Топ басшысы топты бағалау

Сабақтың тақырыбы

Компьютерлік графика түрлері.

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушыларды компьютерлік графика түрлерімен тереңірек таныстырып, олардың бір-бірінен айырмашылықтарын түсіндіру.

Дамытушылық

Компьютерлік графиканы қолдану жолдарын меңгерту, тәжірибелік дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік

Эстетикалық талғамды қалыптастыру, дизайнерлік мамандыққа қызығушылық ояту.

Көрнекілік пен құралдар

Сабақтың көрнекілігі

  • Paint, Word, CorelDRAW, Adobe Photoshop
  • PowerPoint-тағы «ХХІ – ғасыр көшбасшысы» презентациясының терезелері
  • Мультимедиялық фильм

Техникалық құралдар

  • Проектор
  • Сканер
  • Фотоаппарат
  • Интерактивті тақта

Әдісі, түрі және пәнаралық байланыс

Сабақтың әдісі

Жаңа ақпараттық технологияларды және мультимедиялық оқыту бағдарламаларын пайдалану; топтық және жұптық жұмыс.

Сабақтың түрі

Презентациялық жарыс сабақ; практикум элементтері арқылы демонстрациялау («ХХІ – ғасыр көшбасшысы»).

Пәнаралық байланыс

Математика, бейнелеу өнері, физика.

Күтілетін нәтижелер

  • Компьютерлік графика туралы түсінік қалыптастырады.
  • Пиксель ұғымымен танысады.
  • Графика түрлерін біледі және кескін сипатына қарай ажырата алады.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру

Топқа бөлу: векторлық графика, растрлық графика, 3D

Мұғалімнің әрекеті

  • Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, сабаққа сәттілік тілеу.
  • Әртүрлі суреттер арқылы сыныпты топтарға бөлу.

Оқушылардың әрекеті

Оқушылар себеттен таңдап алған суреттеріне сәйкес топтарға бөлінеді: I топ — векторлық, II топ — растрлық (қажет болған жағдайда 3D тобы қосылады).

Ресурстар

  • Оқулық
  • Стикер
  • Маркер
  • Үлестірмелі парақшалар

II. Мағынаны тану

Компьютерлік графика тақырыбын топтама (кластер) арқылы талқылау және мәтінмен жұмыс.

Қалыптасатын дағдылар

  • Ақпаратты қысқа әрі нақты жазбаша тұжырымдау.
  • Бұрынғы білімді жаңа біліммен байланыстыру.
  • Ұсынылған ақпаратты сыни тұрғыдан бағалау.
  • Қарым-қатынас және пікір алмасу мәдениетін дамыту.
  • Ақпаратты өз бетінше түсіну процесін басқару.
  • Сұрақ қою, белгілеу, тұжырымдау дағдыларын жетілдіру.
  • Бағдарламамен өз бетінше жұмыс жасау қабілетін дамыту.

Жүзеге асыру қадамдары (БҮҮ)

  1. 1. Тақтаға және дәптерге БҮҮ кестесін сызу: «Білемін — Білгім келеді — Үйрендім».
  2. 2. Алғашқы екі бағанды бірлесіп толтыру. Талқылауға арналған сұрақтар:
    • «Компьютерлік графика» ұғымын қалай түсінесіз?
    • Қандай мысалдар келтіре аласыз?
    • 3D фильмдерді көрдіңіз бе? Қандай әсер алдыңыз?
    • Растрлық және векторлық графиканың айырмашылығы неде?
    • Осы тақырып бойынша тағы нені білгіңіз келеді?
  3. 3. Мәтінді оқу: таныс және жаңа ұғымдарды анықтау (терминологиялық сөздік).
  4. 4. Жаңа білімге сүйеніп, кестенің соңғы бағанын («Үйрендім») толтыру.
  5. 5. «Білгім келеді» бағанындағы сұрақтарға табылған жауаптарды топ ішінде талқылау.

III. «ХХІ – ғасыр көшбасшысы» жарыс сабағы

Компьютерлік презентациялық жұмыс

Оқушылар қаріпті өзгертуге арналған тіркеме парағын қолдана отырып, сондай-ақ тақта батырмаларының қызметіне толық сипаттама береді.

IV. Сергіту сәті

Көңілді сергіту сәтіне арналған қысқа видеоролик көрсетіледі.

V. Компьютердегі тәжірибелік жұмыс

«Өзіңді тексер!» бөлімінде тест сұрақтарына жауап беріледі.

  1. 1. Векторлық графиканың негізгі элементтері қандай?
  2. 2. Векторлық типтегі кескіндер қандай графикалық редакторларда өңделеді?
  3. 3. Векторлық графиканың артықшылықтары қандай?
  4. 4. Векторлық графиканың кемшіліктері қандай?
  5. 5. Растрлық графиканың негізгі элементі қандай?
  6. 6. Растрлық типтегі кескіндер қандай графикалық редакторларда өңделеді?
  7. 7. Растрлық графиканың артықшылықтары қандай?
  8. 8. Растрлық графиканың кемшіліктері қандай?
  9. 9. CorelDRAW бағдарламасының көмегімен нені жасауға болады?
  10. 10. Бағдарламадағы объект деген не? Онымен қандай әрекеттер орындауға болады?
  11. 11. CorelDRAW бағдарламасында мәтін (жазу) құралдарын қолдану жолдарын түсіндіріңіз.

VI. Бекіту және бағалау

Бекіту

Өткен тақырып бойынша негізгі ұғымдар мен айырмашылықтар қайта пысықталады.

Бағалау

Топ басшысы топ мүшелерінің жұмысын бағалайды; нәтижелер талқыланады.

VII. Үй тапсырмасы

§8. Графикалық режим.

Қорытынды

Сабақ СТО технологиясының БҮҮ стратегиясы арқылы қорытындыланады: «Не білемін — Не үйрендім — Не үйренгім келеді».

Қосымша бағыт

«Информатика әлеміне саяхат» сабақтан тыс іс-шарасы аясында «ХХІ – ғасыр көшбасшысы» материалдарын қолдану (жүктеу/дайындау).