Өлеңнің мағынасын балаларға айтқызу

Сабақ туралы мәлімет

Сабақтың тақырыбы

Қатқан нан (2-сынып)

Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Сабақтың әдісі

Сұрақ-жауап

Көрнекіліктер

Суреттер, мақал-мәтелдер, сөзжұмбақ және қосымша тапсырмалар

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушылардың білім алуға деген қызығушылығын арттыру, нақтылыққа үйрету.

Дамытушылық

Шығармашылықпен жұмыс істеуге ықпал ету, ойлау қабілеті мен сөйлеу мәдениетін дамыту.

Тәрбиелік

Туған жерге, елге сүйіспеншілікті арттыру; еңбекті сүюге, нанның қадірін білуге тәрбиелеу.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды сабаққа дайындау, назарын шоғырландыру.

II. Үй тапсырмасын сұрау

«Егінші мен қасқыр» ертегісінің мазмұнын 2–3 оқушыдан сұрау.

Ертегі желісі бойынша шағын көрініс көрсету: 3 оқушыны шығарып, біреуін автор, біреуін егінші, біреуін қасқыр рөліне бөліп сөйлету.

III. Жаңа сабақ: «Қатқан нан»

Жаңа тақырыпқа кіріспе ретінде көрсетілген көрініске сүйене отырып, нанның дастарханға оңайлықпен келмейтінін түсіндіру. Оқушылардан қандай дәнді дақылдарды білетінін сұрау.

Дәнді дақылдар

Бидай Арпа Тары Сұлы Күріш

Торкөздер бойынша осы атауларды жаздыруға болады.

Бидай

Бидай — жер бетіндегі ең кең тараған астық дақылы. Елімізде бидайдың түсі көбіне алтын реңдес болады. Қазір аязға да, ыстыққа да төзімді, сабағы мықты, масағы ірі жаңа сорттар шығарылуда.

Арпа

Арпа — астық тұқымдасына жататын дақыл. Ұнынан нан, дәнінен көже жасалады. Сондай-ақ азық-түлікке және мал азығына пайдаланылады. Арпаның екі түрі бар: жаздық және күздік.

Тары

Тары — астық тұқымдасына жататын біржылдық өсімдік. Ақтөбе, Қызылорда, Орал өңірлерінде өсіріледі. Тарыдан мол өнім алып, дүниежүзілік рекорд жасаған Шығанақ Берсиев туралы да айтуға болады. Қауызынан тазартылып, ақталған тарыны сөк деп атайды.

Сұлы

Сұлы — ауыл шаруашылығында бидай мен қара бидайдан кейінгі маңызды дақылдардың бірі. Сұлы ұнынан шелпек, құймақ, тоқаш пісіреді; кисель және тәтті печенье де жасалады.

Өлең жолдары

Жерден асқан жоқ, тақсыр ұлы,

Жақсылықтың жүз есе жақсылығы.

Түйір дәнге береді тұтас масақ,

Оралады орман боп ақ шыбығы.

Осы жолдар нені меңзейді? Оқушыларға ойлантып, жауап алуға болады.

Өлеңнің мазмұны «Жер Ана» ұғымымен байланысады: жер бізге мол ырыс-несібе береді, сондықтан оны анамыздай қастерлейміз.

«Нан» ұғымын талқылау

Нан —

өмір нәрі

Нан —

ас-су, тағам

Нан —

күш-қуат

Нанды қадірлеу — еңбекті қадірлеу. Сондықтан оны қастерлеуіміз керек.

Нанға қатысты тыйым сөздер

  • Дүкенде нанды қолмен ұстап көріп таңдау — мәдениетсіздік.
  • Нанды таза пакетке сал.
  • Нанды таза тақтайдың үстіне қойып, дұрыс тура.
  • Нанмен ойнауға, лақтыруға болмайды.

Мәтінмен жұмыс

Оқулықтағы «Қатқан нан» тақырыбымен танысамыз. Бұл әңгімені орыстың көрнекті педагог-жазушысы В. А. Сухомлинский жазған. Мәтінді оқып, мазмұнын түсіну, кейін сұрақтарға жауап беру ұйымдастырылады.

Өлең: нан қиқымын қадірлеу

Нан қиқымын шашпаңдар,

Жерде жатса баспаңдар.

Теріп алып қастерлеп,

Торғайларға тастаңдар.

Өлеңнің мағынасын оқушыларға айтқызу: нанды ысырап етпеу, қадірлеу, қиқымын да құрметтеу.

Мақал-мәтелдерді толықтыру

  • Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.
  • Нан болса, ән болады.
  • Арпа, бидай — ас екен, алтын, күміс — тас екен.
  • Кім еңбек етсе, сол тоқ.

Сөзжұмбақ (жауаптарымен)

  1. Қойда бар, лақта жоқ; ойда бар, сайда жоқ. (О)
  2. Мемлекеттік рәміздердің бірі. (Ту)
  3. Ең жақын адам. (Ана)
  4. Қасиетті тағам. (Нан)

Қорытынды

Бүгін біз нанның қасиетін, оның еңбекпен келетінін және қастерлеудің мәнін түсіндік.

Қайталау сұрақтары

  • Бүгін қандай тақырыппен таныстық?
  • «Қатқан нан» әңгімесінің авторы кім?
  • Неліктен үстелге қатқан нан әкелінеді?

Шығармашылық тапсырма

Ұйқас сөздерді пайдаланып, шағын өлең құрастырып көріңдер:

Мен мұғалімді сыйлаймын,

Айтқанын тыңдаймын.

Бәрін ұғып аламын,

Мен ақылды баламын.

Үй тапсырмасы

«Қатқан нан» әңгімесін оқып, мазмұнын айтып беру.