Оқушылардың сабаққа дайындығын және кім жоқ екенін тексеру
Сабақтың тақырыбы
Анықталған интеграл, оның қасиеттері. Ньютон–Лейбниц формуласы.
Білімділік мақсаты
Оқушыларға интеграл ұғымын және оның қасиеттерін түсіндіру; Ньютон–Лейбниц формуласын қолданып, есептер шығара білуге үйрету.
Тәрбиелік мақсаты
Ұлттық салт-дәстүрге құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Дамытушылық мақсаты
Шығармашылықпен жұмыс істеуге және тез ойлауға дағдыландыру; өз жетістігін бағалай білуге, қарым-қатынасты нығайтуға үйрету.
Сабақтың әдістері
Пайдаланылған әдебиеттер
- А. Н. Колмогоров. Алгебра және анализ бастамалары. Алматы, 2002.
- Н. В. Богомолов. Практические занятия по математике.
- В. Т. Лисичкин. Математика. Москва: Высшая школа, 1991.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Сабақты жүйелі бастауға арналған қысқа ұйымдастыру жұмыстары.
- 1 Оқушылардың сабаққа дайындығын және қатысуын тексеру.
- 2 Аудиторияның тазалығын бақылау.
- 3 Оқушыларды екі топқа бөлу.
II. Үй тапсырмасын тексеру
I. «Бәйге. Көкпар»
Ұраны: «Шапқан озар, жатқан қалар».
Ойын шарты
Әр топқа үйге берілген тақырып бойынша 5 формула ұсынылады. Тапсырма — формулаларды дұрыс жалғастырып жазу. Бірінші әрі дұрыс орындаған топ қанжығасына «қой байлайды».
Топ тапсырмасы
«Ньютон» тобының тапсырмасы: мәтін жалғасы берілмеген (тапсырмалар тізімі кейін қосылады).