Қыздар сайысы

«Көктем аруы» сайысының жоспары

Бұл жоспар көктемнің алғашқы мерекелерінің бірі — 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында өткізілетін «Көктем аруы» атты қыздар сайысының мазмұнын ұсынады. Мәтін редакцияланып, сөйлем құрылысы мен тыныс белгілері түзетілді.

Мақсаты

  • Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру; қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт-дәстүріне сай әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу.
  • Балалардың барлық аналарға деген сүйіспеншілік сезімін ояту; ана еңбегін ардақтап, құрметтеуге және адамгершілікке баулу.
  • Оқушылардың бойындағы өнері мен дарындылығын дамыту.

Көрнекілігі

  • «Қыз — елдің көркі»: ұлттық киімдегі қыздардың суреттері.
  • «Өнер — таусылмас азық»: қолөнер түрлерінің фотосуреттері.
  • Қыздар мен аналар туралы мақал-мәтелдер, қанатты сөздер.
  • Шарлар мен гүлдер арқылы безендірілген бөлме.
  • Қатысушы қыздардың фотосуреттерінен слайд.

Сайыс құрылымы

I бөлім — Қыздар сайысы

  1. 1 Өзін-өзі таныстыру
  2. 2 Өнер көрсету
  3. 3 Сұрақ-жауап (әдет-ғұрып, салт-дәстүр)
  4. 4 Ас мәзірін даярлау (қамыр жаю, картоп аршу)
  5. 5 Сән үлгісі
  6. 6 Қолөнер (түйме қадау, қағаздан ою ою)

II бөлім — Аналарға құрмет

Арулар келесі кезеңге дайындалып жатқанда ұл балалар аналарға арнап өнер көрсетеді. Бұл бөлімнің негізгі идеясы — ананың қоғамдағы, отбасындағы орны мен қадірін ерекше атап өту.

Негізгі сұрақ:

«Балалар, ана деген кім?»

Жүргізушінің кіріспе сөзі

Сіздерді алда келе жатқан көктемнің алғашқы мерекесі — 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілейміз. Осы мереке қарсаңында өткізілетін «Көктем аруы» атты қыз сыны байқауына қош келдіңіздер!

Мың бұралған арулар билей басып,
Келеді міне ортаға толқып тасып.
Аруларын сыйлаған халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық!

(Арулар сахна төріне М. Ералиеваның «Қыз сыны» әніне билеп шығады.)

Сайыс шарты

Қыздар гүлді таңдап, оның ішіндегі нөмірді алады. Сол ретпен өнер көрсетеді.

Бағалау тәртібі

Әділқазыларға 20, 30, 40, 50 ұпайлары жазылған бағалау парақтары беріледі. Әр кезең аяқталған соң ұпай қойылып, аралық қорытынды жасалады.

Әділдік пен шындықты арқа тұтқан әділқазы алқасымен танысайық.

Көп сөйлеп жөн-жобадан аспайық біз,
Қандай сайыс болса да қашпайық біз.
Ал, енді, халқым, рұқсат етсеңіздер,
«Көктем аруы» сайысын бастайық біз.

Қатысушыларды таныстыру және кезеңдер

Нұрын төккен көктемде алғаш көрінген жауқазындай нәзіктік пен әсемдікті дәріптейтін сәтте сайысқа қатысушы аруларымыз таныстырылады. Қатысушылар нөмір таңдап, реті анықталады.

1-сайыс — Өзін-өзі таныстыру

Бәсекеге түскен арулар кезектесіп өзін таныстырады.

Жайшылық Гүлден

Ғажайып күн мен үшін — осы мейрам, әрине.
Бәрі асыл ана үшін, қарыздармын мәңгіге.
Алақаны аяулы — ұмыттырар қайғыны,
Бұл сиқырлы алақан жақсы іске баулиды.

Сайысқа мен келіп тұрмын, Жайшылық Гүлден — аты-жөнім.
Сәттілік тілеп тұрып, бас иемін сіздерге.

Зейнуллаева Жанерке

Армысыздар, халайық! «Әдепті елдің баласы алыстан сәлем береді» дегендей, қадірлі ұстаздар, ата-аналар және қарсыластарым! 8 наурыз мерекесі құтты болсын! Бәріңізге зор денсаулық, мол бақыт тілеймін.

Мен — Зейнуллаева Жанерке Кемелқызы. Руым — тама-бәйет, Кіші жүздің қызы болам. Атымды «жаны таза, ерке болсын» деген ниетпен Жанерке деп қойған.

Сағынтева Арайлым

Армысыздар, ұлағатты ұстаздар,
Бармысыздар, жігерлі дос-құрбылар!
Қарсыласым, сәлем бердім бәріңе,
Бас иемін сәлем беріп иіле!

Тектіліктен жаралған қазағымның
Ерекше дара туған қыздарымын.
Шуақ шашқан көктемнің шуағындай,
Арайлым атты кішкентай қыздарымын.

Орта жүздің Таз руынанмын. Әкем — Сәтжан.
Әділқазы алқасы, әр аруды бағалай біліңіздер.
Баршаңызға сәттілік тілеймін, достық ұғымын арттырайық!

Мұратқызы Зинегүл

Үкілі кәмшат, бүрмелі көйлек киген — қазақтың ерке қызымын.
Ән айтып, мың бұрала билеген Мұратқызы Зинегүл мен болам.

Дәстүрін елдің сақтаған, иіліп халқыма сәлем берем.
«Ел жатқанда жатпаған, біз деп тыным таппаған» — деп аналарды мерекелерімен құттықтаймын.

Құрбыларыма сәттілік, өзіме жеңіс тілеймін.

2-сайыс — Өнер көрсету

Біреулер сынға түсер өнерімен, біреулер жырға түсер өлеңімен. Ал біздің қыздар ортаға шығып, дарынын кезегімен танытады.

3-сайыс — Сұрақ-жауап (салт-дәстүр)

«Қыз сұлу көрінеді білімімен» демекші, аруларымыз ұлттық нақыштағы суретті таңдап, артындағы сұраққа жауап береді.

Үлгі жауаптар

  • Қазақтың музыкалық аспаптары: домбыра, қобыз, сазсырнай, жетіген, дауылпаз, шаңқобыз, асатаяқ, сыбызғы, тастауық, тұяқ.
  • Қазақтың ет тағамдары: қазы-қарта, қуырдақ, қазақша ет, жал-жая, шұжық, әсіп.
  • Ерулік: ауылға жаңа көшіп келген отбасын құрметтеп, қонаққа шақыру дәстүрі. Жаңа ортаға тез үйренісуі үшін отын, су сияқты қажетіне қарай көмек көрсетіледі. Бұл бірлікті, сыйластықты нығайтады.
  • Шілдехана: сәби дүниеге келген соң ана мен баланың көңілін көтеріп, күтім жасап, қуаныш бөлісетін дәстүр. Кей өңірлерде баланы шілде суына шомылдырып, суға тиын тастап, ырыс-береке тілейді.
  • Шарғы: ұзатылған қыз өзіне жақын сіңлісіне басына тартатын орамалын береді. Мағынасы — «ендігі кезек сенікі».
  • Қазақша жыл қайыру: тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз.

4-сайыс — Ас мәзірін даярлау

Қазақтың қонақжайлық дәстүрі — атадан қалған асыл мұра. Қандай жағдайда да «құдайы қонақпын» деп келген жанды жылы қарсы алып, қолдағы барын ұсынып, сый-құрметпен шығарып салу — парыз. Осы кезеңде қыздар қамыр жаю және картоп аршу бойынша жарысады.

Уақыт

Қамыр жаю — 5 минут

Уақыт

Картоп аршу — 2 минут

Музыка

Үнтаспада «Қыздар-ай», «Гүл қыздар» әндері орындалады, соңында әділқазылар бағалайды.

II бөлім — Аналарға құрмет

Аруларымыз келесі сайысқа дайындалып жатқанда ұлдар аналарына арнап өнер көрсетеді. Оқушылар ананың қасиетін қысқа да нұсқа анықтамалармен жеткізіп, жүрекшелер мен сыйлықтарын ұсынады.

Диас: Ана — үйдің жылуы.

Алмат: Ана — болашағың.

Нұрислам: Ана — бақытың.

Панабек: Ана — қорғаның.

Саламат: Ана — әр үйдің күні.

Ақылбек: Ана — байлығың.

Саят: Ана — тірегің.

Марғұлан: Ана — қамқоршың.

Мирас: Ана — ақылшың.

Исатай: Ана — жанашырың.

Жантілек: Ана — сүйенішің.

Талғат: Ана — тыныштығың!

5-сайыс — Сән үлгісі

Сымбатына сән киімі жарасатын, аспандағы айменен таласатын… Бұл кезеңде арулар әуенмен жүріп, заманауи киім үлгілерін көрсетеді. Соңында барлығы бірігіп би билейді.

6-сайыс — Қолөнер

«Өнерліге өріс кең», «Шеше көрген тон пішер» демекші, бұл кезең арулардың шеберлігін айқындайды: түйме қадау және қағаздан ою ою.

Әр тапсырмаға 2 минут беріледі.

Марапаттау және қорытынды

Әділқазылар қорытындысы бойынша қатысушылар келесі аталымдармен марапатталып, сыйлықтар табысталады: «Көктем аруы», «Өнерлі ару», «Көрермен көзайымы», «Білімді ару».

Өнер — білім серігің, адам-атың,
Болашаққа сеніммен бара алатын.
Осыменен сайыс та тамам болды,
Бәрің аман болыңдар, жамағатым!