Күнтізбелік жоспар, оқу жоспары, оқулықСабақ тақырыбы

Сабақ туралы мәлімет

Семей қаласы, №42 жанындағы интернаты бар жалпы орта білім беретін мектептің математика пәні мұғалімі: Абишева Маржан Жумагазыевна.

Пән / сынып

Математика, 5-сынып

Сабақтың типі

Практикалық сабақ

Сабақ тақырыбы

Мәтінді есептерді теңдеудің көмегімен шығару

Жалпы мақсат

  • Мәтінді есептерді талдау.
  • Белгісіз шаманы x әрпімен белгілеу.
  • Есептің шартын құрып, математикалық модель жасау.

Оқыту нәтижелері

Оқушы мәтінді есепті талдап, оған сәйкес теңдеу құрастырып, шешімін таба алады.

Ресурстар

Маркер А3 қағаз Стикерлер Интерактивті тақта

Сілтемелер

  • Күнтізбелік жоспар
  • Оқу жоспары
  • Оқулық

Сабақ барысы

1-кезең: Қызығушылықты ояту

Ұйымдастыру және белсендіру

  • Ұйымдастыру жұмыстары жүргізіледі.
  • Үй тапсырмасы тексеріледі.
  • Өткен тақырып бойынша білім еске түсіріледі.
  • Оқушылар белсенді әрекетке жұмылдырылады.
  • Ойлау жұмысына ынталандырылады.
«Мен өмірімді саясат пен теңдеулерге бөлуге мәжбүрмін. Алайда, меніңше, теңдеу саясаттан да маңыздырақ, себебі саясат тек қазіргі жағдаймен байланысты, ал теңдеу — мәңгілік».
Альберт Эйнштейн

Топқа бөлу

Оқушылар 4 топқа бөлінеді (әр топта 5 оқушыдан). Топ атаулары: мультфильм кейіпкерлері, кино әлемі, ертегі әлемі, аңыз кейіпкерлері.

Бағалау

Бағалау критерийлері таныстырылады. Сабақ соңында көшбасшының қорытынды бағалау жүргізетіні ескертіледі.

Практикалық тапсырма

Төмендегі есептерді шығару үшін теңдеу құрастырыңыздар.

  1. 1) Асқар бір сан ойлады. Егер 390-нан ойлаған санды алса, 185 саны шығады. Асқар қандай сан ойлады?

  2. 2) Шелекте бірнеше литр сүт болды. Оған 23 литр сүт құйып, одан тағы 32 литр сүтті құйып алғанда, шелекте 24 литр сүт қалды. Шелекте бастапқыда қанша литр сүт болған?

  3. 3) Марат 51 балық ұстап алды. Бірнеше балықты ол досына сыйлады. Маратта 37 балық қалды. Марат досына қанша балық сыйлады?

Нұсқау

Белгісізді x деп алыңыз.

Нұсқау

Шартты теңдеуге айналдырыңыз.

Нұсқау

Шешімді тексеріп, жауабын жазыңыз.

2-кезең: Мағынаны ажырату

Оқушылар өз тәжірибесіне сүйене отырып, жаңа білім бойынша өзіндік түсінік пен пікір қалыптастырады. Топтық талқылау арқылы есептің шартын, белгісіз шаманы және теңдеуді дұрыс құруға назар аударады.

3-кезең: Ой толғаныс

  • Талдау: оқушылар өз ойы мен түсінігін дәлелдей отырып жеткізеді.
  • Жинақтау: бір-бірімен ой бөлісіп, ортақ шешімге келеді.
  • Қорытынды: сабақ бойынша негізгі тұжырымдар жасалады.

Үй тапсырмасы

Келесі оқуға арналған тапсырмалар беріледі (мұғалім оқу жоспарына сәйкес нақтылайды).

Рефлексия

Оқушылар сабақтағы қиындықтар мен жетістіктерін атап, өз оқу үдерісіне қысқаша кері байланыс береді.