Координаталары бойынша нүктені салу

Сабақ туралы

Пән / сынып

Математика, 6 сынып

Сабақ түрі

Жаңа сабақ

Тақырып

Координаталық жазықтық. Координаталары бойынша нүктені салу. Берілген нүкте бойынша оның координаталарын анықтау.

Сабақтың мақсаты

Оқушыларға берілген координаталары бойынша нүктені салуды және берілген нүкте бойынша оның координаталарын табуды үйрету.

Міндеттері

  • Тік бұрышты координаталар жүйесі және координаталық жазықтық туралы түсінік қалыптастыру.
  • Координаталық жазықтықтағы нүктенің абсцисса осі мен ордината осін ажырата білу.
  • Берілген нүктенің координаталарын табуды және оны дұрыс жазуды үйрену.

Күтілетін нәтиже

  • Тік бұрышты координаталар жүйесі мен координаталық жазықтық туралы біледі.
  • Абсцисса осі мен ордината осін ажырата алады.
  • Координаталық жазықтықтағы берілген нүктенің координаталарын таба алады.
  • Берілген нүкте бойынша оның координаталарын жаза алады.
  • Есеп шығаруды белгілі бір тәртіппен орындап, алған білімін сабақ барысында қолданады.
  • Тапсырманың мазмұнын толық түсініп, өз пікірін айтады; ұқыптылыққа және өз жұмысына талап қоя білуге үйренеді.

Оқыту әдістері мен ұйымдастыру формасы

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

  • Сыни тұрғысынан ойлау: серпілген сауал.
  • Жадыны дамытуға арналған жаттығулар.

Жаңа әдіс-тәсілдер

  • Түрткі сұрақтар, қайта бағыттау сұрақтары.
  • Сұрақ-жауап әдісі.
  • Жұптық және топтық әңгіме.

Оқыту формасы

Жеке жұмыс, жұптық жұмыс, топтық жұмыс.

Бағалау

  • «Бағдаршам» әдісі.
  • «Басбармақ» арқылы өзін-өзі және өзара бағалау.
  • Критериалды бағалау (әр критерий бойынша 5 ұпай).

Рефлексия

«Бағдаршам» сигналдары арқылы сабақ соңында өз деңгейін белгілеу.

Сабақ барысы

Кіріспе: Ұйымдастыру кезеңі

I кезең
  • Сәлемдесу, сыныпты түгендеу.
  • Топтастыру: оқушылар екі түсті фигуралар арқылы 2 топқа бөлінеді, орындарына орналасады.
  • Топтағы оқушылар «ашық журнал» арқылы бағаланады (әр критерийге 5 ұпай).

Тұсаукесер

Слайд 2

Сабақтың тақырыбы мен негізгі ұғымдарын қысқаша таныстыру.

Үй тапсырмасын тексеру

2 минут · Жұптық жұмыс

Үй тапсырмасы жұптық жұмыс арқылы тексеріледі: дұрыс жауаптар слайдта көрсетіледі, оқушылар өзара салыстырады.

Білімді жан-жақты тексеру

3 минут · Ұжымдық жұмыс

Оқушылар шеңбер құрып тұрады. «Серпілген сауал» әдісі бойынша бір-біріне доп лақтыру арқылы сұрақ қояды, келесі оқушы жауап береді.

Жаңа тақырыпты түсіну

2 минут

Мұғалім электрондық оқулықтың көмегімен бүгінгі тақырып бойынша қысқа әрі нақты ақпарат береді.

Негізгі ұғымдар

Координаталық жазықтық, абсцисса осі, ордината осі, нүктенің координаталары, координаталары бойынша нүктені салу.

Жадыны дамытуға арналған жаттығу

5 минут · Топтық жұмыс

Екі топқа тапсырма парақтары үлестіріледі. Оқушылар оқулықтағы және тыңдалған ақпаратты пайдаланып, бүгінгі тақырып бойынша постер құрастырады.

  • Постерге тақырыпқа қатысты жаңа терминдерді жазу.
  • Терминдердің мағынасын түсіндіру және мысал келтіру.

Материалдар мен слайдтар

«Координаталық жазықтық. Координаталары бойынша нүктені салу» тақырыбы бойынша материалдар және презентация слайдтары қолданылады (электрондық оқулық/слайд).