Оқушыларды оқушы ережесіне сай отырғызу
Сабақтың мақсаты
- Өтілген дыбыстар мен әріптерді меңгеру деңгейін анықтау.
- Жазу дағдыларының қалыптасу барысын бақылау және бағдарлау.
- Ақпараттық технологиялармен жұмыс арқылы оқушының өзіндік қабілетін дамыту, шығармашылыққа баулу.
- Коммуникативтік құзыреттілікті арттыру және рухани-адамгершілік құндылықтарға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі
«Балапан» телебағдарламасы форматындағы қайталау сабағы.
Сабақтың әдісі
Интерактивті жұмыс, ойын және сұрақ-жауап тәсілдері.
Көрнекіліктер
Суреттер файлы, кеспе әріптер, дидактикалық материалдар.
Қолданылған технологиялар
СТО, ақпараттық технологиялар, ойын технологиялары.
Сабақтың барысы
I. Қызығушылықты ояту кезеңі
- Қонақтарды қарсы алу.
- Оқушыларды оқушы ережесіне сай отырғызу.
- Құрал-жабдықтарды түгендеу.
Бүгін сыныбымызға мұғалімдер қонаққа келді. Олар сендердің осы уақытқа дейін алған білімдеріңді бақылап көреді. Сондықтан бар білгенімізді ортаға салып, белсенді жұмыс жасайық.
«Шаттық шеңбері»: ортаға шығып, бір-бірімізге жақсы көңіл күй сыйлайық.
Әңгімелесу:
- Қазақстан телеарнасынан балаларға арналған арнайы арна ашылды. Оның атауы қандай?
- «Балапан» арнасында қандай бағдарламалар бар? (Әліппе, Алақай, балақай, Шеберхана, Кел ойнайық, Ән салайық, Ғажайыпстанға саяхат, Айжұлдыз және т.б.)
- Осы арнаның жетекшілерінің бірі — мектебіміздің түлегі, ауылымыздың тумасы Ж. Шәмел апай.
Бүгін біз «Балапан» арнасының бағдарламалары арқылы Әліппеден алған білімімізді қайталаймыз.
II. Мағынаны тану кезеңі
«Кел, ойнайық»: өткен әріптер арқылы тілек айту.
- А — Ата сөзі алтын сөз, ойға тоқы парқын сез!
- Б — Бейбітшілік заман болсын!
- Т — Туған елдің ұлы бол!
- Н — Нан көп болсын!
- О — Отанымыз аман болсын!
- Ғ — Ғалым бол!
- Р — Рақымды бол!
- Ж — Жеміс-жидек мол болсын!
- Д — Дастарқаның мол болсын!
- М — Мейірімді бол!
- Қ — Қамбаларың дәнге толсын!
- С — Сүйкімді де әдепті бол!
- Ш — Шаршамай білім ал!
Хормен:
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де,
Қуанайық, достарым,
Арайлап атқан күнге!
Мұғалімнің сауалдары
- Дыбыс деген не?
- Әріп деген не?
- Дыбыстар нешеге бөлінеді?
- Дауысты дыбыс деген не?
- Дауыссыз дыбыс деген не?
«Үндемес» ойыны
Оқушылар буындар мен сөздерді іштей оқиды.
Кеспе әріппен жұмыс
3 оқушы тақтада мына сөздерді құрастырады: сағат, жұмбақ, қошақан.
- Сөздерді буынға бөлу.
- Дыбыстық талдау жасау.
Интерактивті тақтамен жұмыс
3 оқушы сөйлем жазады:
- Сұлтан — жақсы оқушы.
- Құстар пайдалы.
- Балға — сайман.
Венн диаграммасы арқылы дыбыстарды топтастыру.
III. «Алақай, балақай» спорттық бағдарламасы
Сергіту сәті: «Қара жорға» биінен үзінді орындау.
IV. «Әліппе» — білімпаздар әлемі
Сыныпта қанша оқушы болса, тақтадан сонша «Әліппе» оқулығының беті ашылады. Оқушылар кезекпен келіп, жылдам әрі анық дауыстап оқиды.
Іштей оқуға арналған әріптер қатары:
Оо — Ңң Ыы — Ұұ Шш — Мм Оо — Ққ Дд — Сс Бб — Жж
V. Дәптермен жұмыс
Көру диктанты
Тоқтар аға — ұшқыш.
Талаптыға нұр жауар.
VI. Ойтолғау
I топ
Тапсырма мұғалімнің жоспарына сай орындалады.
II топ
Тапсырма мұғалімнің жоспарына сай орындалады.
«Шеберхана» және «Ән салайық» бағдарламалары
- Әр оқушыға ермексаз, түрлі түсті қағаз және желім таратылады. «Күз» тақырыбы бойынша жұмыс орындалады.
- Қабілеті ерекше оқушы Сұлтанбек тақтада сурет салады.
- «Әліппе» өлеңінің 1–2 шумағын жаттап, әуенімен орындау.
Қорытынды: Бүгін біз қандай бағдарламаларға қатыстық? «Қайталау — білімнің анасы» деген сөз бар. Өткенді жиі қайталау — білімді бекітудің ең тиімді жолы.
Кері байланыс сұрақтары
- Сабақ ұнады ма?
- Несімен ұнады?
VII. Үй тапсырмасы
Үй тапсырмасы мұғалімнің нұсқауы бойынша беріледі.
VIII. Мадақтау
Сабаққа белсенді қатысқан оқушылар мадақталады. Қорытынды бөлімде «Ғажайыпстанға саяхат» бағдарламасы аясында шағын саяхат идеясы ұсынылады.
Сабақ өткен орын:
Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Нұркен ауылы.
Бастауыш сынып мұғалімі:
Нұрмағанбет Жібек Серікқызы