Ондық бөлшекті натурал санға бөлу

Ұзақ мерзімді жоспар тарауы

5.3В — Ондық бөлшектер және оларға амалдар қолдану (5-сынып).

Сабақтың тақырыбы

Ондық бөлшекті натурал санға бөлу

Сабақтың мақсаты

Ондық бөлшекті натурал санға және ондық бөлшекке бөлуді орындау.

Оқу мақсаттары

  • 5.1.2.30 — ондық бөлшекті натурал санға бөлу.
  • 5.1.2.28 — ондық бөлшекті натурал санға және ондық бөлшекке көбейтуді орындау.

Бағалау критерийлері

Білім алушы:

  • ондық бөлшектермен бөлу амалын орындайды;
  • ондық бөлшектерді 10, 100, 1000 сандарына бөледі;
  • ондық бөлшектерді 0,1; 0,01; 0,001 сандарына бөледі;
  • мәтін есептерде арифметикалық амалдарды қолданып, есеп шығарады.

Дескриптор

  • ондық бөлшекті натурал санға бөледі;
  • ондық бөлшекті ондық бөлшекке бөледі.

Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика

ондық бөлшек, натурал сан, бөлу, бүтін бөлік, қалдық.

Жазылым/диалогқа қажетті тіркестер

  • Ондық бөлшекті натурал санға бөлу үшін, алдымен ...
  • Егер бөлшектің бүтін бөлігі бөлгіштен кем болса, онда ...
  • Бөлу барысында қалдық қалса, ...

Құндылықтарға баулу

Қазақстанның тәуелсіздігі және Астана, зайырлы қоғам және жоғары руханият құндылықтарын қалыптастыру.

Пәнаралық байланыс

Жаратылыстану, информатика.

Алдыңғы білім

Ондық бөлшекті натурал санға көбейту. Ондық бөлшектерді көбейту.

Сабақтың барысы

Сабақтың басы

  1. Ұйымдастыру

    Сәлемдесу: «Сәлеметсіздер ме!»

  2. Психологиялық ахуал

    Әртүрлі тәсілмен бір-бірін қайталамай амандасу.

  3. Ширату жаттығуы

    Суретте көрсетілген сіріңкелердің біреуін қозғау арқылы теңдікті дұрыс қылыңыз: 5 + 1 = 5

  4. Топқа бөлу

    Геометриялық фигуралардың түстері арқылы 4 топқа бөліну: дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш, ромб.

  5. Тақырыпқа шығу (пазл әдісі)

    Әр топқа пазл беріледі. Пазлдағы есептерді шығарып, дұрыс құрастырғаннан кейін, келесі бетінде сабақ тақырыбы шығады.

Пазлға арналған есептер

1-топ

  • 4,23 + 2,34 = 6,57
  • 50 − 8,6 = 41,4
  • 1,5 × 20 = 30
  • 425 ÷ 5 = 85

2-топ

  • 28,88 + 35,8 = 64,68
  • 65,97 − 0,45 = 65,52
  • 0,33 × 40 = 13,2
  • 963 ÷ 3 = 321

3-топ

  • 4,04 + 5,16 = 9,2
  • 37,2 − 6,8 = 30,4
  • 6,304 × 1000 = 6304
  • 1225 ÷ 25 = 49

4-топ

  • 4,3 + 3,5 = 7,8
  • 52,8 − 7,3 = 45,5
  • 0,78 × 18 = 14,04
  • 240 ÷ 16 = 15

Тақырыптың мақсатын анықтау сұрақтары

  1. Біздің басты мақсатымыз қандай?
  2. Шығарылған есептер біздің тақырыппен қалай байланысты?
  3. Бұл тақырыпта қандай әрекеттер орындаймыз?

Сабақтың ортасы: жаңа материал (Jigsaw стратегиясы)

1-қадам — өздігінен оқу және талқылау

  • 1–3-топ: ондық бөлшекті натурал санға бөлу ережесін анықтап, мысал келтіреді.
  • 2–4-топ: ондық бөлшекті 10, 100, 1000, ... разряд бірліктеріне бөлу ережесін қарастырып, мысал келтіреді.

Әр топ постер дайындап, сынып алдында түсіндіреді.

2-қадам — практикалық жұмыс

Тапсырмаларды орындағаннан кейін әр топқа жауап кілті беріледі. Оқушылар дәптерлерімен ауысып, бірін-бірі тексереді.

Сергіту сәті

Қысқа сергіту жаттығуын орындау.

1-тапсырма: есептеңіз (1-топ)

  • 1 26,1 ÷ 3 = 8,7
  • 2 9,5 ÷ 25 = 0,38
  • 3 63,24 ÷ 31 = 2,04
  • 4 7,8 ÷ 3 = 2,6

2-тапсырма: мәтін есептер

1-топ

Тіктөртбұрыштың ені 3,6 см, ал ауданы 20,88 см2. Тіктөртбұрыштың ұзындығын табыңыз.

2-топ

Бумада 1000 парақ бар. Буманың қалыңдығы 20,3 см. Бір парақтың қалыңдығын есептеңіз.

3-топ

Екі бидонға 8,9 л май құйылды. Бірінші бидондағы май екінші бидондағы майдан 2,5 л артық. Екінші бидонға неше литр май құйылған?

4-топ

Саяхатшы екі күнде 27,4 км жүруі керек. Екінші күні ол бірінші күнге қарағанда 2,3 км кем жүрді. Саяхатшы бірінші күні неше километр жүрді?

Қорытынды

Тақырып: ондық бөлшекті натурал санға бөлу. Тапсырмалар арқылы ережені қолдану, есептеу дағдысын бекіту және мәтін есептерді шығару жүзеге асырылады.