Тік тұру

Білім беру саласы: Денсаулық Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Дене шынықтыру

Тақырыбы: Допқа дейін еңбектеу

Мақсаты

  • Допқа дейін еңбектеудің қарапайым дағдыларын үйрету.
  • Баланың эмоциясын еркін білдіруіне қолайлы орта қалыптастыру.
  • Ойын арқылы белсенділікті арттырып, логикалық ойлауын дамыту.
  • Психогимнастика арқылы баланың ішкі сезімін тануына мүмкіндік беру.

Әдіс-тәсілдер

Еңбектеу Психогимнастика Релаксация Қимылды ойын Музыкамен жұмыс

Көрнекіліктер

  • Жұмыртқа макеті
  • Үнтаспа (тауық, әуендер)
  • Әртүрлі кейіпкерлер (тауық, қоян, мысық)
  • Ойын атрибуттары (доп және т.б.)

Сабақтың барысы

1) Мотивациялық кезең

Үнтаспадан аулада жүрген тауықтың дауысы естіледі: «Ку-ка-ре-ку!» Ортаға ана тауық шығып, жұмыртқаның жанына келеді.

Жұмбақ

Түк-түк-түк.
Аппақ-аппақ ақ отау,
Аузы-мұрны жоқ отау.
Шөжелерім, бармысың —
Ақ мамықты төл мүсін?

Ана тауық балаларды жігерлендіреді: «Уақыт болды, шығыңдар! Тізіліп сапқа тұрыңдар. Қандай сәнді, қандай сүйкімді балапандарсыңдар! Бүгін денелеріңді шынықтырып, ширақ болуды үйренеміз».

2) Іздену-ұйымдастыру: дамыту жаттығулары

  1. Б.қ.: тік тұру. Қолды көтеріп, алақанды ашып-жұму; қолды шынтақтан бүгіп отырып-тұру; тұрған кезде қолды шапалақтау.
  2. Тік тұру. Қолды жоғары көтеріп, аяқтың ұшына көтерілу; бастапқы қалыпқа келу.
  3. Аяқ арасы алшақ. Қолды шалқайтып, жоғары сермеу.
  4. «Жем жейміз». Еңкейіп, жерден «жем» шоқығандай қимыл жасау; қайта шалқаю.
  5. «Шаттану». Шалқадан жатып, қол мен аяқты кезек-кезек қозғау.
  6. Секіру. Бір орында жеңіл секіру.
  7. Тынысты реттеу. Терең дем алып, баяу дем шығару.

Қайталау бөлімі: «Ақ қоян»

Ортаға қоян келеді: «Сәлем, шөжелер! Қандай сүйкімді балапандарсыңдар. Өткен сабақтағы “Ақ қоян” ойынын қайталайық».

Ақ қоян, тұрсаңшы,
Бетің-қолыңды жусаңшы.
Айнаға қарасаңшы,
Шашыңды тарасаңшы.
Бізбен бірге ойнасаңшы,
Біреудің қолын үзсеңші.

Ескерту: өлең мен қимыл 3–4 рет қайталанады.

Ән: «Сұр қоян» (1 шумақ). Қоян сахнадан шығады.

Жаңа тақырып: допқа дейін еңбектеу

Кейіпкермен танысу

Ортаға мысық келеді: «Сәлем, балапандар! Біздің аулаға қош келдіңіздер. Мен — осы ауланың қожасы Марғаумын. Қорықпаңдар, мен сендерге тимеймін. Бүгін менімен бірге еңбектеуді үйренеміз».

Тәрбиеші балаларға қауіпсіз еңбектеу техникасын еске салады: арқа тік, алақан мен тізе нық, қозғалыс баяу әрі үйлесімді.

Балалар мысыққа ілесіп, допқа дейін еңбектеп барады.

Қимылды ойын: «Шөжелер мен мысық»

Мақсаты

Балаларды шапшаңдыққа, белсенділікке тәрбиелеу, қозғалыс дағдысын дамыту.

Ойын шарты

  • «Мысық!» деген белгі берілгенде балалар қаша жөнеледі.
  • Мысық қуып ұстайды.
  • Ұсталған бала ойыннан уақытша шығады.

Балапандардың сөзі

«Мияу- мияу, мысығым,
Қатал неге қылығың?
Біз ойынды сүйеміз,
Бізге бірақ тимеңіз!»

Рефлексия: релаксация

Жеңіл әуенмен тынығу

Ана тауық: «Көзімізді жұмамыз. Мұрынмен терең тыныс аламыз. Ойша аппақ бұлттардың арасына саяхаттаймыз: аспанда қалықтап ұшып жүрміз. Ауа қандай таза! Ақ бұлттарға мініп, алыс-алыс жерлерге барамыз».

«Енді жайлап топқа ораламыз. Оянамыз, оянамыз».

Қорытынды әңгіме және мадақтау

Сұрақ-жауап

  • Бізбен бүгін ойнаған кейіпкер кім болды?
  • Мысық бізге нені үйретті?
  • Біз бүгін қандай қимылды меңгердік? Допқа дейін еңбектеу.
  • Мысық ұйықтағанда көзін қалай етеді? (Көзін сығырайтады.)
  • Итті көргенде көзін қалай етеді? (Көзін бақырайта ашады.)
  • Мысық қалай дыбыстайды? (Мияу- мияу.)

Тәтті сыйлық

Ана тауық: «Балапандарым, бүгін жақсы еңбектендіңдер. Енді өз отауларыңа ұқсас тәтті дәм ұсынамын».

Ана тауық балаларға Kinder Surprise ұсынады. (Мадақтау.)

Музыкалық аяқтау

«Шөжелерім» әуені

Әуен ойнағанда балапандар бірінің артынан бірі шығып, шеңбер жасап тұрады.

«Утята» әуені

Балалар музыка ырғағымен қимыл-қозғалыс жасайды (3–4 рет қайталау): еңкейіп «жем шоқу», қайта шалқаю.

Күтілетін нәтиже

Нені біледі?

Жаттығуларды дұрыс орындау ережелерін сақтайды.

Қандай түсініктерді игереді?

Қимыл-қозғалыстың негізгі түрлерін меңгереді, қозғалыс белсенділігін жетілдіреді, сергек күйін қолдайды, ұқыптылыққа дағдыланады.

Қандай дағдылар мен іскерліктерді меңгереді?

Допқа дейін еңбектеуді меңгереді; дұрыс өсіп-қалыптасуға ұмтылады; жарыс элементтері арқылы жеңіске талпынады.