Теңсіздіктер әлеміне саяхат Ережелер елі
“№3 жалпы орта білім беретін мектеп-кешені” КММ
Математика пәні мұғалімі: Багдатова А.Б.
Тақырып: Бір айнымалысы бар теңсіздіктер жүйесін шешу
Бұл сабақта оқушылар бір айнымалысы бар теңсіздіктер жүйесін шешу тәсілдерін меңгеріп, теңсіздіктердің ортақ шешімін дұрыс табуға үйренеді.
Сабақтың мақсаты
Оқушыларды теңсіздіктер жүйесін шешуге және теңсіздіктердің ортақ шешімін таба білуге үйрету.
Сабақтың міндеттері
Білімділік
Білімді нақтылау, жүйелеу және алынған білімді тереңдету.
Дамытушылық
Ойлау қабілетін және танымдық белсенділікті арттыру; ұқыпты тыңдауға, теорияны практикамен ұштастыруға, тез шешім қабылдауға және өз білімін нақты көрсете білуге дағдыландыру.
Тәрбиелілік
Ұжымшылдыққа, жолдастыққа, алғырлыққа және белсенділікке тәрбиелеу; пәнге қызығушылықты арттыру және математикалық мәдениетті қалыптастыру.
«Теңсіздіктер әлеміне саяхат»: «Ережелер» елі
Сабақ барысында негізгі ұғымдар мен алгоритмдерді еске түсіріп, оларды есептер арқылы бекітеміз.
Негізгі сұрақтар
- Бір айнымалысы бар теңсіздіктер жүйесі дегеніміз не?
- Бір айнымалысы бар теңсіздіктер жүйесін қалай шешеміз?
Үй жұмысын тексеру
Оқушылардың алдыңғы тақырып бойынша білімін пысықтау:
- № 1578
- № 1585
Жұмысқа кіріспе
Алдағы тапсырмаларда теңсіздіктер жүйесінің ортақ шешімін табу үшін аралықтарды белгілеу, салыстыру және қорытынды шешімді дұрыс жазу дағдыларына назар аударамыз.
Келесі өрнекпен жұмыс (үзінді):
2(x + 5)