Балалардың дала аңдары туралы түсініктерін тереңдету
Сабақтың мақсаты
Балалардың дала аңдары туралы түсінігін тереңдету; аң түрлерін бір-бірінен ажыратуға, дене мүшелерін дұрыс атауға үйрету. Сұрақ қою арқылы аңдардың тіршілігі мен қоректену ортасы туралы білімін кеңейтіп, сөйлеу белсенділігін дамыту. Балалардың аңдарға және қоршаған ортаға сүйіспеншілігін оятып, оларды қорғауға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер
- Түсіндіру
- Сұрақ-жауап
- Әңгімелесу
- Шаттық шеңбер
- Жұмбақтар
- Ойын
Жаңа сөздер
Көрнекілік
- Ағаштар мен аңдар суреттері
- DUD аппаратурасы
- Теледидар
Шаттық шеңбер
Күннің көзі ашылып,
Көкке шуақ шашылып.
Құтты қонақ келіпті,
Төрімізге еніпті.
Амандасу үлкенге —
Тәрбиенің ісі ғой!
Ал, қанекей, бәріміз
Сәлем дейік үлкенге.
Сұрақ-жауап
- Саламатсыздар ма, апайлар!
- — Амандасу мәдениетін бекіту.
- Таңертең тұрғанда нені көреміз?
- — Күнді көреміз.
- Күнге қолымызды созайық.
- — Күннен алған жылуды бір-бірімізге таратайық.
Қыс мезгілі туралы әңгіме
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс.
- Қыс мезгілінде неше ай бар?
- Желтоқсан, Қаңтар, Ақпан.
- Қыс айларында табиғатта қандай өзгерістер болады?
- Қар жауады, аяз болады, боран соғады.
- Қыс мезгілінде немен ойнаймыз?
- Шанамен сырғанаймыз, шаңғы тебеміз, аққала жасаймыз.
Ғажайып сәт: Орманнан келген түлкі
Түлкінің сөзі
«Мен орманнан келе жатып бір сандық тауып алдым. Сандықтың ішінде сиқырлы ормандағы аңдар сиқырмен қамалып қалыпты. Оларды шығару үшін жұмбақтарды шешуіміз керек».
Жұмбақтар
-
Көлеңкесінен қорқып безектейді,
Ал оның баласын көжек дейді. -
Аузы бейне шалғы, орақ,
Шөп емес, бірақ малды орады. -
Өзі қу әрі айлакер,
Жүрген жері айқай-шу. -
Тәтті көрсе бас салар,
Айнымайды баладан.
Талқылау
Балалар, бұл аңдарды қайдан көрдіңдер? — Суреттерден, теледидардан көрдік.
Бұлардың барлығын бір сөзбен қалай атаймыз? — Жабайы жануарлар.
Жабайы аңдар қайда мекендейді? — Орманда, таулы жерлерде, жазықтықта.
Қыста аңдар қалай тіршілік етеді?
Қыс түскенде көптеген жануарлар індеріне тығылады. Аюдың апаны қыста жылуды сақтап тұрады. Қоян, қасқыр, түлкі сияқты аңдардың жұқа жүні түсіп, орнына қалың жүн өседі.
Маңызды ой
Жабайы аңдар әртүрлі болады: кейбірі жыртқыш, кейбірі адамға түрлі жағынан пайдалы. Аң терісінен тон, жаға, бас киім сияқты киімдер тігіледі.
Жабайы аңдарға шолу
Қоян
- Құлағы ұзын, төрт аяғы бар.
- Сәбізді, шөпті жақсы көреді.
- Түсі қыста — ақ, жазда — сұр.
- Балапанын көжек дейді.
Аю
- Орманда тіршілік етеді; басы, денесі, төрт аяғы бар.
- Сүйікті асы: балық, бал, жеміс-жидек.
- Қыста апанда ұйықтайды.
- Түсі ақ, сұр, қара болуы мүмкін.
- Балапанын қонжық дейді.
Қасқыр
- Сүйікті асы — ет.
- Түсі көкшіл реңді; құйрығы ұзын, тісі өткір.
- Орманда, жазықтықта, таулы жерлерде мекендейді.
- Балапанын бөлтірік дейді.
Түлкі
- Ұсақ жәндіктермен, тышқанмен қоректенеді.
- Түсі — қызғылт сары.
- Жүні жұмсақ әрі тығыз; маусымға қарай өзгеріп отырады.
- Балапанын түлкішек дейді.
Тіл дамыту жаттығулары
Ян-ян-ян — секеңдеген ақ қоян.
Ю-ю-ю — қорбаңдаған аю.
Кі-кі-кі — бұл айлакер түлкі.
Қыр-қыр-қыр — бұл көкжал қасқыр.
Келесі кезекте балалар аңдар туралы тақпақтарын айтады.
Сергіту сәті
Біз орманға барайық,
Жан-жағымызға қарайық.
Аю шықты қорбаңдап,
Қасқыр шықты ырылдап.
Түлкі шықты майысып,
Қоян шықты секіріп.
Қорықпаңдар, балалар,
Қарап-қарап алыңдар.
Дидактикалық ойындар
«Даусынан таны»
Балалар аңдардың дауысын тыңдап, қай аң екенін табады.
«Бұл ненің баласы?»
Аңның баласын дұрыс атау: көжек, бөлтірік, қонжық, түлкішек.
Өлең оқу және сахналау: «Түлкі, түлкі түлкішек!»
Қоян: Түлкі, түлкі түлкішек, түнде қайда барасың?
Түлкі: Әжемнің үйіне барамын.
Қоян: Әжең саған не береді?
Түлкі: Ешкі сауып, сүт береді.
Қоян: Оны қайда қоясың?
Түлкі: Тал түбіне қоямын.
Қоян: Ит жеп кетсе қайтесің?
Түлкі: Ит аузынан алып аламын.
Қоян: Ит бермесе қайтесің?
Түлкі: Жылай-жылай қала беремін!
Бейнетаспа және құрастыру тапсырмасы
Енді бейнетаспадан жабайы аңдардың бар екенін көріп, қысқаша шолу жасаймыз. Одан кейін балалар жабайы жануарлардың суретін құрастырады.
Тапсырма нәтижесі: балалар суретті өте жақсы құрастыра білді.
Қорытынды
Қайталау сұрақтары
Бүгін қандай жануарлармен таныстық? — Жабайы жануарлармен.
Жабайы жануарлардың қандай пайдасы бар? — Терісі пайдалы: тон, бас киім сияқты киімдер тігіледі.
Түлкінің тілегі
«Сендер ақылды, зерек, тапқыр екенсіңдер. Мен сендерге түлкінің сұлулығын, қоянның жылдамдығын, аюдың мейірімділігін, қасқырдың батылдығын тілеймін».
Сабақ соңында балалар түлкімен және қонақтармен қоштасады: «Сау болыңыздар!»