Ұшқыштың жасы нешеде
Тақырыбы: Ұстаз еңбегі — шығармашылық ізденісте
Мақсаты
Әдістемелік бірлестік жетекшілерімен жыл бойы атқарылған жұмыстарды қорытындылау және жинақтау.
Жүрісі
Кіріспе бөлім, негізгі бөлім, шығармашылық нөмірлер, педагогикалық жарнама, бірлестік есебі және сергіту сәті.
І. Кіріспе бөлім
Ұстаз, ұстаз!
Осы сөзде жатыр қанша ұлылық,
Осы сөзде таусылмайтын жылылық.
Әл-Фараби, Ыбырай мен Ақаңды
Осы сөз ғой қойған бізге ұлық қып.
Ұстаз — шебер, қисықтарды жөндейтін,
Тентектерді ақылменен емдейтін.
Болса дағы малға кедей өмірде,
«Бар байлығым — шәкірттерім» дейтін!
Осы өлең шумақтары арқылы әдістемелік бірлестік жетекшілерімен өтетін «Ұстаз еңбегі — шығармашылық ізденісте» тақырыбындағы шарамызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Мектебімізде 6 бірлестік жұмыс жасайды. Енді бірлестік жетекшілерін өлең жолдарымен қарсы алайық.
ІІ. Негізгі бөлім
1) Бірлестік жетекшілерін таныстыру
Политехникалық бірлестік
Еділханова Ақзер Меделқызы
Жүрегіңіз жұмсақ, ісіңізге адалсыз,
Жас ұстазды үйретуде талапшылсыз.
Шәкіртіңіз қуанта білді біліммен,
Ғылыми жобалардан орын алып.
Тілдер бірлестігі
Ізмағанбетова Құралай Ғариполлақызы
Мінезі салмақты, сөз саптауы мығым,
Болашаққа бағыт-бағдар сілтейді ұғым.
Адалдықты әр ісіңізден білдіріп,
Оқушыңыз сайыстардан орын алып жүр.
Бастауыш сыныптар бірлестігі
Қопашева Ақмарал Жалғасқызы
Ұстаздықтың ауыр жүгін көтеріп,
Оңашада ойға баттың, ой өріп.
Алдыңыздан қанат қақты сан ұрпақ,
Еңбегіңіз әрдайым ақталып, өтеліп.
Әнші, биші, өнерлі шәкірттерді
Еңбекпенен тәрбиелеп келесіз.
Жаратылыстану пәндері бірлестігі
Кубыкулиева Айкүміс Тұрсынбайқызы
Қыр-сыры мол қиын жолда талмаған,
Ізденіспен еңбек етіп шаршамаған.
Ұстаздықтан жалықпаған,
Жер жүзінің картасын меңгерткен арман.
Мектепалды даярлық / мектепке дейінгі бағыт
Өтегенқызы Жұмабике
Қолынан келер көрнекіліктің түрлерін,
Әрқашан ерінбей ізденіспен жүретін.
Төрт жасар бүлдіршінге білім меңгертіп,
Жақсылық пен тәтті үмітті танытқан.
Еңбекқор, мейірімді ұстазымыз!
«Өзін-өзі тану» бағыты
Болатқызы Шынар
Тұла бойыңыз тұнған сабыр, кешірім,
Айқара аштың шәкіртке білім есігін.
Портфолиоға жинақтаған өнерін,
Оқушылардың шығармашылық еңбегін.
Акциялар кезінде атсалысып,
Алғыс алған еңбегіңіз елге мәлім.
Шығармашылық нөмір
Мектебіміздің өнерлі қыздарының бірі Қайыржанова Оксананың орындауында үнді биі.
2) Өлең арқылы бірлестік жетекшілеріне сөз кезегін беру
Күллі өмірін жеткіншекке арнаған,
Мұғалімді ардақтайды барша жан.
Ол мектептен шықпаса да қыс-жазы,
Жемісі оның жердің жүзін шарлаған.
Бала десе ойламайды өз қамын,
Көрсем дейді күнге де қол созғанын.
Шәкірттерін өзінен де озғанын.
Әр бірлестік жетекшісі өз бірлестігі туралы қысқаша мәлімет береді.
Ән
8-сынып оқушылары Серіков Бексұлтан мен Жағалбаев Аңсатбектің орындауында «Гүлдәурен» әні.
3) Педагогикалық жарнама
Әр сабағың өтіп жатыр білінбей,
Перне басқан оркестрдің үніндей.
Әр баланың жүрегіне жол тауып,
Тұрасың сен дирижер боп күлімдей.
Әр сабаққа кіресің сен сыйынып,
Жыр оқисың нөсер болып құйылып.
Қас-қабағын қалт жібермей шәкірттің,
Қарайсың-ау нұр жүзіне сүйсініп.
Жалын атып, от боп бірге жанасың,
Білім беріп, содан бақыт табасың.
Бар өмірің өрнектеліп баламен,
Жасарып бір мәңгі жас боп қаласың.
Ендігі кезекте педагогикалық жарнама ұсынылады: бірлестік жетекшілері бір педагогикалық әдісті таңдап, оны қысқа әрі әсерлі түрде таныстырып көрсетеді.
Ән
«Туған жер» — Амангелдиев Жасқайрат пен Жұмағалиев Ерболаттың орындауында.
4) Бірлестік есебі
Бірлестік — өз алдына бір ұжым,
Ұстазды біріктірер білім-ғылым.
Есебін бірлестіктің берер келді кезек,
Бәріміз тыңдайықшы құлақ түріп.
Ән
«Әкелер» — 7-сынып оқушысы Серіков Қанағаттың орындауында.
IV. Сергіту сәті: қызықты сұрақтар
Қызықты өтер әр сабақ, демалса шәкірт бір кезек. Сабақтың бір кезеңі — сергіту сәті. Төмендегі әзіл аралас ойында жылдам жауап беріп көрейік.
-
1. «Профессор 5-те жатып, сағаттың дыбысын 6-ға айқайлауға қойды». Ол неше сағат ұйықтады?
Жауабы: 1 сағат.
-
2. Қоян жаңбырлы күні қандай қалқаның астына тұрады?
Жауабы: су болған қалқаның астына.
-
3. Ер адам өзінің әйелінің туысына үйлене ала ма?
Жауабы: жоқ.
-
4. Таяқты 10 бөлікке бөлу үшін неше жерден кесу керек?
Жауабы: 9.
-
5. Қай айларда «28» саны бар?
Жауабы: барлық айда.
-
6. Сіз ұшқышсыз. Ұшақ Атыраудан Астанаға, Алматыда аялдама жасап ұшты. Ұшқыштың жасы нешеде?
Жауабы: өзіңіздің жасыңыз.