Жұлдыздарға сапар
Ойынның мақсаты
Оқушылардың информатика пәніне қызығушылығын арттыру, ой-өрісін және танымдық қабілетін дамыту, шығармашылыққа баулу, өз ойын еркін жеткізе білуіне мүмкіндік жасау, сондай-ақ өткен материалды жылдам еске түсіру дағдыларын қалыптастыру.
Кіріспе сөз
Мұғалім: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Мектебімізде өтіп жатқан информатика–физика пәндері апталығы аясында ұйымдастырылған «Информатика жұлдыздары» білім сайысына қош келдіңіздер! Ендеше, бүгінгі сайысты бастауға рұқсат етіңіздер.
Алдымен сайысқа төрелік ететін әділқазылар алқасымен таныстырып өтемін.
Жас достарым, мұны дұрыс ұғайық:
Компьютер — құрметтеуге лайық,
Ғылымдардың жаңасы,
Дегенмен, бала — данасы.
Информатика жайында
Сайысымызды бастайық!
Жарысқа қатысып отырған оқушыларға сәттілік тілей отырып, сайысымызды бастаймыз.
Сайыстың шарты
Сайысқа 2 топ қатысады. Сайыс 6 кезеңнен тұрады:
- Жұлдыздарға сапар
- Капитандар сайысы
- Құпия хат
- Кім тапқыр?
- Тіл өнері
- Жұлдыздар әңгімесі
Бағалау тәртібі
Қатысушылардың ұпайын есептеп отыру үшін 1 адам тағайындалады.
Жүргізушілер сөзі
ІІ жүргізуші: Батылдық балалық шақта шыңдалады. Ал баланы тәрбиелеудің тиімді құралдарының бірі — ойын. Ендеше, алдымен ойынға шығатын оқушыларды шақырайық. Бұл сайысқа 2 топ қатысады.
1-кезең: Жұлдыздарға сапар
І жүргізуші:
Жұлдыздармен танысу — сапарға шығу аспанға.
Тамашалайық ендеше, қазақ халқы ертеден,
Ата салттан асқан ба?
Бұл кезеңде командалар өздерін таныстырады. Әр топ өзін өлең жолдарымен таныстырады. Бағалау: 10 ұпай.
I топ
_____________________
II топ
_____________________
2-кезең: Капитандар сайысы
ІІ жүргізуші:
Білімнің ұшқырлығын танып сен,
Асып-тасып, асықпа, қалыспа сен.
Уақыт деген зымырап, зулап жатыр,
Шапшаңдық бұл сайыста керек екен.
І жүргізуші: Бір ақпаратты әртүрлі сигналмен және әртүрлі тәсілмен жіберуге болады. Ең бастысы — қай сигналды қалай түсінетінімізді алдын ала келісіп алу. Егер келісім болса, онда код немесе шифр пайда болады.
Қазір команда капитандары 3 минут ішінде кодталған сөздерді шешіп, қолданылған кодтау тәсілін түсіндіреді.
Тапсырма: кодталған сөздерді шешу
-
Коляманлядаляларля
Түсіндірме: әр буыннан кейін «ля» буыны қосылған. Жауабы: Командалар.
-
Акитамрофни
Түсіндірме: сөз кері бағытта жазылған. Жауабы: Информатика.
-
Таыссай дімжең
Түсіндірме: әр сөздің буындары кері жазылған.
3-кезең: Құпия хат
Келесі кезең — «Құпия хат». Бұл бөлімде ақпаратты кодтау (жасыру) үшін әртүрлі тәсілдермен қатар кодтық кестелерді қолдануды үйренеміз.
Ойынның шарты
Кабинетте жасырылған құпия хатты тауып, хаттағы мәтінді шифрдан ашу.
Мұғалім: Ал, балалар, аттанамыз ба? Жолға шықпас бұрын бізге карта керек. Төмендегі тапсырманы орындасақ, картаны ала аламыз.