Мұқағали МақатаевҚарағым

Мұқағали Мақатаев

Қарағым!
Мен тағы үйлену тойыңа барамын.
Мен бүгін тағы да
Өзіңнен адасып қаламын, Қарағым!
Шараптың уы ұрып қаныма,
Отырам
Бейтаныс біреудің жанына.
Көкешім, налыма,
Мен сені ұзатам тағы да.
Тұман боп жанары,
Әкең де, шешең де қалады.
Достарың күңіреніп,
Еңліктің әніне салады, Әкең де қалады,
Шешең де қалады,
Баласын,
Баласы әкетіп барады.
Көкешім!
Мұңайып не етесің?!
Сен бүгін тағы да
Ұшасың, кетесің, Көкешім!
Әкеңнен әкеңе жетесің,
Мұңайма, Көкешім!

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2



Ұқсас жұмыстар

Мұқағали Мақатаев поэзиясынның көркемдік жүйесі
Мұқағали Мақатаев лирикасы тілінің көркемдігі
Мұқағали мұрасы - сөз маржаны
М. Мақатаевтың азаматтық тұлғасын өзінің өлеңдері мен поэмалары арқылы сомдау
Мұқағали Мақатаев - мәңгі жыр
«Поэзия, сен менімен егіз бе едің»
Мұқағали Мақатаев Сүлейменұлы
М.Мақатаев поэзиясындағы отаншылдық рухы
М.Мақатаев поэзиясындағы символизм
Мақатаев социализм дәуірінің төл перзенті
МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ
Мақатаев Мұқағали
Мұқағалидай ақыны бар халық - бақытты халық
Мұқағали - поэзия құдіретін адамдық асыл сезіммен байланыстырған дарынды ақын
Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев - Шынайы поэзия өкілі, ғажайып ақындардың біріМұқағали Мақатаев қазіргі Алматы облысы, Райымбек ауданындағы Қарасаз аулында 1931 жылы 9 ақпанда дүниеге келді
Мұқағали МақатаевАйығып келем
Мұқағали МақатаевСен менің жүрегімді жазалама, Шыдайды ол қуанышқа, қазаға да, Жүрек деген - сезім ғой, сезімімеСезіммен кел, болмаса мазалама
Мұқағали бір ғасырда бір келетін, қазақ поэзиясының алтын домбырасы дерліктей хас талант иесі
Мұқағали МақатаевБауыржан МомышұлынаАға, Саған, білмеймін не айтарымды, Қай қырыңнан білмеймін байқарымды
Мұқағали МақатаевСай - саланы, Аймалады, Жоталардан жел есті