Армысың әлем

Сабақ тақырыбы

Негізгі және туынды етістік

Сабақ түрі

Қайталау сабағы

Пәнаралық байланыс

Әдебиеттік оқу

Сабақ мақсаты

Білімділік

Оқушылардың алдыңғы сабақтарда алған негізгі және туынды етістік туралы білімін пысықтау.

Тәрбиелік

Оқушыларды ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа және адамгершілікке тәрбиелеу.

Дамытушылық

Оқушының сөйлеу тілін дамыту, өз ойын еркін жеткізуге, өз бетінше жұмыс жасауға және шығармашылық қабілетін дамытуға ықпал ету.

Әдіс-тәсілдер мен көрнекіліктер

Қолданылатын әдістер

  • Сұрақ-жауап
  • Топпен жұмыс
  • СТО стратегиялары

Көрнекіліктер

  • Жұмыс алгоритмі
  • Шаршы
  • Семантикалық карта
  • Тапсырмалар

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу.

Көңіл күйді көтеру

Кәне, балалар, көңіл күйімізді көтеріп алайық:

  • Армысың, алтын күн!
  • Армысың, жарық күн!
  • Армысың, әлем!
  • Армысың, абзал адам!
  • Армысың, менің досым!

II. Өткен сабақты қайталау

«Кубизм» әдісі бойынша әр топқа етістікке байланысты сұрақтар беріледі:

  1. 1 Етістік дегеніміз не?
  2. 2 Етістік сөйлемде қандай қызмет атқарады?
  3. 3 Дара және күрделі етістік дегеніміз не?
  4. 4 Негізгі және туынды етістік дегеніміз не?

III. Жаңа сабақ

Бүгін біз негізгі және туынды етістік тақырыбын жалғастырамыз.

Ендеше, сабағымыздың мақсаты қандай болмақ?

1) Оқулықпен жұмыс

I топ — 1-жаттығу

Туынды етістіктер:

әңгімелес өрнекте ұсақта шаңдат достас

Туынды етістіктерді сөз құрамына талдаңдар.

Негізгі етістіктер:

кел жаз оқы ер

II топ — 2-жаттығу

Мәтіндегі туынды етістіктерді тауып, астын сызыңдар:

Апам демалыс күні бөлмелерді ақтады.

Мұғалім оқушылармен достық туралы пікірлесті.

Асқар таңертең жүгіруге әдеттенді.

Марат көрші баламен достасты.

Цирктегі үйретуші қонжықтарды билеттi.

III топ — 3-жаттығу

Берілген сөздер:

биікте іріле бұрғыла сұлула қызықта сүргіле қабылда жөнде

Өзің қалаған 2–3 туынды етістікті қатыстырып, сөйлем құрастырып жазыңдар.

IV топ — Қосымша материал

Берілген сөздерге жұрнақ жалғап, туынды етістік жасап жазыңдар:

достас үтікте жаңала тазала амандас көмектес