Қанекей сақшыларым дайындалаыңдар
Мақсаты
- Кит туралы түсінік қалыптастыру.
- Бояуды дұрыс таңдауға және дәстүрден тыс әдіс-тәсілдерді қолдана отырып китті бейнелеуге үйрету.
- Қоршаған ортаны қорғауға, табиғатқа қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Бұл ұйымдастырылған оқу қызметі теңіз тақырыбына құрылған ойын, бақылау және шығармашылық жұмысты бір арнаға біріктіреді. Сабақ барысында балалар «теңіз саяхатына» шығып, қауіпсіздік құралдарын еске түсіреді, тыныс алу мен сергіту жаттығуларын орындайды, теңіз мекендеушілері туралы ой бөліседі және ең үлкен теңіз жануары — киттің бейнесін қағаз бетіне түсіреді.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Балалар әуенмен топқа кіреді. Топ бөлмесі теңіз кейпінде безендірілген.
Тәрбиеші
«Балалар, бүгін бізге қонақтар келіпті. Келген қонақтармен амандасайық».
Балалар
Барлығы бірге амандасады.
Тәрбиеші
«Балалар, мен сіздерге бір ұсыныс жасағым келеді. Келісесіздер ме?»
Балалар: «Иә!»
Тәрбиеші
«Ендеше бүгін теңізге саяхат жасайық. Ол үшін бізге кімнің көмегі керек?»
Балалар: «Капитанның!»
«Капитан қандай болуы керек?» — «Батыл әрі күшті болуы керек».
«Олай болса, мен өзім капитан болайын. Теңізге шығу үшін кез келген жағдайға дайын болуымыз керек».
2) Саяхатқа дайындық: қауіпсіздік және құрал-жабдық
Құтқарушы жилет
Суда қауіпсіздікті сақтау үшін.
Құтқарушы шеңбер
Батып кетпеу үшін қажет.
Теңіз бауы
Қолдың ептілігі мен күшін дамытуға арналған.
Тәрбиеші: «Құтқарушы шеңберіміз қайда?»
Ойын: «4 санының көршісін тап»
Балалар тапсырманы орындайды. Тәрбиеші: «Жарайсыңдар, сақшыларым!»
Қолды жаттықтыру: теңіз бауын байлау
Тәрбиеші теңіз бауын байлауды көрсетеді, балалар қайталайды. Қолды дайындаған соң «желкенді көтеріп», теңізге аттанады.
3) Тыныс алу жаттығуы және бақылау
Тәрбиеші: «Сиқырлы дүрбімізді алып, теңізді бақылап көрейік. Теңіздің астында түрлі мекендеушілер өмір сүреді».
Сұрақтар
- Ең кішкентай теңіз мекендеушісі қайсы?
- Ең үлкені қайсы деп ойлайсыңдар?
- Олар немен қоректенеді?
- Құрлықта өмір сүре ала ма?
Қорытынды түсіндіру
Теңіз жануарлары мұхитта, яғни суда өмір сүруге бейімделген, сондықтан құрлықта өмір сүре алмайды. Олар теңіз шөптерімен және өздерінен кіші теңіз мекендеушілерімен қоректенеді.
4) «Аралға түсу»: сергіту сәті
Тәрбиеші: «Балалар, арал көрініп тұр. Орнымыздан тұрып, аралға түсіп бақылау жасайық».
Сергіту жаттығуы
Ал, балалар, тұрайық,
Мойнымызды бұрайық,
Қолымызды созайық,
Су ішінде қалықтап,
Қане, жүзіп алайық.
Оңға бір, солға бір қарап,
Денемізді бұрайық.
Ойын: «Ойлан, тап»
Балалар тапсырма арқылы зейінін шоғырландырады.
5) Шығармашылық бөлім: «Китті мұхитқа орналастырайық»
Тәрбиеші айналаны қарап: «Балалар, мына жерде бір нәрсе жатқан сияқты. Қарап көрейін», — деп сандықтан түрлі тапсырмалар мен түрлі түсті сымдарды табады.
«Осы бейнені қағаз бетіне түсіріп көрсек қайтеді? Су мекендеушілерінің ең үлкені — кит. Бұл теңіз китке таршылық етеді, сондықтан оны мұхитқа орналастырайық».
Нәтиже
Балалар киттің бейнесін қағазға түсіреді. Тәрбиеші: «Жарайсыңдар! Енді китімізге жайлы болған сияқты. Ол мұхитта еркін жүзсін».
6) Қорытынды және кері байланыс
Тәрбиеші: «Балалар, сандықтан түрлі тапсырмалар шыққаны есіңде ме? Қане, сол тапсырмаларды орындайық».
Осы сәтте қатты толқынның дыбысы естіледі. Тәрбиеші: «Жел көтеріліп кетпей тұрғанда балабақшаға қайтайық. Дайындалыңдар!»
Қайту сәті (өлең жолдары)
Мұхитқа келіп,
Көп нәрсе көрдік.
Балық, шаян, китпенен
Достасып та үлгердік.
Сұрақтар арқылы бекіту
- Бүгінгі саяхат ұнады ма?
- Қандай теңіз мекендеушілерімен таныстық?
- Қағаз бетіне ненің бейнесін түсірдік?
Тәрбиеші: «Балалар, тауып алған сандықтың түбінде тағы бір нәрсе бар сияқты. Енді топқа барып, асықпай қайта қарайық».
Оқу қызметі аяқталды
Қонақтармен қоштасу: «Сау болыңыздар!»