Мектеп спортзалында балалар
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Тақырып
Спорт. Тест.
Сабақ түрі
Жаңа сабақ
Мақсаты
- Оқушылар спорт туралы мәліметпен танысады.
- Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекітеді.
Құрал-жабдықтар
Әдіс-тәсілдер
- Диалогтік оқыту
- Синквейн әдісі
- Ойлан – бірік – бөліс
- Ыстық орындық
- Жуан және жіңішке сұрақтар
Күтілетін нәтиже
- Сыни ойлау дағдылары қалыптасады.
- Спорт туралы өз пікірін жеткізеді, сауатты жазуға дағдыланады.
- Қызығушылығы артады.
Табыс критерийлері
Тақырып бойынша жұмыс
Тақырып аясында тапсырмаларды орындай алады.
Өзін-өзі бағалау
Өз жұмысын әділ бағалайды.
Тыңдай білу
Сыныптастарын мұқият тыңдайды.
Сабақтың құрылымы
Ұйымдастыру кезеңі
1 минут- Психологиялық ахуал қалыптастыру.
- Амандасу.
- Топқа бөлу.
- БББ кестесін тарату.
Үй тапсырмасын тексеру
6 минутҮй жұмысы дәптерлерін жинап, тексеру жүргізіледі.
Қызығушылықты ояту
1 минутӘдіс: миға шабуыл.
Сабақ мақсатын айқындау: интербелсенді тақтадағы сурет бойынша сұрақ қойылады.
Сұрақ
Балалар, суреттегі қыз немен айналысады?
Мағынаны тану
7 минутМәтінді оқып танысу және оқушыларға мәтін бойынша тапсырмалар беру.
Тест тапсырмалары
20 минут-
1) Ойлауды қажет ететін ойын түрін атаңыз.
- A) Футбол
- B) Баскетбол
- C) Тоғызқұмалақ
- D) Волейбол
- E) Теннис
-
2) «Мен шахмат үйірмесіне қатыса…» — қажетті жалғауды жалғаңыз.
- A) -бын
- B) -мен
- C) -сіз
- D) -мын
- E) -мыз
-
3) Асық қолданылатын ойын/спорт түрі.
- A) Баскетбол
- B) Ханталапай
- C) Футбол
- D) Шахмат
- E) Тоғызқұмалақ
-
4) «Біз мектепте спорт үйірмесіне қатысамыз» сөйлеміндегі есімдіктің түрін анықтаңыз.
- A) Сілтеу
- B) Өздік
- C) Сұрау
- D) Жіктеу
- E) Белгісіздік
-
5) Қазақ халқының ұлттық ойынын белгілеңіз.
- A) Лото
- B) Дойбы
- C) Баскетбол
- D) Тоғызқұмалақ
- E) Шахмат
-
6) Заттың қимылын білдіретін сөз табын табыңыз.
- A) Зат есім
- B) Сын есім
- C) Есімдік
- D) Етістік
- E) Сан есім
-
7) Буынға дұрыс бөлінген сөзді табыңыз.
- A) то - ғыз - құм - ал - ақ
- B) то - ғыз - құ - ма - лақ
- C) тоғ - ыз - құма - лақ
- D) то - ғыз - құма - лақ
- E) тоғыз - құ - ма - лақ
-
8) Мектеп спортзалында балалар…
- A) Кітап оқиды
- B) Футбол ойнайды
- C) Шахмат ойнайды
- D) Сурет салады
- E) Би билейді
-
9) «Әдемі, сұлу, көркем, көрікті» сөздері қандай сөздер?
- A) Синоним
- B) Антоним
- C) Омоним
- D) Көп мағыналы
- E) Сөз құрамы