Балалардың сыйластық, достық құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту
Павлодар қаласы, Қ. Бекқожин атындағы №12 жалпы орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі: Жомартова Назым Нурхасымовна
Пәні: Өзін-өзі тану
Сыныбы: 3-сынып
Тақырыбы: Ұл бала мен қыз бала
Сабақтың мақсаты
Балалардың сыйластық пен достық құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері
- Ұл бала мен қыз бала арасындағы сыйластық туралы түсініктерін қалыптастыру.
- Өзара сыйластыққа негізделген қарым-қатынасты дамыту.
- Инабаттылыққа, достыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер
Сабақтың барысы
1) Шаттық шеңбері
Оқушылар «Біз — туған ел баласы» әнін орындайды.
Сөзі: Қ. Ыдырысов
Әні: К. Қуатбаев
2) Әңгімелесу
- Ұл бала мен қыз баланың бойында қандай қасиеттер болуы керек?
- Ұл бала мен қыз бала арасындағы достықты қалай түсінесіңдер?
3) Жағдаяттарды талдау
Оқушылар сурет бойынша көрініс құрып, жағдаятты талдайды: бір-бірін тыңдау, түсіну, қолдау көрсету және сыйластық таныту жолдарын ұсынады.
4) Мәтінмен жұмыс
«Кімнің жұмысы» (Т. Дәуренбеков)
- Қыз бала мен ұл бала өзара сыйластыққа қалай қол жеткізді?
- Қыз бала мен ұл бала достығы дегенде нені түсінесіңдер?
5) Шығармашылық жұмыс
Оқушылар екі топқа бөлінеді: ұлдар және қыздар. Әр топ өз ойларын плакатқа түсіріп, кейін жұмыстарын қорғайды.
Ұлдарға тапсырма
Қыз баланың бойынан қандай жақсы қасиеттерді көргің келеді?
Қыздарға тапсырма
Ұл баланың бойынан қандай жақсы қасиеттерді көргің келеді?
6) Дәйексөз
«Ел ұлымен берік, қызымен көрік».
7) Ойын
«Егер ұл болсам…», «егер қыз болсам…» ойыны арқылы оқушылар өз ұстанымдарын, әдепті мінез-құлық үлгілерін айтады.
Күтілетін жауаптар (ұл бала)
- Елімді қорғаймын.
- Қыздарға көмектесемін.
Күтілетін жауаптар (қыз бала)
- Өте таза жүремін.
- Дөрекі сөз айтпаймын.
8) Дәптермен жұмыс
Тапсырма
«Мен қандаймын?» деген сұраққа жауап жазу.
9) Жүректен жүрекке
Оқушылар бір қыз, бір ұл болып араласып тұрады. Әрқайсысы көршісінің қолын қысып: «Мен сені сыйлаймын, сенімен достасқым келеді» деп тілегін білдіреді.
Е. Өтетілеуов: «Ұл бала мен қыз бала» (қорытындылау)