Ұлы Отан соғысы жылдарындағы, елі үшінқиған ерлер өмірін дәріптеу

Тақырыбы

Жеңіске жеткен ұлы күн

Мақсаты

  • Оқушыларды Ұлы Отан соғысымен және қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстыру, ой-өрісін дамыту.
  • Елі үшін жанын қиған ерлердің өмірін дәріптеу.
  • Жас ұрпақты отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі

Ұлы Отан соғысы туралы кітаптар, гүлдер, шарлар.

Түрі

Кездесу.

Жүрісі

Мұғалімнің кіріспе сөзі

Жер бетін тып-типыл етуге ұмтылған, аранын ашып, әлемге алақұйын жалын шашып, жан біткенді жалмауға жанталасқан зұлмат — Екінші дүниежүзілік соғыс 1941 жылғы 22 маусымда басталды.

Соғыс — уақытқа тәуелсіз, ешқашан өзгермейтін, ешқандай сынға берілмейтін азап. Адамзат жүрегіне айықпас жара салған сол қанды қырғын аяқталғанына жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де, отты жылдардың елесі халық жадынан өшкен жоқ.

Өйткені адамзат тарихындағы ең сұрапыл қырғынның бірі — Ұлы Отан соғысы екені баршаға мәлім. Бұл соғыстағы Жеңіс талай адамдардың тағдырын күрт өзгертті, талай жанның өмірін қиды.

Ал 9 мамыр — фашизмді жеңген қаһарман халықтың мерекесі, сондай-ақ сол қуаныш үшін өмірін қиғандарды еске алу күні. Бұл күні жеңімпаздардың, олардың балалары мен немерелерінің жүрегі мақтаныш сезіммен лүпілдейді.

Бүгінгі әңгімеміз — Ұлы Жеңіс туралы. Ендеше, Ұлы Отан соғысы жайлы мәліметке кезек берейік.

Оқушының сөзі

1-оқушы

Сәрсенова Жансая

1941 жылғы 22 маусымда фашистік Германия Кеңес Одағына опасыздықпен басып кірді. Биыл бұл оқиғаға 72 жыл толады. 1418 күн мен түнге созылған сұрапыл соғыста сан мыңдаған бауырларымыз Отан үшін отқа түсіп, қаншама боздақ сұм соғыстың құрбаны болды — бұл ащы шындық. Олардың басым көпшілігі ерліктің ерен үлгісін көрсетіп, халқымыздың рухын асқақтатты.

Мұғалімнің қорытынды сөзі

Жеңіс үшін жастық шағын да, өмірін де қиған ардагерлеріміз жыл өткен сайын азайып барады. Тағдырдың ауыр тауқыметін бастан өткеріп, Отанға деген махаббатын от кешіп, су кешіп жүріп дәлелдеген жандардың бүгін арамызда жүргені — саусақпен санарлық.

Осындай сұрапыл соғыста періштесі қақпай, елімізге аман-есен оралған қариямыз — соғыс ардагері, Бейнеу ауылының тұрғыны Дүйсенғали Көшеров бүгін бізде қонақта.

Қонақ туралы

Тұлға
Дүйсенғали Көшеров
Мәртебесі
ҰОС ардагері
Туған/тұрған жері
Бейнеу ауылы