Жанғыш пайдалы қазбаларды ата

Сабақтың тақырыбы: «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар»

Бұл сабақ — оқушылардың білімін, тапқырлығын және көпшілік алдында сөйлеу мәдениетін дамытатын зияткерлік сайыс форматы.

Сабақ түрі: сайыс сабақ Көрнекілігі: үлестірмелі қағаздар, интерактивті тақта

Мақсаты

Білімділік

Оқушыларды көпшілік алдында еркін сөйлеуге баулу арқылы ойлауын, сөйлеу дағдысын жетілдіру.

Дамытушылық

Логикалық ойлау қабілетін күшейтіп, белсенділігін арттыру.

Тәрбиелік

Ұйымшылдыққа, достыққа, білгірлікке және шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Ұйымдастыру бөлімі

Жүргізуші (Марал)

Армысыздар, қадірлі қонақтар, ұстаздар және оқушылар! Ұлы Абай атамыз: «Сүйер ұлың болса сен сүй, сүйінерге жарар ол» — деп, келешек ұрпаққа берер тағылымы мол өсиет қалдырған. Бүгінгі сайысымызда өзімізді жаңа қырынан көрсетіп, белсенді қатысайық.

Ал, келіңдер, келіңдер,
Біріңе-бірің еріңдер.
Біліміңді тексеріп,
Ойынға қатысып көріңдер!

Осылайша «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар!» атты зияткерлік сайысымызды бастаймыз.

Ынталандыру сөзі

«Білмеймін» деп қысылма — талабың болса бойыңда. Өнерлінің ырысы жарқырап жатады бойында. Ендеше, топтарымызды ортаға шақырайық.

Топтар

Сайысқа екі топ қатысады. Әр топ өз атауын таныстырып, ұранын және сәлемдесуін қорғайды.

І топ — «Алғырлар»

Тапқырлық пен жылдамдыққа басымдық береді.

Команда 1

Ұраны

Жарыс десе жанамыз,
Бүгінгі күн жарыста алғырлықпен аламыз.

Сәлемдесуі

Қиындықтан сірә да біз қашпаймыз,
Алғырлық пен тапқырлықты ұштаймыз.
Қияларға самғап ұшқан құстаймыз,
Шегінбейміз — жеңістерге бастаймыз!

ІІ топ — «Білімділер»

Білім мен дәлелге сүйенеді.

Команда 2

Ұраны

Білікті бірді жығады,
Білімді мыңды жығады.

Сәлемдесуі

Біз дайынбыз бұл сайысқа, достарым,
Көрсетеміз бізде қандай күш барын.
Алға қойған мақсатымыз бір екен,
Сәтті болсын сапарымыз әрдайым!

Сайыс құрылымы

Бұл сайыста кезеңдерден сүрінбей өткен топ жеңімпаз атанады. Қатысушыларға сәттілік!

І. Ой жүгірту

Жылдам сұрақ-жауап.

ІІ. Көсемдікке ұмтылу

Мақал-мәтел сайысы.

ІІІ. Ғажайып сурет

Сурет бөлігін ашып, нысанды табу.

ІV. Шешімін тап!

Кестемен жұмыс: дәлдік пен жылдамдық.

V. Полиглот

Тілдік білім мен сөздік қор.

VІ. Кім тапқыр?

Логикалық тапсырмалар.

VІІ. Біліміңді шыңда

Қорытынды білім сынағы.

Әділқазылар

Шын жүйріктер жарыста сыналады. Қатысушылардың жауабына әділ баға беретін әділқазылар алқасы сайыстың әр кезеңін мұқият бағалайды.

І кезең — Ой жүгірту

Бұл кезеңде оқушылар әр пән бойынша қойылған сұрақтарға тез әрі нақты жауап береді.

«Алғырлар» сұрақтары

  1. 1. Бір айда неше апта бар? (4 апта)
  2. 2. Дыбыстар неше топқа бөлінеді? (дауысты, дауыссыз)
  3. 3. Заттың атын білдіретін сөз табы? (зат есім)
  4. 4. Азайтудың нәтижесі қалай аталады? (айырманың мәні)
  5. 5. Қосудың компоненттерін ата. (қосылғыш, қосылғыш, қосындының мәні)
  6. 6. Қосуға кері амалды ата. (азайту)
  7. 7. Бір жылда неше күн бар? (365–366)
  8. 8. Есту мүшесі не? (құлақ)
  9. 9. Көру мүшесі. (көз)
  10. 10. Иіс сезу мүшесі? (мұрын)
  11. 11. Дәм сезу мүшесі. (тіл)
  12. 12. «Кел, балалар, оқылық» өлеңінің авторы кім? (Ы. Алтынсарин)
  13. 13. Абай Құнанбаевтың қандай өлеңдерін білеміз? («Ғылым таппай мақтанба», «Жазғытұры», т.б.)
  14. 14. Қазақстанның тұңғыш ғарышкері кім? (Тоқтар Әубәкіров)
  15. 15. Төрт бұрышта төрт мысық отыр, әрқайсысының алдында үш мысықтан отыр. Бөлмеде неше мысық отыр? (4)
  16. 16. Бір жылда неше ай бар? (12 ай)
  17. 17. Ұлыстың ұлы күні. (22 наурыз)
  18. 18. Ұзындықтың өлшем бірліктерін ата. (см, дм, м, км)
  19. 19. 12 сәуір қандай мереке? (Ғарышкерлер күні)

«Білімділер» сұрақтары

  1. 1. Заттың қимылын білдіретін сөз табы. (етістік)
  2. 2. Тау жыныстары дегеніміз не? (Жер қыртысын құрайтын табиғи денелер)
  3. 3. Көптік жалғауларын ата. (-лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер)
  4. 4. 720-ны 9 есе кеміт. (80)
  5. 5. Бөлудің компоненттерін ата. (бөлінгіш, бөлгіш, бөліндінің мәні)
  6. 6. Бос тау жыныстарын ата. (құм, саз)
  7. 7. Сөз құрамы неден тұрады? (түбір мен қосымшадан)
  8. 8. Көлемнің өлшем бірлігі қандай және көлем неше өлшемнен тұрады? (куб см; үш өлшем: ұзындық, ені, биіктік)
  9. 9. Пайдалы қазбалар дегеніміз не? (Жерден қазып алынып, тұрмыс пен өндірісте қолданылатын тау жыныстары)
  10. 10. Судың неше күйі бар? Ата. (бу, сұйық, мұз)
  11. 11. Кез келген сан мен 0-дің көбейтіндісі неге тең? (0-ге)
  12. 12. Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған сөз. (туынды сөз)
  13. 13. Кез келген санды нөлге бөлгенде неше шығады? (сол санның өзі)
  14. 14. Сөйлем түрлерін ата. (сұраулы, лепті, хабарлы)
  15. 15. Бөлу мен көбейту қандай амалдар? (өзара кері амалдар)
  16. 16. Екі шахматшы 2 сағат ойнады. Бір шахматшы неше сағат ойнады? (2 сағат)
  17. 17. Кімнің басына жауын жауса да, мүлде су тимейді? (тазыға)
  18. 18. Пайдалы қазбалар нешеге бөлінеді? Ата. (жанғыш, кенді, кенге жатпайтын)
  19. 19. Жанғыш пайдалы қазбаларды ата. (газ, мұнай)

ІІ кезең — Көсемдікке ұмтылу

«Мақал — сөздің мәйегі». Бұл кезеңде оқушылар берілген тақырыптар бойынша мақал-мәтелдерді жарыстырады. Қай топ көп әрі дәл мақал келтірсе, сол топ басымдық алады.

Отан, туған жер

Туған ел, атамекен тақырыбы.

Оқу, білім

Білімнің қадірі туралы.

Ерлік, батырлық

Жігер мен қайрат тақырыбы.

Достық, жолдастық

Сенім мен бірлік туралы.

ІІІ кезең — Ғажайып сурет

Бұл кезең — ұшқыр ой мен байқампаздықтың сыны. Оқушылар беті жабық тұрған суреттің бір бөлігін ашып, қай нысан екенін табуы керек.

Бәйтерек Мемлекеттік ту

ІV кезең — Шешімін тап!

Бұл кезеңде оқушыларға кесте беріледі. Қай топ тапсырманы тез әрі қатесіз орындаса, сол топ жеңімпаз атанады.

Математикаға арналған жігерлендіру

Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан,
Математикаға орын берсең басыңнан.
Барлық ғылым соған үйір болады,
Досың солар табылатын қасыңнан.