Отбасы мүшелерінің суреттері

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы

Әлеуметтік орта

Бөлімі

Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы

Менің отбасым

Мақсаты

Білімділік

Балаларды өз отбасы, жақсы көретін адамдары туралы айтуға үйрету; олардың жақсылығы мен қайырымдылығы, мәдениеті мен сыпайылығы туралы сөздерді орынды қолдануға баулу.

Дамытушылық

Отбасы мүшелерінің бір-біріне қалай көмектесетіні туралы сұрақтарға жауап беруге ынталандыру; өзге балалардың отбасы жайлы айтқанын тыңдап, түсіне білу дағдысын дамыту.

Тәрбиелік

Отбасы мүшелеріне құрметпен және сыйластықпен қарауға тәрбиелеу.

Дайындық және ресурстар

Алдын ала жүргізілетін жұмыстар

  • «Отбасы» ұғымын түсіндіру.
  • Отбасы мүшелерімен таныстыру.

Әдіс-тәсілдер

  • Түсіндіру
  • Көрсету
  • Ойын

Қажетті құрал-жабдықтар

  • Отбасы мүшелерінің суреттері.
  • Үлкенді құрметтеу, сыйлау туралы суреттер.
  • Қуыршақтар (рольдік ойынға).
  • Дәптер, коллаж жасауға арналған материалдар.

Сөздік жұмыс және билингвальды компонент

Сөздік жұмыс

отбасы, әке, ана

Билингвальды компонент

Отбасы
семья
Әке
папа
Ана
мама

Сабақ барысы

Қызығушылықты ояту кезеңі

Балалар «Жылулық шеңберіне» жиналады. Тәрбиеші балаларды бір-бірімен амандасуға және достық көңіл-күй орнатуға жетелейді.

Өлең жолдары

Ән салуға барамыз,

Досымызды табамыз.

Сәлемет пе, міне, мен!

Доспын енді сенімен.

Сұрақ

Балалар, «отбасы» дегенді қалай түсінесіңдер?

Ұйымдастырушылық-ізденушілік кезең

Әңгімелесу

  • Сұрақ:

    Жылы сөздерді сендерге кімдер айтады?

  • Қорытынды:

    Жылы сөздерді ата-әжелерің, әке-шешелерің және жақындарың айтады.

  • Сұрақ:

    Осы адамдарды бір сөзбен қалай атаймыз?

  • Жетелеу:

    Бүгінгі оқу іс-әрекетінде отбасы туралы әңгімелейміз.

Топтарға бөлу

Балалар екі орталыққа бөлініп жұмыс жасайды. Жұмыс барысында әдепті сөздерді қолдану еске салынады: амандасу, қоштасу, алғыс айту.

1-орталық: Суретпен жұмыс

Отбасы бейнеленген суреттерді қарастырып, өз отбасы мүшелерінің қызметі мен олардың арасындағы қарым-қатынас туралы айтып береді.

2-орталық: Қуыршақпен жұмыс

Қуыршақтарды пайдаланып, отбасы мүшелерін топтастырады және отбасындағы туыстық байланысын анықтап, әңгімелейді.

Сергіту сәті

Иіліп оңға бір, иіліп солға бір,

Жаттығу жасаймын.

Оң аяқ, сол аяқ, оң аяқ, сол аяқ,

Жаттығу оп-оңай-ақ.

Ойын: «Жылулық тілегі»

Ойын шарты

Ойынға қатысушылардың барлығы ата, әже, ана, әке, аға рөлдерін алады. Допты ұстаған бала бала рөлін ойнайды.

Өту барысы

Бала допты лақтырғанда, қағып алған ойыншы допты кері қайтарып, теңеу сөз, жылы сөз, лебіз немесе тілек айтады.

Дәптермен жұмыс

  • Дәптердегі тапсырманы түсіндіру.
  • Ұнаған суреттерді таңдап алып, коллаж құрастыру.

Қорытынды

Қайталау сұрақтары

  • Біз бүгін кімдер туралы білдік?
  • Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті ұнады ма?

Тәрбиеші

Утепова С. А.

Тақырып: «Менің отбасым»