Кәдімгі түн
Кіріспе
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы №9 «Балауса» балабақшасының тәрбиешісі Алпысбаева Күміскүл Әбдіғаниқызы. Мектепалды даярлық тобы.
Армысыздар, құрметті ата-аналар мен әріптестер! Бүкіл қазақ елі атап өтіп жатқан Тәуелсіздігіміздің 20 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз!
«Егеменді елім — менің» атты мерекелік іс-шарамызға қош келдіңіздер! Бүгінгі ертеңгілігімізді ашу үшін сөзді балабақша меңгерушісі Ұ. Аширбековаға береміз.
Жүргізуші сөзі
Ғасырлар бойы азаттықты аңсаған ата-бабаларымыздың тағдыры ауыр болды. Олар талай зорлық-зомбылықты, алапат қырғынды бастан кешіріп, іргелі ел болуды армандады. Бүгінде біз тәуелсіз ел атанып, көк туымызды биікке көтердік.
Тәуелсіз Қазақстан өз тарихи таңдауын жасап, Н. Ә. Назарбаев еліміздің тұңғыш Президенті болып сайланды.
Өлең жолдары
Елбасына айналып шықтың қайта төр басына сайланып,
Тәуекел деп абыройға сүйенген — қазағыма жетер қай халық?
Көре алмайтын дұшпандарым күйінсін,
Ардақтаған адал достар сүйсінсін.
Тұғырыңа қайта қонды елбасым,
Желбіретіп Тәуелсіздік жалауын.
Көрініс: «Желтоқсан жаңғырығы»
Түн. Кәдімгі түн. Миллиондаған түндердің бірі. Бірақ бұл — ерекше түн еді. Сол бір күндері қала көшелерінен ұсталған жастарды ұрып-соғып, өлімші халге жеткізген оқиғалар орын алды. Азаттық жолында күрескен жастарды арашалауға ұмтылғандардың арасында Қайрат Рысқұлбеков те бар еді.
Диалог
Тергеуші (Бейбарыс)
— Кіріңіздер!
— Рысқұлбеков, ойланып келдің бе?
— Савицкийді өлтірген сен бе?
— Жоқ, мен емес.
— Сен өлтіргенсің.
— Жоқ, мен емес.
— Мойныңа ал!
— Мен өлтірген жоқпын.
— Әй, ақымақ! Атыңдар! Көзін құртыңдар!
Қайрат (Нұрдәулет)
Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар.
Еркек тоқты — құрбандық,
Атамын десең, атыңдар!
Тергеуші
— Алып кетіңдер! Бәрібір құтылмайсың, бұзақы!
Ербол (Дамир)
Енді бұғаудан босатыңдар!
Сәбира (Қ. Мерей)
Әділдік жоқ маңайда, тұман басты бұл елді.
Ләззат (Назым)
Біз қазақпыз — өмір керек азапсыз. Ел боламыз егемен, сонда ғана азатпыз.
Тарихи еске алу
Қазақстанда тәуелсіздік үшін жастар қозғалысы 1986 жылғы 17 желтоқсанда өрбіді. Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Сәбира Мұхамеджанова, Ләззат Асанова сынды қаһармандардың ерлігі — ел азаттығы жолындағы қайсарлықтың айқын белгісі.
Бүгінде «Мен — қазақпын!» деп еркін айтуға мүмкіндік берген Тәуелсіздігімізге 20 жыл толды.
Желтоқсан туралы жыр
Нұрсәуле
Жас арудың жанарында — Желтоқсан,
Қанды ғасыр табанында — Желтоқсан.
Қаралы өмір қайыстырған — Желтоқсан,
Қара тұман қабағында — Желтоқсан.
Ақнұр
Жауыздықты жасқаған да — Желтоқсан,
Жаңа ғұмыр бастаған да — Желтоқсан.
Жазықсыздың көз жасына жуынып,
Абақтыға тастаған да — Желтоқсан.
Аяжан
Толтырған гүлге даланы,
Жайнатқан ауыл, қаланы.
Ардақты атамекенім,
Отаным — Қазақстан!
Тәуелсіздік — жүректегі ән
Бейбарыс
Биік болсын шоқтығың,
Атыңды айтам ән қылып.
Желбірейді көк туың,
Төбемізде мәңгілік.
Гүлсая
Сарқылмайтын қуатым,
Тірегімсің, Қазақстан.
Мәңгі соғып тұратын,
Жүрегімсің — Қазақстан.
Ж. Мерей
Көк туымды қолыма
Бүгін берік ұстадым.
Түсті бақыт жолына
Менің Қазақстаным.
Назым
Желбірейді көк туым,
Түсіндей боп көгімнің.
Мерекелік бақ гүлі,
Егеменді елім — менің!
Динара
Көк байрақ, көк аспан,
Алтын күн, нұр шашқан —
Әлемге танылған,
Тәуелсіз Қазақстан!
Қ. Мерей
Бабамның да арманы — осы еді ғой аңсаған.
Тәуелсіздік таңдары — бақ береді баршаға.
Би және хор бағдарламасы
- «Айгөлек» биі — Ақнұр, Бейбарыс, Мерей, Назым
- Қазақ биі — Ақнұр, Назым
- Үнді биі — Нұрила
- «Ертегілер» биі — Назым, Дильназ, Ақнұр, Мерей
- Хор: «Бейбітшілік сақталады»
Қорытынды
Құрметті қонақтар! Мыңдаған жылдық тарихы бар Қазақстан тәуелсіздігін алып, бүгінде әлемге танылды. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы — бай әрі бақытты ел. Осындай мемлекетте өмір сүріп жатқан біз де бақыттымыз.
Ендеше, Тәуелсіздігіміздің мерейі үстем болып, бақыты баянды түрде жалғаса берсін! Осы тілектермен бүгінгі мерекелік бағдарламамызды аяқтаймыз.