Орыс тілінен енген дыбыс

Сабақ тақырыбы мен мақсаты

Тақырыбы

Ю ю дыбысы мен әрпі.

Мақсаты

  • Ю ю дыбысы мен әрпін таныту.
  • Ю дыбысы бар сөздерді буындап және тұтас оқуға машықтандыру.
  • Сауатты, көркем жазуға төселдіру; мәтінді түсініп оқуға үйрету.

Тәрбиелік және дамытушылық міндеттер

  • Сабаққа қызығушылықты арттыру.
  • Жинақылыққа, ептілікке тәрбиелеу.
  • Ойлау, есте сақтау және өз бетімен оқу қабілетін дамыту.

Көрнекілігі

Баспа және жазба әріп үлгілері, суреттер.

Сабақ түрі

Жаңа сабақ.

Әдіс-тәсілдер

Түсіндіру, сұрақ-жауап.

I. Ұйымдастыру

Сабақтың мақсатымен таныстыру, оқу құралдарын дайындау, оқушылардың назарын сабаққа аудару.

II. Өткенді пысықтау: «Я» дыбысы мен әрпі

Қайталау тапсырмалары

  • «Я» дыбысы бар сөздерді оқу.
  • «Сұр қоян» өлеңін жатқа айту.

Сұрақ-жауап

«Я» дыбысы қандай дыбыс?
Дауысты дыбыс.
Біз осы күнге дейін қандай дыбыстармен таныстық?
Дауысты және дауыссыз дыбыстарды еске түсіру.
Нешеуі дауысты, нешеуі дауыссыз?
Оқушылардың жауаптары арқылы қорытындылау.

III. Жаңа сабақ: «Ю» дыбысы мен әрпі

Суретпен жұмыс

Әңгімелеу

Мынау қандай аң?
Аю.
Аюдың түрі, түсі қандай?
Қоңыр, үлкен.
Аюдың баласы қалай аталады?
Қонжық.

Зат атауы

Мынау не, балалар?
Ою.
Оюды қайдан көреміз?
Көрпеден, сандықтан, киімнен.

Негізгі байқау

Біз «аю» және «ою» сөздерін қарастырдық. А және О дыбыстары бізге таныс. Ал таныс емес әріп — Ю. Бүгінгі тақырып: «Ю» дыбысы мен әрпі.

«Ю» дыбысы туралы

  • Ю — дауысты дыбыс.
  • Орыс тілінен енген дыбыс.
  • Екі дыбыстан құралады.
  • Қазақ тілінде «Ю» дыбысынан басталатын төл сөздер жоқ.
  • «Ю» көбіне сөз соңында кездеседі.

Дыбыстық талдау

Ою

2 дыбыс, 2 әріп, 2 буын, 2 дауысты дыбыстан тұрады.

Аю

2 дыбыс, 2 әріп, 2 буын, 2 дауысты дыбыстан тұрады.

IV. Оқулықпен жұмыс

1) Бағандағы сөздерді оқыту

Оқушыларға буындап оқытып, кейін тұтас оқуға жаттықтыру.

аю қою құю сүю есею азаю ою қию түю күю үлкею көбею

2) «Ою» мәтінімен жұмыс

Менің әжем сырмақ сырды. Сырмаққа ою ойып салды. Оюы әдемі болды.

  • Өз бетімен оқу.
  • Кезектесе оқу.

V. «Ю» әрпінің жазылуы

1) Әріп үлгілері

Баспа және жазба түрлерімен таныстыру.

2) Тақтада көрсету

Әріптің жазылу жолын мұғалім көрсетеді.

3) Ауада жазу

Қимыл арқылы әріптің бағытын есте сақтайды.

VI. Дәптермен жұмыс

Жаттығулар

  • №3: «Юю» әрпін үлгі бойынша толықтыру.
  • Сөйлем жазу: «Әжем сырмақ оюлады.»

VII. Сергіту сәті

Ормандағы аюдың,
Құлпынайы көп екен.
Теріп, теріп аламыз,
Қалтамызға саламыз.

VIII. Өлеңмен жұмыс

Тұрсын Жексенбай — «Жақсы көрем»

Шай ішетін қоюлап
Жақсы көрем атамды.
Сырмақ сырған оюлап
Жақсы көрем апамды.

  • Жеке оқыту.

IX. Сөздік диктант

Диктантқа арналған сөздер:

аю ою жаю үю жию қию қою

X. Қорытындылау

1) Қандай дыбыспен таныстық?

«Ю» дыбысы мен әрпі.

2) Ол қандай дыбыс?

Дауысты дыбыс.

3) Қандай дыбыстардан құралған?

Екі дыбыстан құралады.

XI. Мадақтау

Оқушылардың белсенділігі мен жауаптарына қарай мадақтау, жетістігін атап өту.

XII. Үй тапсырмасы

  • 97-бет: «Ою» мәтінін оқу.
  • «Жақсы көрем» өлеңін жаттау.

Сынып жетекшісі: Ж. Егембердиева

Қосымша материал

Слайд және жүктеу материалдары

  • «Ю дыбысы мен әрпі» — жүктеу материалы.
  • «Ю дыбысы мен әрпі» — слайдты жүктеу.