Терісі бағалы аңдар
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Сабақтың тақырыбы
Етістіктің болымсыз түрі
Лексикалық тақырып
Хайуанаттар әлемі
Сабақтың әдістері
- Сұрақ-жауап
- Ассоциация
- Кестемен жұмыс
Пәнаралық байланыс
Жануартану
Сабақтың мақсаты
1) Білімділік
Етістік бойынша алған білімдерін тиянақтау, теориялық білімдерін практикалық тұрғыда тексеру.
2) Дамытушылық
Танымдық ойындар арқылы оқушылардың есте сақтау қабілетін және ынтасын арттыру, жүйелі сөйлеуге дағдыландыру.
3) Тәрбиелік
Жануарларға деген сүйіспеншілікті арттыру мақсатында тәрбиелік әңгімелер жүргізу.
Сабақтың жоспары
1) Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың назарын сабаққа шоғырландыру, қажетті құралдарды дайындау.
2) Үй тапсырмасын тексеру
Тақырып: «Ақсу-Жабағылы қорығы». Мәтін мазмұны бойынша әңгімелесу.
3) Жаңа сабақ
Ассоциация
Тақырып: жабайы аңдар.
Қайталау сұрақтары
- Етістік дегеніміз не?
- Құрамына қарай нешеге бөлінеді?
- Тұлғасына қарай нешеге бөлінеді?
- Қандай сұрақтарға жауап береді?
Сөздікпен жұмыс
- Жаңа сөздердің мағыналарын түсіндіру.
- Сөз тіркестерін құрастыру.
- Сөйлемдер құрастыру.
Тапсырмалар
1-тапсырма
Көп нүктенің орнына тиісті етістікті жазыңдар.
2-тапсырма
Мәтінді түсініп оқыңдар. Етістіктерді теріп алып, оларды болымсыз етістікке айналдырыңдар.
| Тақырып | Болымды етістіктер (үлгі) |
|---|---|
| Терісі бағалы аңдар |
болады
мекендейді
тіршілік етеді
жинайды
|
3-тапсырма
Жұмбақтарды шешіңдер:
-
Өзі айлакер, өзі бір қу,
Жүрген жері айқай да шу. -
Бұлаңдаған құйрығы,
Бір алдарлық қулығы. -
Қалқиып ұзын құлағы,
Елеңдеп, қорқып тұрады.
Сергіту сәті
«Артығын тап» ойыны.
5-тапсырма
Берілген сөздерден сөйлемдер құраңдар:
Артық сөзді тап
Ешкі, Түлкі, Жолбарыс, Күзен, Қасқыр, Қоян, Піл, Тиін, Түлкі, Қарсақ.
Сабақты қорытындылау
Бағалау
Оқушылардың сабаққа қатысуы мен тапсырмаларды орындауына қарай бағалау жүргізіледі.
«Сөз тізбек» ойыны
Оқушылар жабайы аңдар мен үй жануарларын екі топқа бөліп жазады.
Жабайы аңдар
Мысалдар: қасқыр, түлкі, жолбарыс, қоян, піл, тиін, қарсақ, күзен.
Үй жануарлары
Мысалдар: ешкі және басқа да үй жануарлары.