Тоқсан құлдың бастығының есімі
Зияткерлік олимпиада
Мақсаты: Оқушыларды пәнге қызықтыра, олардың дүниетанымын, ой – өрісін кеңейту, ойын арқылы таным, білім, білік, икем, дағдыларын қалыптастыру.
Көрнекілігі: интерактивті тақта
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
1. Ойыншыларды таныстыру.
(9 – 11 сыныптар аралығында 3 оқушыдан ІІІ топ болады)
2. Сарапшылардың аты – жөндерімен таныстыру.
3. Ойынның шартымен таныстыру.
Ойынның барысы:
І айналым
Қазақ тілі бойынша логикалық сұрақтар беріледі. Дұрыс жауапқа 100 ұпай жинайды.
Қазақ тілінен логикалық тапсырмалар
1. Екі буыны да омоним болатын, бітеу буыннан құралған жай сөйлем түрі:
А) Жақсыз
Ә) Толымды
Б) Толымсыз
В) Атаулы
Г) Жақты
2. Алғашқы буыны езулік дауыстыдан, келесі буыны есімдіктен болған сөз:
А) Адам
Ә) Ыдыс
Б) Ілім
В) Емен
Г) Әріп
3. Сан есім мен есімшенің жұрнағы қазақтың музыкалық аспабының аты:
А) Алтыатар
Ә) Сегізкөз
Б) Тоғызқұмалақ
В) Сазсырнай
Г) Жетіген
4. Бірінші буыны батыр сөзінің синонимі, екінші буыны адамның мүшесі болып келетін жалқы есім
А) Ержүрек
Ә) Есіл
Б) Ерсайын
В) Ертіс
Г) Елгезек
5. Құс атауын білдіретін бітеу буынды сөз
А) Тарлан
Ә) Тұйғын
Б) Жалбыз
В) Көкнар
Г) Лашын
6. Қолданылуына қарай бірде зат есім, бірде қимыл атауын білдіретін сөз
А) Байлау
Ә) Сөйлеу
Б) Көсеу
В) Көбеу
Г) Көру
ІІ айналым
Сөнбес жұлдыздар тақырыбына арналған сұрақтар
1 - сұрақ
Батыс Сібір мен Қазақстанның солтүстік - шығыс аудандарын басқаратын генерал - губернатор Гасфорттың адьютанты, Орта Азия халықтарының тарихын, этнографиясы мен жағрафиясын зерттеген ғалым.
Жауап: Шоқан Уәлиханов
2 - сұрақ.
Ақан серінің өзіне тән ақындық, сазгерлік қасиеттерінен басқа екі қасиеті болған. Ол қандай қасиеттері?
Жауап: Тұлпарды сыртқы келбетіне қарап дөп басып тани алатын сыншылығы, баптап баға білетін атбегілігі.
3 - сұрақ
Әділ патша ала қойларды көргенде көзі ауыратынын айтып, олардан құтылудың жолын кеңесшілермен ақылдасады. Оларға өз ойын айтып, беделіне көлеңке түспейтіндей болуын сұрайды.
Сонда саясатқа шебер сұм түлкінің берген жауабы қандай еді? Бұл кімнің мысалынан үзінді, қалай аталады?
Жауап: Ахмет Байтұрсынұлының Ала қойлар деген мысалы
Ауыз әдебиеті тақырыбына арналған сұрақтар
1 - сұрақ
Тоқтарбайдың жылқыда,
Тоқсан құлы бар еді
Тоқсанының бастығы... кім еді?
Қай жырдан үзінді? Тоқсан құлдың бастығының есімі?
Жауап: Қобыланды батыр жыры. Тоқсан құлдың бастығы Естеміс.
2 - сұрақ
Бет ажарын қарасаң,
Жазғы түскен сағымдай
Ет ажарын қарасаң,
Терісінен айырған,
Арпа - бидай ақ ұндай
Қандай жырдан үзінді? Кімге арнап айтылған сөз?
Жауап: Ер Тарғын жырындағы Ақжүніске арнап айтылған сөз
3 - сұрақ
Сүйінбайды сұрқылтайым , яғни сөзімді сөйлейтін жыршым бол дегенді ишарамен білдірген төре кім?
Жауап: Жетісуды билеген атақты Тезек төре
Исламдағы жастардың кейбір мәселелері
Әл-Фиқһул-Әкбар – Имам Ағзам Әбу Ханифа кітабының қазақша мәтіні
Тұрар Рысқұловтың қысқаша өмірбаяны
Хәләф ғұламаларындағы ақыл мен нақылдың орны
Әбу Ханифа ұлы ғалым
Xvii ғасырдың екінші жартысы мен xviii ғасырдың аралығындағы қазақ қоғамындағы саяси-әлеуметтік хал-ахуал жайлы
Мәдени ескерткіштер және сәулет өнері, туризм
Иман
Имам ағзам хақ діннің бастаушысы. Әл Фиқһул Әкбар
Қарулы Күштердің ардагерлерімен және ардагерлер ұйымдарымен әскери басқару органдарының жұмысын үйлестіру
Философия және саясаттану факультетінің 2006 жылы 19 желтоқсандағы Ғылыми кеңесінің мәжілісінің № 3 хаттамасынан
Желтоқсан - ерлік тарихымыз
Желтоқсанда алаңға,шықты қазақ жастары!!
Сейітжан Омаров (22 маусым 1907, Ақмола облысы Атбасар ауданы Керегетас ауылы - 19 желтоқсан 1985, Алматы) - жазушы, аудармашы
Әзірбаевтың есімі
Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты
Дүниеге келгені: 1910 ж. желтоқсанның 27 (1910 - 12 - 27) (100 жыл)
Желтоқсан желі
Қазақ әдебиетінің тарихында есімі алтын әріппен жазылар ірі суреткер
Қарт кесімі