
Асылай:
Мен анамды сүйемін, құшағына енемін.
Мәпелеген анамды қуантсам деп келемін.
Жұлдыз
Анам, анам, ақ анам,
Мен де өзіңдей ақ болам.
Айтқан тіліңді аламын,
Жұмсағанда барамын.
Ақ төсекке жатқызсаң,
Көзіңді жұма қаламын.
Көрініс: «Әжесі мен немересі — Дүниеде не қымбат?»
4-сынып
Немересі
Әже, сізге сұрақ қойғым келеді. Мен түсінбейтін бір жай бар, соны түсіндіріңізші. Бірінші сұрағым: дүниеде не қымбат?
Әжесі
Адам қымбат, қалқам.
Немересі
Ал адамға не қымбат?
Әжесі
Бала қымбат, қалқам.
Немересі
Ал балаға не қымбат?
Әжесі
Ана қымбат, қалқам.
Немересі
Иә, десеңізші, әже! Енді тағы бір сұрағым бар: дүниеде не тәтті, не қатты?
Әжесі
Ананың сүті тәтті.
Атаның жүрегі қатты.
Қарағым, сауал қойдың көп маған. Бір ақыл айтайын саған: Тату болса — ағайын жақын, ақылшы болса — апайың жақын. Бауырмал болса — інің жақын. Алдыңа тартқан адал асың, қимас жақын қарындасың.
Немересі
Түсіндім, әже. Енді мен айтайын: Алтын ұяң — Отан қымбат, құт-берекең — атаң қымбат. Аймалайтын — анаң қымбат, мейірімді — әжең қымбат. Асқар тауың — әкең қымбат. Бәрінен де ұят пен ар қымбат!
Қорытынды: тілек, сыйлық, хор
Айтолқынның тілек сөзі
Наурыз күні — ана күні, әлем күні,
Әлемді тебірентер ана үні.
Анасыз жан туған жоқ жер бетінде,
Ұғып ал, бөбектерім, сендер мұны.
Аналарға сыйлық тапсыру
Оқушылар аналарға арналған сыйлықтарын табыстайды.
Тілек:
Гүлдей болсын өміріңіз,
Нұрға толсын көңіліңіз.
Биік болсын жұлдызыңыз,
Көктемдей құлпырыңыз.
3–4-сыныптың құттықтауы
Бесік жырың ғұмырымды күй қылған,
Есіл нұрың ойыма ақыл құйдырған.
Асыл ана, құтты болсын мерекең,
Құшағыңа күллі әлемді сыйдырған!
Хор
«Анамның тілі — аяулы үні»