Оқушыларға қарақытайлар туралы түсіндіре отырып оқушыларды отан сүйгіштікке, ержүректікке тәрбиелеу

Сабақтың тақырыбы

Қарақытай (1125–1212 жж.)

Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Әдіс-тәсілдер

  • Баяндау
  • Сұрақ-жауап
  • Оқулықпен жұмыс

Көрнекілік

  • Карта
  • Плакат
  • Электронды оқулық
  • Қосымша материалдар

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушыларға Қарақытай мемлекетінің құрылуы, қоғамдық құрылысы және сыртқы саясаты туралы түсінік беру.

Тәрбиелік

Қарақытайлар туралы мәліметтерді түсіндіру арқылы оқушыларды отансүйгіштікке және ержүректікке тәрбиелеу.

Дамытушылық

Сұрақтар қою және талқылау арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.

І. Ұйымдастыру кезеңі

Сабақ басында оқушылардың назарын тақырыпқа шоғырландыру, сабақтың мақсат-міндеттерін нақтылау және жұмыс тәртібін белгілеу.

Күтілетін нәтиже

  • Қарақытайлар тарихына талдау жасай алады.
  • Тарихи деректермен жүйелі түрде жұмыс істей біледі.
  • Талдау барысында Қарақытайлар тарихына баға бере алады.