Дүрбінің суреті Палатканың суреті сумканың суреті
Сабақтың тақырыбы: Түбір мен қосымша
Сабақтың мақсаты
- Білімділік: сөз құрамы туралы білімдерін кеңейту; туынды сөз және түбірлес сөздер бойынша білімдерін бекіту.
- Дамытушылық: танымдық және шығармашылық қабілетін арттыру; ой белсенділігін күшейту; тілін дамыту.
- Тәрбиелік: тапқырлық пен ізденімпаздықты қалыптастыру; табиғатты сүюге тәрбиелеу; мамандыққа баулу.
Сабақ форматы
- Сабақтың түрі
- Саяхат-сабақ
- Сабақтың әдісі
- Көрнекілік, интерактивті тақта, суреттер
- Сабақтың формасы
- Топпен, ұжыммен жұмыс
- Пәнаралық байланыс
- Дүниетану
Оқу барысының логикасы
Сабақ «саяхат» үлгісінде өтеді: әр кедергінің өз тапсырмасы бар. Тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар кедергіден өтіп, білімін жүйелейді.
Кілт ұғымдар
І. Ұйымдастыру кезеңі: психологиялық дайындық
Сұрақ-жауап арқылы көңіл күй орнату
-
Екі қолың не үшін қажет?
Елге көмек беру үшін.
-
Екі көзің не үшін қажет?
Жақсыларды көру үшін.
-
Екі құлағың не үшін қажет?
Ақыл-кеңес тыңдау үшін.
-
Екі аяғың не үшін қажет?
Туған жерге жету үшін.
Саяхаттың шарты
Мұғалім оқушыларға денсаулық тілеп, бүгінгі сабақта туған жерге «саяхат» жасайтынын хабарлайды. Саяхат барысында бірнеше кедергіден өтеміз, әр кедергіде арнайы тапсырма бар. Тапсырманы орындасақ, кедергіден өтеміз.
Назар
Әр тапсырма — өткенді еске түсіру, жаңа білімді бекіту және топпен жұмыс дағдыларын дамытуға бағытталған.
ІІ. Өткенді пысықтау: жолға қажет құрал-жабдық
Оқушылар «саяхатқа шығу үшін не қажет?» деген сұраққа жауап бере отырып, суреттердің артындағы сұрақтарды орындайды. Дұрыс жауап — жолға қажет құрал-жабдықты «алады» және негізгі ұғымдарды қайталайды.
1) Түбір
ДүрбіТүбір дегеніміз не?
2) Қосымша
ПалаткаҚосымша дегеніміз не?
3) Жұрнақ
СөмкеЖұрнақ дегеніміз не?
4) Жалғау
КомпасЖалғау дегеніміз не?
5) Түбірлес сөздер
ҚазанТүбірлес сөз және түбірлес сөздер дегеніміз не?
ІІІ. Негізгі бөлім: кедергілер арқылы бекіту
Өзен кедергісі
ТапсырмаӨлеңмен жұмыс
Өлеңді оқып, көшіріп жазыңдар. Қарамен берілген сөздердің түбірі мен қосымшасын ажыратып, сызба арқылы белгілеңдер.
Бақыт деген не?
Құрылысшы: Халыққа жылы үй салу!
Отыншы: Үйлердің отын жағу!
Дәрігер: Жұрт денсаулығын сақтау!
Аспазшы: Дәмді етіп тамақ баптау!
Ұстаз: Балаға тәлім беру!
Шәкірт: Білімнің дәнін теру!
Сұрақ
Өлеңде қандай мамандық иелері аталған?
Тапсырма
Мамандықтарды атап шығыңдар.
Орман кедергісі
252-жаттығуТөмендегі жұрнақтарды сөздерге жалғап, жаңа сөз жасаңдар:
Сергіту сәті
Балалар, біз қазір орманның ішінде жүрміз. Ағаштары биік екен, діңдері үлкен екен. Желі оңынан да соғады, Солынан да соғады. Қоян қорқып тығылса, Құстар шулап ұшады. Тыныш, тыныш... Аю ұйықтап жатқанда, Тынышталып қаламыз, Орнымызға қонамыз.
Тау кедергісі
254-жаттығуТүбірлес сөздерді тауып, түбірін сызықша арқылы бөліп жазыңдар:
Ойыншы, жұмыскер, басшы, балақан, ойна, жұмысшы, балақай, ойыншық, бастық, балалық, басқар.
1-қатар
Сөз түбірін тауып, тиісті белгімен көрсетіңдер:
кезекші, сызғыш, үйректер, оқыды, биле, көкшіл, айдай, жібектей.
2-қатар
Сөздерге жалғанған қосымшаларды тауып, тиісті белгімен көрсетіңдер:
орындық, теңізші, үлкендік, етікші, қобызшы, ойыншық.
3-қатар
Түбір сөзге тиісті жалғауды жалғап жазыңдар:
Ана — -дің
Наурыз — -пен
Марат — -дан
Аспан — -дың
Шөл — -нан
Талқылау
Әр топтан бір оқушы тапсырманың орындалу барысын түсіндіреді.
Қорытынды: Венн диаграммасы және эссе
Венн диаграммасы
Бүгінгі сабақты қорытындылау үшін «жұрнақ» пен «жалғау» ұғымдарын салыстырып, Венн диаграммасына орналастырамыз.
Эссе жазу
Түбір мен қосымша тақырыбын қаншалықты меңгергенімізді эссе арқылы көрсетеміз.
1-қатар
«Мен түбірмін»
2-қатар
«Мен жұрнақпын»
3-қатар
«Мен жалғаумын»
Бағалау
Әр қатардан екі эссе оқылады. Сабаққа белсенді қатысқан оқушылар бағаланады.
Үй тапсырмасы
Үй тапсырмасы мұғалімнің нұсқауына сәйкес беріледі.