Күміс қақпаны ашу

«Математика – ақыл-ойдың әуені» онкүндігі

Бұл материал «Алтын қақпа» танымдық ойынына арналған. Ойын логикалық ойлау, тіл мәдениеті, ұлттық құндылықтар және математикалық сауаттылықты ұштастыра отырып, оқушылардың білімін шыңдауға бағытталады.

Мақсаты

  • Оқушылардың ой-өрісін кеңейту.
  • Ойлау және танымдық қабілеттерін дамыту.
  • Өз ойын тез тұжырымдап, жылдам әрі дұрыс шешім қабылдауға баулу.
  • Тіл байлығын молайту.
  • Ұжым намысын қорғауға, ізденімпаздық пен тапқырлыққа тәрбиелеу.
  • Пәнге қызығушылығын арттыру.

Жоспары

1) Тас қақпа

Алғашқы негізгі кезең. Жылдамдық пен дәлдік сыналады.

2) Күміс қақпа

Қиындығы арта түсетін тапсырмалар кезеңі.

3) Алтын қақпа

Тарихи-танымдық мазмұны бар білім тексеру.

4) Алтын сандық

Қорытынды логикалық тапсырма және сыйлыққа жол.

Ойынның барысы

Қош келдіңіздер!

Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! «Алтын қақпа» танымдық ойынына қош келдіңіздер!

Ойын шарты

Ойын іріктеу кезеңінен және негізгі үш кезеңнен тұрады. Әр кезеңнің өз тапсырмасы бар. Тапсырмалар түрлі бағытты қамтиды: логикалық есептер, салт-дәстүр, мақал-мәтелдер және математикалық ұғымдар.

Өту тәртібі

1-кезең

Дұрыс жауап → Тас қақпа ашылады

2-кезең

Дұрыс жауап → Күміс қақпа ашылады

3-кезең

Дұрыс жауап → Алтын қақпа ашылады

Алтын қақпа ашылғаннан кейін көмбеде «Алтын сандық» орналасқан. Оның да өз тапсырмасы бар.

Іріктеу кезеңі

Бұл кезеңге барлық оқушы қатыса алады. Әр тапсырма бойынша ең алдымен дұрыс жауап берген 3 оқушы негізгі ойынға жолдама алады.

1) «Сандар сыры»

Төмендегі ұғымдардың мәнін дұрыс атаңыз:

  • Үш дана
  • Үш байлық
  • Үш жұрт
  • Үш арсыз
  • Бес асыл
  • Бес дұшпан
  • Бес қару
  • Жеті қазына
  • Жеті ата
  • Жеті жоқ

2) «Сиқырлы шаршы»

Шаршы ішіндегі әріптерден математикалық мағынасы бар сөздерді табыңыз. Оқу бағыттары: оңнан солға, солдан оңға, төменнен жоғары және жоғарыдан төмен. Бір әріп бірнеше рет қолданылуы мүмкін.

ИЦҮШБӨОАРЫКЛ
НБҰПЕШАЫЖАЙН
ЛТҮЗЫҚ БӨЛУСО

3) «С» әрпі

«С» әрпінен басталатын 7 математикалық сөз атаңыз.

Ескерту: жылдам жауап — шешуші фактор.

Қорытынды

Іріктеу кезеңі аяқталды. Бүгінгі «Алтын қақпа» танымдық ойынына іріктеуден өткен 9 оқушы қатысады. Ойыншыларды алғашқы жетістігімен құттықтап, сәттілік тілейміз!

Тас қақпа

Бұл кезеңде берілген тапсырмаларға ең алдымен дұрыс жауап берген 2 ойыншы Күміс қақпаға өтеді.

1-тапсырма

  • Жаңбыр екі күн қатар жауа ала ма?
  • Цифрларының барлығы әртүрлі болатын ең кіші он таңбалы санды жазыңыз.

2-тапсырма (мақал-мәтелді жалғастыр)

  • Тіл тас жарады …
  • Ерді намыс өлтіреді …
  • Басқа елде сұлтан болғанша …
  • Ақылсыз сұрақ беріп …
  • Жігітке жеті өнер де аз, …
  • Айдағаны бес ешкі, …
  • Жұт жеті …
  • Екі қолға …

3-тапсырма («П» әрпі)

«П» әрпінен басталатын 7 математикалық сөз атаңыз.

Тас қақпа ашылды. Күміс қақпаға 6 ойыншы өтті. Құттықтаймыз!

Күміс қақпа

Бұл кезеңде әр тапсырма бойынша ең алдымен дұрыс жауап берген 1 ойыншы Алтын қақпаға өтеді.

1-тапсырма

Төмендегі есепті шығарып, 2030 жылдың 1 қаңтары аптаның қай күні екенін анықтаңыз.

2-тапсырма

Екі санның қосындысы 495-ке тең. Сандардың біреуі нөлмен аяқталады. Егер сол нөлді сызып тастаса, екінші сан шығады. Осы сандарды табыңыз.

3-тапсырма

«Сиқырын тап» логикалық тапсырмасы.

Күміс қақпа ашылды. Алтын қақпаға 3 ойыншы өтті. Құттықтаймыз!

Алтын қақпа

Бұл кезеңде ғалымдардың өмір сүрген жылдарын рим цифрларынан араб цифрларына айналдырып жазыңыз. Ең алдымен дұрыс орындаған 1 ойыншы — ойын жеңімпазы.

Тапсырма

  1. Академик, физика-математика ғылымдарының докторы Орынбек Ахметұлы Жәутіков MCMXI жылы туып, MCMLXXXIX жылы қайтыс болды.
  2. Математик, профессор Асқар Закарияұлы Закарин MCMVIII – MCMLXXXIX жылдары өмір сүрген.
  3. Математик, профессор Төлеубай Ыдырысұлы Аманов MCMXXIII – MCMLXXVIII жылдары өмір сүрген.
  4. Математик, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Базарбай Мәмбетұлы Оразбаев MCMXII – MCMLXXXI жылдары өмір сүрген.
  5. Математик, профессор Мыңбай Өтежанұлы Ысқақов MCMXXI – MCMLXXXIII жылдары өмір сүрген.

Алтын қақпа ашылды. Бүгінгі «Алтын қақпа» танымдық ойынының жеңімпазын құттықтаймыз!

Алтын сандық

Тапсырма

Он дөңгелек суреттегідей төмен қараған үшбұрыш түрінде орналасқан. Үш дөңгелекті қозғап, үшбұрышты жоғары қаратып орналастыру керек.

Нәтиже

Алтын сандық ашылды. Ішіндегі сыйлық жеңімпазға арналған. Жеңісіңізбен құттықтаймыз!

Қорытынды сөз

Көмбеге жетіп, «Алтын сандықтың» тапсырмаларын да орындадық. Бұл ойын қатысушылардың жан-жақты, алғыр әрі тапқыр екенін көрсетті. Алдағы білім бәйгелерінде де жоғары нәтиже күтеміз.

«Алтын қақпа» танымдық ойынына шабытпен қатысып, сұрақтарға нақты жауап бергендеріңіз үшін көп рақмет! Келесі ойында кездескенше, сау-саламат болыңыздар!