Сосын қарт

Қанағатсыз көз және тыныш жүрек туралы ғибрат

Ерте заманда бір жігіт көпке танымал, дана қарияға келіп, өзін көптен бері қинаған бір мәселесін айтып шағымданады. Оның айтқаны мынау еді:

«Мен әйелімді алғаш көргенде: “Алла Тағала бұдан асқан сұлу әйел жаратпаған шығар”, — деп ойладым. Содан оған үйлендім. Бірақ кейін қарасам, ол секілді әйелдер көп екен. Уақыт өте одан да сұлу әйелдердің жүретінін байқадым. Жылдар өткен сайын әйелімнің көркі мен тартымдылығы кеми берді. Ал басқа әйелдердің бәрі маған хор қызындай көрінеді. Мұның сыры неде?»

Қарияның жауабы

Сонда қария сабырмен жауап береді:

«Саған одан да сорақы, одан да қорқынышты бір нәрсе айтайын ба? Егер сен әлемдегі барлық әйелге үйленсең де, сен үшін көшедегі бұралқы иттер бәрінен сұлу көрінер еді».

Жігіт мұны қалжыңға балап, күледі. Бірақ қария сөзін жалғап, мәселенің өзегін ашып береді:

«Кемшілік сенің жарыңда емес. Кемшілік — қанағатсыз жүректе, көрсеқызар көзде, тойымсыз көңілде. Ұят кеткен көзді тек топырақ қана толтыра алады».

Насихат: көзді тыю — жанды тыныштандырады

Қария соңында өте нақты кеңес береді:

  • Жарыңның баяғыда «әлемнің ең сұлу әйелі» болып көрінген күйіне қайта оралғанын қаласаң, көзіңді еркіне жіберме.

  • Бөтен әйелдердің қасында назарыңды төмен салуды үйрен.

  • Көзді тыю — жанды демалдырады, кеудені тыныштандырады.

  • Нәпсіні тежеген сайын, жарыңның қадірі артып, жанұяңның берекесі бекиді.

Дереккөз: әлеуметтік желіден алынды. Дайындаған: Асыл