Салауатты өмір салтына тәрбиелеу

Мақсат және формат

Тақырып

Нашақорлық — шын қорлық.

Мақсат

Жасөспірімдердің санасына ішімдік, темекі және есірткінің адамды аздыратынын нақты мысалдармен түсіндіру; зиянды әдеттерден аулақ болу жолдарын көрсету; салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

Түрі

Жарыс-сабақ (ашық тәрбие сағаты).

Құрал-жабдықтар

  • Плакаттар мен суреттер
  • Жемістер
  • Стикерлер
  • Видеоролик
  • Слайдтар

Мұғалім сөзі

Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгін сіздерге 8 «А» сыныбы оқушылары дайындаған «Нашақорлық — шын қорлық» атты ашық тәрбие сағатын ұсынамыз.

Қазақстанның даму бағыттарында салауатты өмір сүруді қалыптастыру және оны насихаттау — өзекті міндеттердің бірі. Салауатты өмір салты дегеніміз — тұрмысты жақсарту, бос уақытты тиімді пайдалану, зиянды әдеттерден алшақ болу, күн тәртібін сақтау және денсаулықты қорғауға саналы түрде ұмтылу.

Маңызды түсінік

Грек тіліндегі narke сөзі «ұйқы» деген мағына береді. Осы түбірден ағылшын тіліндегі narkotic сөзі қалыптасқан: «ұйықтату», «жансыздандыру», «сезімсіздендіру» деген ұғымдарды білдіреді.

Қазіргі қоғамда кең тараған қауіптердің қатарында темекі шегу, ішімдік және нашақорлық бар. Өмір — өмір сүру үшін беріледі. Сондықтан әрқайсымыз жат қылықтардан бойымызды аулақ ұстап, салауатты өмір салтын таңдауға тиісбіз.

I. Ой қозғау

«Тәні саудың — жаны сау» тақырыбында сұрақ-жауап.

Сұрақ

Жауап

1) Шылымның зияны ең көп тиетін мүше?
Өкпе.
2) Салауатты өмір салты деген не?
Спортпен шұғылдану, күн тәртібін сақтау, жеке бас гигиенасын ұстану, жағымды эмоцияны көбейту, маскүнемдік, нашақорлық және темекіден аулақ болу.
3) Адамға ең қымбат не?
Денсаулық.
4) Денсаулыққа зиян келтіретін қандай факторларды білесіңдер?
Темекі шегу, ішімдік ішу, нашақорлық, аз қозғалу, жеке бас тазалығын сақтамау.
5) Құрамында этил спирті бар өнім қалай аталады?
Ішімдік.
6) Гигиена деген не?
Грек тілінен аударғанда «денсаулық әкелуші» деген мағына береді.
7) Темекіден туындайтын ауруларды атаңдар.
Қолқа демікпесі, өкпе аурулары.

II. Бейнефильм

Көрсетілім

«Ұрпақ шежіресі» бейнефильмі.

Өсиет өлең

Өмірге адам бір-ақ рет келеді,
Жастық шағың — өміріңнің кемелі.
Саулығыңды бағалай білсең, өрелі,
Табиғаттың бергенінен көп берері.

Топтар және ұрандар

Әр топ өз атауын және ұранын таныстырады.

1-топ

Атауы: Өз өміріміз үшін күресе білейік!

Ұран: Шынықсаң — шымыр боларсың.

2-топ

Атауы: Салауатты өмір салтын қолдаймыз!

Ұран: Нашақорлыққа жол жоқ.

3-топ

Атауы: Өмірімізді ұзарту да, қысқарту да — өз қолымызда!

Ұран: Талпынған жетер — мұратқа.

III. Топпен жұмыс

«Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» дегендей, әр топқа мақал-мәтелдер беріледі. Міндет — жалғасын табу және мағынасын түсіндіру.

1-топқа

  • Денсаулық — зор байлық.
  • Ауру батпандап кіріп, мысқылдап шығады.
  • Жан ауырса, тән азады.
  • Тәні саудың — жаны сау.
  • Тәуіптің жақсысы — ауруға ауру қоспағаны.
  • Бас аманда мал тәтті, бас ауырса жан тәтті.

2-топқа

  • Ауруын жасырған өледі.
  • Сырқат — тән жарасы, қайғы — жан жарасы.
  • Денің сау болса, жарлымын деме. Жолдасың көп болса, жалғызбын деме.
  • Тазалық — саулық негізі, саулық — байлық негізі.
  • Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде.
  • Емнің алды — еңбек.

3-топқа

  • Аурудың жақсысы жоқ, дәрінің тәттісі жоқ.
  • Өмірді ұзарту да, қысқарту да — өз қолыңда.
  • Бірінші байлық — денсаулық, екінші байлық — ақ жаулық, үшінші байлық — он саулық.
  • Салауатты өмір — көңілді көңіл.
  • Араққа жолама — жетелейді молаға.
  • Шынықсаң — шымыр боларсың.

IV. Топтастыру

Енді балалар, нашақорларды теледидардан да, өмірден де көріп жүрміз; баспасөзден де оқимыз. Ал олардың зардаптары туралы не білеміз? Нашақорлық қандай қайғы-қасіретке әкеледі? Осы сұрақтарға бірге жауап іздейік.

Қорытынды: Нашақорлық — қоғамға да, отбасыға да ауыр зардап әкелетін індет.

1-топ тапсырмасы

Нашақор адам мен дені сау адамды салыстыру.

2-топ тапсырмасы

Нашақорлықпен күресу жолдарын ұсыну.

3-топ тапсырмасы

Салауатты өмір сүруге кері әсер ететін әрекеттерді анықтау.

V. Біз — салауатты, тәрбиелі, білімді жас ұрпақпыз!

“Темекі” сөзінің әр әрпіне мақал-мәтел немесе қанатты сөз құрастыру.

Т

Тазалық — денсаулық кепілі.

Е

Екі ауру бір келсе, ажалыңның жеткені.

М

Маскүнем арақтан өледі.

Е

Ескермеген ауру — жаман.

К

Күлкі — денсаулық кепілі.

І

Ішің ауырса, аузыңды тый.

Қорытынды ой

Нашақорлық — шын қорлық. Салауатты өмір салты — әрқайсымыздың саналы таңдауымыз және болашаққа жасаған ең дұрыс қадамымыз.

CRITICAL RABBIT ERROR: stream_socket_client(): Unable to connect to tcp://45.86.81.61:5672 (Connection timed out) #0 /var/www/6_temp_zharar.kz_2/vendor/php-amqplib/php-amqplib/PhpAmqpLib/Connection/AbstractConnection.php(253): PhpAmqpLib\Wire\IO\StreamIO->connect() #1 /var/www/6_temp_zharar.kz_2/vendor/php-amqplib/php-amqplib/PhpAmqpLib/Connection/AbstractConnection.php(720): PhpAmqpLib\Connection\AbstractConnection->connect() #2 /var/www/1_cheetah/corp/RabbitPublisherBig.php(41): PhpAmqpLib\Connection\AbstractConnection->channel() #3 /var/www/1_cheetah/corp/RabbitPublisherBig.php(126): Corp\RabbitPublisherBig::channel() #4 [internal function]: Corp\RabbitPublisherBig::flush() #5 {main}