Әдебиеттік оқуОқулық авторлары

Тақырыптық-күнтізбелік жоспарлау (4-сынып)

Бұл бөлімде 4-сыныпқа арналған пәндер бойынша тақырыптық-күнтізбелік жоспарлау материалдары берілген. Материалдар оқу үдерісін жүйелеуге, мақсаттарды нақтылауға және сабақ құрылымын біріздендіруге көмектеседі.

Мұғалім: Алимбаева А. И.

Пән паспорты: «Әдебиеттік оқу» (4-сынып)

Оқулық

  • Авторлары: Т. М. Әбдікәрім, С. Р. Рахметова, Р. Базарбекова
  • Шыққан жылы: 2015
  • Баспасы: Атамұра

Оқу жүктемесі

  • Жылдық сағат саны 136 сағат
  • Апталық сағат саны 4 сағат

Пәннің бағыты

«Әдебиеттік оқу» пәні бастауыш сынып оқушыларының ауызша және жазбаша тілін дамытуға бағытталған. Ол сөздік қорды байытуға, байланыстыра және грамматикалық тұрғыдан жүйелі сөйлеуге үйретуге, сондай-ақ сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

Пән мазмұны ұлттық тәрбие, рухани-мәдени құндылықтар, ана тілі және қазақ халқының салт-дәстүрі негізінде жеке тұлғаның қалыптасуын қолдайды. Оқушының ішкі рухани әлемін ашуға, адамгершілікке тәрбиелеуге, тілін және қиялын дамытуға мүмкіндік береді.

Пәннің мақсаты

  • Дұрыс, мәнерлеп және шапшаң оқуды меңгерту.
  • Оқушыны шығарма авторының көзқарасын түсінуге жетелеу және мәтінді қабылдаушы оқырман ретінде тәрбиелеу.
  • Көркем-шығармашылық және танымдық қабілеттерін дамыту.
  • Сөз өнеріне қызығушылық пен эстетикалық талғамды қалыптастыру.
  • Сөйлеу әрекетінің барлық түрін жетілдіру.
  • Ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделген рухани-адамгершілік тәрбие беру.