Көптік жалғау
Қазақ тілі (7-сынып) • Жылдық күнтізбелік жоспар және күнделікті сабақ жоспары
Тақырыптар: 91. Монолог; 92. Зат есімнің түрленуі. Көптік жалғау; 93. Септік жалғау. Жай септеу, тәуелді септеу.
Сабақтың тақырыбы: Монолог
Сабақтың түрі
Аралас сабақ
Сабақтың әдістері
- Сұрақ–жауап
- Түсіндіру
- Талдау
- Топтастыру
Көрнекіліктер
- Таблицалар
- Деңгейлік тапсырмалар
Пәнаралық байланыс
Әдебиет
Сабақтың мақсаты
Білімдік
Монолог туралы түсінік беру.
Дамытушылық
Оқушылардың ой-өрісін, сана-сезімін және белсенді ойлау дағдыларын дамыту; сыни тұрғыдан ойлау материалдарын қолдана отырып қызығушылығын арттыру; білімін тереңдету; сауаттылыққа баулу және сабаққа ынталандыру.
Тәрбиелік
Сабақ барысында оқушыларды сауатты әрі көркем жазуға дағдыландыру.
Жаңа тақырып: Монолог
Монолог — бір адамның сөйлеуі немесе ішкі ойы. Монологте белгілі бір тақырыпты баяндау, сипаттау, әңгімелеп жеткізу мақсаты көзделеді.
Монолог арқылы адамның ойы, пікірі, көңіл күйі, ішкі психологиялық толғанысы, сондай-ақ саяси және ғылыми көзқарасы, дүниетанымы айқын көрінеді.
Белгілі бір тақырып бойынша көпшілік алдында жасалған лекциялар мен баяндамалар да монологке жатады. Монолог күрделі ойға құрылады және әдеби сөйлеу үлгісі болып саналады.
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен амандасу, түгелдеу.
- Оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына назар аудару.
- Оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландыру.
2) Үй тапсырмасын пысықтау
- Үйге берілген жаттығуды тексеру.
- Кеспе қағаздарды үлестіріп, жауап алу.
3) Жаттығумен жұмыс
309-жаттығу
Қожаның монологын мәнерлеп оқып, мәтінге ат қойыңдар. Диалогпен салыстырыңдар.
Топтық жұмыс
«Сөйлей білу — үлкен өнер» тақырыбында пікірсайыс өткізу.
4) Білімді бекіту
Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беру. Тақырып бойынша бірнеше бағыттаушы сұрақ қою.
5) Білімді бағалау
Оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі мен тапсырмаларды орындауына қарай бағалау.
6) Үйге тапсырма
310-жаттығу. Орындап келу.
Толық нұсқасын жүктеу