Төрешілердің сөзін тыңдау

Мақсаты

Оқушылардың танымдық, шығармашылық және эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту. Өнерге деген қызығушылығын арттыру және өнерге баулу.

Сайыс барысы

Жүргізушінің кіріспе сөзі

Қыздарымыз сүйкімді болсын деп, өнер-білімге икемді болсын деп,

Жақсы жолды таңдайық, жамандықтан тәлім алмайық.

Жаңалайық, жалғайық — ары адал, жаны жаз аруларды қолдайық.

Ал, кәне, қыздар сайысын бастаймыз!

Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бұл сайысқа 6-сыныптың өнерлі қыздары өз өнерлерін көрсетуге келіп отыр.

Әділқазылар алқасына таныстыру

Жол сілтеген биікке ұстаздарым,

Іштеріңнен шығар әлі талай дарын.

Әділдікті ең алға мақсат еткен,

Таныстырам әділқазы алқаларын.

I кезең — «Сәлем сөздің атасы»

Таныстыру

Әр топ өз атауымен және ұранымен таныстырады.

II кезең — «Өнерлі қыздар»

Өнер көрсету

Бұл бөлімде әр топ өз өнерін ортаға салады.

Ал кімнің өнері бар қаншалықты — біреулер би билеп, біреулер ән салады.

III кезең — «Аспазшы қыздар»

5 минут

Тіл үйірер балдайды, жемістерді талғайды — неше түрлі салатты қыздарымыз дайындайды.

Әр топтан бір оқушы салат әзірлейді.

Осы сәтте көрермендер үшін бишілер тобының өнері ұсынылады.

IV кезең — «Сен білесің бе?»

Түсіндіру / қорғау

Тағам түрлерін және олардың пісірілу жолдарын айтып, түсіндіріп, қорғайды.

V кезең — «Арманшыл қыздар»

Сән көрсету

Әр топ қыздары өздерінің сән үлгілерін көрсетеді.

VI кезең — «Шебер көп жерде — өнер көп»

Шеберлік

Өнер, білім, өнеге — туған дарын. Өнерліге өз басым таңғаламын.

Топ мүшелері шеберліктерін ортаға салады:

  • картоп аршу
  • тиек қадау
  • жемістерді ыдысқа сәндеп салу
  • нанды жаймалау

VII кезең — «Жеті жұмбақ»

Ойланайық

Ал, кәнеки, қыздар, ойнайық! Ойнайық та ойлайық — қандай жұмбақ болса да, шешпей оны қоймайық.

Жұмбақтар (қазақша)

  1. Құрғақ жерде сақтайсың, онсыз тамақ татпайсың.

    Жауабы: тұз

  2. Дәмді-дәмді тағамдарды жинайды, қонақтарды көңілдене сыйлайды.

    Жауабы: дастархан

  3. Екі семсер айқасқан, оқта-текте шайқасқан.

    Жауабы: қайшы

  4. Ұзын терек — саясы жоқ.

    Жауабы: жол

  5. Бел бүкір, алысқа түкір.

    Жауабы: мылтық

  6. Өзі — көзі, көзі — өзі.

    Жауабы: күн

  7. Басып озып құсты, қанатын қақпай ұшты.

    Жауабы: ұшақ

Жұмбақтар (орысша)

  1. Белый зайчик по чёрному полю прыгает.

    Ответ: мел

  2. Вот гора, а у горы две глубокие норы.

    Ответ: нос

  3. Брат с братом через гору живут, а один другого не видит.

    Ответ: глаза

  4. Сама пёстрая, ест зелёное, даёт белое.

    Ответ: корова

  5. Из горячего колодца через нос водица льётся.

    Ответ: чайник

  6. Глазищи, усищи, когтищи, хвостище, а моется всех чище.

    Ответ: кот

  7. Серый, зубастый, по полям рыщет, телят, ягнят ищет.

    Ответ: волк

VIII кезең — «Кім тапқыр?»

Суретпен жұмыс

Сурет көрсетіліп, ондағы бейнені табу ұсынылады. Әр топқа екі сурет көрсетіледі.

IX кезең — Қорытынды

Нәтиже

Әділқазылар алқасының қорытынды сөзі тыңдалып, сайыс нәтижесі жарияланады.

Көрерменге ескерту

  • Әр кезеңде қатысушыларды қолдап, тыныштық сақтаңыз.
  • Бағалау кезінде әділқазылардың шешімін құрметтейік.