Әжесі неше жаста
Сабақ жоспары
4-ке көбейту және бөлу кестесін құрастыру
Бұл сабақта оқушылар 4-ке көбейту және бөлу кестесімен танысып, көбейту мен бөлу амалдарына арналған есептерді шығару арқылы машықтанады. Сабақ ойын элементтерімен және топтық жұмыс түрлерімен толықтырылады.
Сабақтың мақсаттары
Білімділік
Оқушыларды 4-ке көбейту және бөлу кестесімен таныстыру, көбейту мен бөлу амалдарына байланысты есептерді шығаруға жаттықтыру, өзін-өзі тексеру дағдысын қалыптастыру.
Дамытушылық
Білім-білік дағдыларын кеңейту, ой-өрісін, шығармашылық пен қиялдау қабілетін дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік
Тапқырлыққа, ұқыптылыққа, тазалыққа және бірлікке тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Сынып атмосферасы
Бүгінгі сабағымыз ерекше: сабағымызға қонақтар мен мұғалімдер қатысып отыр.
2) Психологиялық дайындық
1-слайд
Бұл қай кезде болады?
Бұлттар төніп,
Жерге шөгіп,
Дымқыл тұман басады.
Шөп сарғайып,
Өңі тайып,
Дала сұры қашады.
Бой жаза алмай,
Ойнай алмай,
Денең мұздап тонады.
Айтыңдаршы, балалар,
Бұл қай кезде болады? — Ш. Ахметов
Сұрақ: Қазір жылдың қай мезгілі?
Талқылау: Күз айларын атайық: қыркүйек, қазан, қараша.
Ендеше, бүгінгі математика сабағында күздің кереметтерін тамашалап, серуенге шығамыз.
3) Ширағу (хормен айту)
2-слайд
Ғылымның сырын ұғына,
Шығыңдар білім шыңына.
Ұқыптылық пен зеректік
Жеткізеді біздерді
Математика сырына.
4) Білімді бекіту: тест тапсырмалары
3-слайд
«Қалт етпей қағып ал, жауабын тауып ал» қағидасымен тест тапсырмаларын орындаймыз.
-
1) Ұзындық өлшем бірлігін белгіле.
- а) литр
- ә) грамм
- б) метр
-
2) Мына сандардың қайсысы 3-ке бөлінеді?
- а) 17
- ә) 31
- б) 18
-
3) Баласы 21 жаста, ал әжесі одан 40 жас үлкен. Әжесі неше жаста?
- а) 40 жаста
- ә) 61 жаста
- б) 51 жаста
-
4) Санды 0-ге көбейткенде мәні неге тең?
- а) 1
- ә) 0
- б) 4
-
5) Әріпті өрнекті белгіле.
- а) c + 70
- ә) 90 − 43
- б) 20 + 70
-
6) Килограммен өрнекте: 7 ц 6 кг.
- а) 76
- ә) 706
- б) 760
-
7) Көбейткіштері 7 және 3. Көбейтіндінің мәнін тап.
- а) 10
- ә) 14
- б) 21
-
8) Қабырғасы 4 см шаршының периметрін тап.
- а) 14 см
- ә) 8 см
- б) 16 см
5) Үй тапсырмасын тексеру
4-слайд
6-тапсырма
Динарада 200 теңге болды. Ол 5 теңгеден 3 шар сатып алды. Динараға неше теңге қайтарылады?
7-тапсырма
5, 7, 9 цифрларынан ең үлкен және ең кіші сандар құрастыр. Олардың айырмасын тап. Шыққан айырмадан қайтадан ең үлкен және ең кіші сандар құрастырып, олардың айырмасын тап.
6) Ой қозғау
5-слайд
Сұрақ:
Күз дегеніміз не?
Қысқаша мәлімет
- Оқу ісінің меңгерушісі
- Қайырқұл Ш. С.
- Тақырып
- 4-ке көбейту және бөлу кестесін құрастыру