Excel бағдарламасында диаграмма құру
Сабақ туралы мәлімет
ОҚО, Төлеби ауданы, Бірінші мамыр жалпы орта білім беретін мектебі. Информатика пәнінің мұғалімі: Шанарбаева Күланда Абдраманқызы.
Пәні: Информатика (8-сынып).
Сабақ тақырыбы: Excel бағдарламасында диаграмма құру.
Пайдаланылған дереккөздер: Информатика әдістемелік оқулығы, ғаламтор материалдары, газет-журнал материалдары.
Жалпы мақсат
- Оқушыларды электрондық кестеде жұмыс жасауға бағыттау және дағдыларын қалыптастыру.
- Өз бетімен қорытынды шығару, ойды ашық айту және ойлау қабілетін дамыту.
- Пәнге қызығушылықты арттыру, есте сақтау, байқағыштық және тапқырлық қабілеттерін жетілдіру.
Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі
I кезеңСабақты бастау (бейнеролик көрсету).
Пазл әдісі
Топқа бөлуСурет қиындыларын құрастыру арқылы оқушыларды 2 топқа бөлу.
Білу
12 минутҮй тапсырмасын тексеру:
- «Мен терминдерді білемін» ойыны (3 минут)
- «Қар көшкіні» ойыны (5 минут)
- «Ой қозғау»: «Келісемін / келіспеймін» әдісі (4 минут)
Түсіну
4 минутПрактикалық тапсырма: y = 3x² − 5 функциясын формула ретінде енгізіп, нәтижесін Excel бағдарламасында шығару.
Қолдану
5 минутОқушылардың жас ерекшелігі мен қабілетіне сай тапсырмалар беру.
Шығармашылық тапсырма орындау.
Сергіту сәті: 2 минут
Талдау
7 минут«Миға шабуыл» арқылы сыни ойлауды дамыту.
«Футбол» ойыны: сұрақтарды интерактивті тақта арқылы қою.
Жинақтау
4 минутЭлектрондық кестенің қолданылу аймақтарын талқылау.
Бағалау
4 минут
Формативті бағалау парағын толтыру: нәтижелер электрондық кестеге жинақталады. Оқушылардың жұмысы мадақталады.
Үй тапсырмасы
1 минут
- «Диаграмма құру» тақырыбын оқып келу.
- Қосымша тапсырма: практикалық жұмысқа дайындалып келу.