Жыл басы Наурыз атты сынып сағатымызға келгендеріңізге рахмет
Сынып сағатының мазмұны
Наурыз — жыл басы, көктем мейрамы
Наурыз — жыл басы, көктем мерекесі. Ел бұл күнді сағынып қарсы алады. Наурызда наурыз көже дайындалып, дастархан жайылады. Халық бір-бірін мерекемен құттықтайды. Алтыбақан құрылып, ән айтылып, би биленеді, түрлі ойындар ойналады.
Наурыз мейрамы күн мен түн теңелген сәттен бастап тойланады. Бұл кезде жұрт бұлақ көзін ашып, тал егеді. Мал төлдеп, жер көктеп, дүние жаңара бастайды.
Жүргізуші
«Тәрбие сағатымызды бастамас бұрын салт-дәстүрлер туралы қысқаша мәлімет берейік».
Шашу
Наурыз келсе, құт келгені, халайық!
Есік ашып, шашу шашып,
Ел болып қарсы алайық!
Шашу — қуаныштың айғағы ретінде жасалатын салтанат. Көп күткен жолаушы келгенде, құда келгенде немесе ерекше қуанышты күндерде әйелдер құрт-кәмпиттен, күміс тиыннан шашу шашады. Шашылған шашуды тойға қатысушылар теріп алып, ырым етіп балаларына апарып береді. Дәстүр бойынша шашуды әйелдер шашады.
Ұлттық ойындар мен өнер
Арқан тартыс
Балалармен қазақтың ұлттық ойыны — арқан тартыс ойналады. Мұғалім ойынның шартын түсіндіреді.
Ұлы күні кәрі-жас,
Құшақтасып көріскен.
Жаңа ағытқан қозыдай,
Жамырасып өсірген.
Наурыз той құтты болсын!
Қыз қуу
«Ей, балалар, енді маған қараңдар! Наурызды тойлайық, қызық ойын ойнайық» — деп, мұғалім «Қыз қуу» ойынының шартын түсіндіреді.
Би мен ән
Қыздардың «Әдемі-ай» биі, жігіттердің биі және «Наурыз» әні орындалады. Хор «Айгөлек» әнін шырқайды.
Салт-дәстүр: тұсау кесер
«Тұсауыңды кесейін, кірмеуіңді шешейін» деген тілекпен қазақ халқының дәстүрлерінің бірі — тұсау кесер рәсімі көрсетіледі.
Қыдыр ата батасы
Мұғалім жұртты береке-бірлікке шақырып, Қыдыр атаны ортаға шақырады:
Мұғалім
Ұлы күнде, халайық,
Қалай қарап қалайық?
Сәйгүліктей ағайық,
Жасын болып жанайық.
Қыдырдай атамызды
Ортаға шақырайық!
Қыдыр ата
Ау, аман ба, жарандар!
Алтын таңға қараңдар!
Ерте жайнап атты таң,
Естіліп тұр шаттық ән.
Наурыз көже — береке дәмі
Ұлы күні ұлыстың
Күн мен түнді теңеген.
Тәтті дәмін ырыстың
Таттық Наурыз көжеден.
Наурыз көже жайлы әже қысқаша мәлімет береді. Бұл — молшылық пен бірліктің белгісі.
Жыл басы — жаңа үміт
Жаңа күн — жыл басы,
Жиырма екінші Наурыздың.
Наурыз айы — төл басы,
Бүршік атар бауымыздың.
Осы сәтте сегіз қырлы, бір сырлы жігіттердің өнері көрсетіледі.
Қорытынды тілек
Ұлыс әр кез оң болсын,
Әр үйде ақ мол болсын.
Не тілесең, сол болсын,
Қайда барсаң, жол болсын.
Наурыз тойы құтты болсын, ел ырысы құтқа толсын. Бақыт әкеп Ұлыс күні, ел тыныштығы бұзылмасын, бақыт құсы баққа қонсын!
«Жыл басы — Наурыз» атты сынып сағатына келгендеріңізге рақмет!