Құс - табиғат байлығы

Тәрбие сағаты Табиғат Құстар

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру бөлімі

  • Оқушыларды түгендеу.
  • Сабаққа психологиялық даярлау.

2) Кіріспе сөз (мұғалім сөзі)

Табиғатты құрайтын негізгі бөліктердің бірі — құстар. Халық ежелден құстарға ерекше ықыласпен қарап, сүйіспеншілігін теңеу арқылы білдірген: саңылақ ұлын — сұңқарға, әсем әншіні — бұлбұлға, ел үшін жанын қиятын батырды — қыранға, ал сұлулық пен нәзіктікті — аққуға теңеген.

Неге құстар табиғат байлығы?

Құс — табиғаттың байлығы. Байлықты сақтаудың бір жолы — құстарды қорғау. Олар ағаштар мен өсімдіктерді зиянды жәндіктерден тазартып, табиғи тепе-теңдікті сақтауға көмектеседі.

Жер шарында

8600+

құс түрі бар.

Қазақстанда

474

түрін кездестіруге болады.

Қыс мезгілі және жыл құстары

Табиғат — бізді қоршаған орта: тау, тас, су, ауа, жер, өсімдіктер және жануарлар. Бүгін біз табиғаттың көркі мен сәні, бақшаның әні болған құстарға тоқталамыз.

Қазір — қыс. Осы кезде көптеген құстар жылы жаққа ұшады. Негізгі себеп — жемнің азаюы: күн суытқанда құрт-құмырсқалар інге, қуыстарға тығылып қалады. Көктемде құстар туған жеріне қайта оралады, өйткені тым ыстық өңірлер балапан басып, өсіруге қолайсыз болуы мүмкін.

Демек, бүгінгі тақырыбымыз — «Құстар – біздің досымыз». Біз құстарды жақынырақ танып, оларға қамқор болуға және жыл құстарын қарсы алуға дайындаламыз.

Қанатты достарымыздың таныстыруы

Торғай
Мен торғаймын, торғаймын,
Суықтан да тоңбаймын.
Құрт-құмырсқа, шіркейден,
Бау-бақшаны қорғаймын.

Бауыржан

Дерек

Үй маңында жүретін кіп-кішкене торғайдың өзі ғана бір жылда 4 миллионға жуық жәндік жейді.

Еркебұлан

Үкі
Үкі едім түнде ұшып қалықтаған,
Құртудан зиянкесті жалықпаған.
Үкімді үлпілдеген киелі деп,
Бұрыннан-ақ адамдар тағып алған.

Шынболат

Жапалақ
Мен жапалақ, қалыспаймын жарыстан,
Қорегімді іздемеймін алыстан.
Іннен басы қылт етсе-ақ тышқанның,
Ай сайын 150-ін жалмаймын.

Дильара

Бұлбұл
Мен еркін, бақытты бұлбұлмын,
Бұлағын тасытқан ән-жырдың.
Тамаша, тамылжытып шырқаймын,
Шаттығын тауса алмай әр күннің.

Арайлым

Сауысқан
Мен сауысқан, сауысқан,
Қалдықты жеп тауысқан.
Зиянды жәндік, құрттарды,
Тышқанды жеп тауысам.

Әнет

Аққу
Құс сұлуы — аққумын,
Табиғат көркін сыйлаған.
Мылтығын кезеп еш мерген,
Атуға көзі қимаған.

Ақмарал

Өлең жолдары

Аққулар туралы аңыз көп қой,
Оны көзіңмен көргендей бола алмайсың.
Тек қана тыныштықта ұйықтайды олар,
Шошыса, екінші рет оралмайды.

Гүлханым

Шағын көрініс

Би: «Аққу күйі» — Саида, Гүлдана.

Қараторғай
Адамдарға жыр, әнмін,
Ал шіркейге қыр әнмін.
Үй салып берген достармен,
Көрші болып тұрамын,
Мен — қараторғай боламын.

Данияр

Дерек

Қараторғайлардың бір тобы балапандарымен бірге 22 тоннаға дейін шегірткені азық етеді. Қараторғай — орманның сенімді қорғаушысы.

Оқушы мәліметі

Ой түйін

Құстар — табиғаттың ажырамас бөлігі әрі адамзаттың қанатты досы. Оларды қорғау — айналамыздағы тіршілікті сақтау. Қыста жем табу қиындағанда құстарға қамқорлық жасау — әрқайсымыздың қолымыздан келетін ізгі іс.