Тіл маманы
Үш тіл — заман талабы (9-сыныпқа арналған сыныптан тыс шара)
«Әр елдегі қазақ әр елдің тілін мықтап игерсе, ол — білім. Ол шетел тілінде сөйлесе — тіпті жақсы. Бірақ ана тілін тұншықтырып, көміп тастаса — ол кешірілмес күнә».
Н. Ә. Назарбаев
Мақсаты
- Оқушылардың ана тілімен қатар мектепте оқытылатын өзге тілдер бойынша теориялық білімін тереңдету, тіл туралы ұғымдарын кеңейту.
- Мемлекеттік тілді сүюге тәрбиелеу және өзге тілдерді құрметтеуге баулу.
- Көптілді ортада мәдени диалог құруға, білімді тәжірибеде қолдануға ынталандыру.
Кіріспе сөз (мұғалімнің сөзі)
Құрметті оқушылар мен ұстаздар! 22 қыркүйек — Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері мерекесі. Әр халықтың өз тілінде сөйлеуге және оқуға құқығы бар. Әр азамат өз ана тілін біліп, сүйіп, құрметтеуге міндетті.
Сонымен қатар, әр адам өзге тілдерді де үйреніп, оларды құрметпен қабылдап, қажетіне жарата білсе, бұл — нұр үстіне нұр. «Жеті түрлі ілім біл, жеті жұрттың тілін біл» деген ата-баба өсиеті де осыны меңзейді.
Біздің еліміз — көпұлтты мемлекет. Елімізде жүздеген ұлт өкілдері достық пен бейбітшілікте өмір сүреді. Бабалар аманаты — дәстүріміз бен туған тіліміздің өрісі кеңейіп, әлемдік өркениетпен сабақтастығын тауып келеді. Соның бір дәлелі — ел болып атап өтетін Тілдер мерекесі.
Тіл — қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге дариды, тұлға болып қалыптасуымен бірге нығаяды. Осы құндылықты басшылыққа ала отырып, бүгін біз ана тілімізге, сондай-ақ орыс және ағылшын тілдеріне арналған сайыс-бағдарлама өткіземіз.
Тіл туралы деректер
Әлемдік көптүрлілік
Жер шарында шамамен 900-ге жуық ұлт өмір сүреді. Қазіргі деректер бойынша дүниежүзінде 5651 тіл бар, және миллиардтан астам адам сол тілдерде сөйлейді.
«Ана тілі» ұғымы
Қазақ халқы тілін «ана тілім» деп ерекше құрметпен атайды. Себебі халқымыз Анаға теңеп, ең қасиетті ұғымдарды қастерлейді.
Қазақ тілінің орны
Сөздік қоры мен құрылымдық мүмкіндіктері тұрғысынан қазақ тілі әлем тілдерінің ішінде (5651 тілдің арасында) 70-орында аталады.
I бөлім. Қазақ тілі — мемлекеттік тіл
Төмендегі тапсырмалар екі топқа бөлініп орындалады. Әр сұрақтың қасына дұрыс жауап үлгі ретінде берілген.
I топ
- Сөздердің одан әрі бөлінбейтін бөлігін қалай атайды? (Түбір)
- Түбір сөзге жұрнақ жалғау арқылы жасалған сөз қалай аталады? (Туынды сөз)
- Қосымша дегеніміз не? (Сөздің түбірге жалғанған бөлігі)
- «Қалың — жұқа» қандай сөздер? (Қарсы мәндес сөздер)
- Тіл туралы 3 нақыл сөз немесе мақал-мәтел айтыңыз.
- Үлкендігі жөнінен екінші орын алатын тілдер тобы? (Тибет-қытай тобы)
- Жұмбақты зерттеген әйгілі қазақ жазушысы? (М. Әуезов)
- Тіл маманы қалай аталады? (Филолог)
- Біреудің назарын аудару үшін қолданылатын сөздер? (Қаратпа сөздер)
- «Ұя» сөзінде неше буын бар, қандай буын? (2 буын, ашық)
II топ
- Етістіктің қандай түрлері болады? (Дара және күрделі)
- Қазақ тілінде неше септік бар? (7)
- Тәуелдік жалғау нені білдіреді? (Зат есімнің тәуелденуін)
- «Жеңіл — ауыр» қандай сөздер? (Қарсы мәндес сөздер)
- Тіл туралы 3 нақыл сөз немесе мақал-мәтел айтыңыз.
- Сөйлеушінің сөйлемдегі ойға қатысты көңіл күйін білдіретін сөз табы? (Одағай)
- Қай мемлекетте латын тілі мемлекеттік тіл саналады? (Ватиканда)
- Қара сөзбен жазылған көркем шығарма қалай аталады? (Проза)
- Қазақ тіліндегі сөз басында кездеспейтін әріп? (Ң)
- Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? (Үнді, ұяң, қатаң)
Көптілді елдер және кең тараған тілдер
Әлемде көп тілді елдер аз емес. Мысалы, Үндістанда бірнеше жүз тіл мен диалект бар. Солтүстік және Оңтүстік Америкада үндістер (индейцтер) жүздеген тілде сөйлейді. Африкада да жүздеген тілде сөйлейтін тайпалар өмір сүреді (рулық диалектілерді есептемегеннің өзінде).
Дүниежүзіндегі ең көп тараған тілдердің қатарына қытай, ағылшын, хинди, орыс, жапон, неміс, индонезия, бенгал, португал, итальян тілдері жатады.
Көптілді мемлекеттерден мысалдар
Андорра
испан, француз, каталон
Бельгия
француз (валлон), фламанд, неміс
Германия
неміс, дат, лужиц
Финляндия
фин, швед
Ирландия
ирланд (гаэль), ағылшын
Италия
итальян, неміс (Оңтүстік Тироль)
Канада
ағылшын, француз
Люксембург
француз, неміс
Нидерланды
нидерланд, фрис
Австрия
неміс, славян, хорват, венгр
Швейцария
неміс, француз, итальян, ретороман
Сингапур
қытай, ағылшын
Шри-Ланка
сингал, тамил, ағылшын
Оңтүстік Африка
африкаанс, ағылшын, банту тілдері
Тайланд
тай және тау халықтарының тілдері
English note
People all over the world speak almost 3,000 languages.
The most widespread language in the world is Chinese.
350 million people speak English as their first language.
Today many people in Europe and Asia know several languages. A person who knows several languages is called a polyglot.
Today it is quite evident that everyone should know at least one foreign language.
II бөлім. Орыс тілі — ұлтаралық қатынас тілі. Ағылшын тілі — жаһандық экономикаға кірігу тілі
Бұл бөлімде оқушылар орыс және ағылшын тілдері арасында аударма жасап, сөздік қорын және грамматикалық дағдыларын бекітеді.
I топ
- What is the English for «тіл»? (language)
- «Мальчики часто бегают между партами на переменах». (Translate into English)
- «В девятом классе у нас каждый день 6 уроков». (Translate into English)
- «Почему ты задаёшь много вопросов?» (Translate into English)
- We study events in the past. (Translate into Russian)
- We discuss different problems. (Translate into Russian)
- We work hard. (Translate into Russian)
- We read interesting textbooks. (Translate into Russian)
- He learns how to use computers. (Translate into Russian)
- We do experiments. (Translate into Russian)
II топ
- What is the English for «сөз»? (word)
- «Моя сестра редко получает плохие отметки». (Translate into English)
- «Не разговаривайте громко!» (Translate into English)
- «На уроках мы узнаём много нового». (Translate into English)
- We solve difficult problems. (Translate into Russian)
- We learn poems by heart. (Translate into Russian)
- We draw and paint pictures. (Translate into Russian)
- We answer the questions. (Translate into Russian)
- He translates texts. (Translate into Russian)
- We run, jump and play. (Translate into Russian)
Мәліметтер мен тұжырымдар (RU/EN)
Русский
- Сегодня вполне очевидно, что каждый человек должен знать хотя бы один иностранный язык.
- На некоторых языках говорят миллионы людей, на других — только сотни.
- Как говорят полиглоты, это сложно только в начале. Но когда вы начинаете изучать третий язык, всё идёт как по маслу.
- Английский язык часто используется бизнесменами из разных стран, где говорят на разных языках, для ведения дел.
- Изучение иностранного языка имеет практическое значение, но выбор языка иногда зависит от моды.
English
- Today it is quite evident that everyone should know at least one foreign language.
- Some languages are spoken by millions of people; others by only hundreds.
- As polyglots say, it is difficult only at the beginning. But when you start learning a third language, everything goes on swimmingly.
- English is widely used by businessmen from different countries that do not share a common language, in order to do business.
- Learning a foreign language has practical value, but the choice of a foreign language sometimes depends on fashion.