Қай жазушы Парламент Сенатының депутаты

Сабақ туралы

Сабақтың тақырыбы

Қазақ балалар әдебиетінің жазушылары

Сабақтың мақсаты

Өткен модуль бойынша алған білімдерін жинақтау, пысықтау және қорытындылау.

Міндеттері

  • Ойлау әрекетінің түрлі біліктіліктерін дамыту.
  • Есте сақтау қабілетін жетілдіру.
  • Ауызекі сөйлеуді, ауызша және жазбаша тіл мәдениетін дамыту.
  • Оқушы тілін дамыту, ой-өрісін кеңейту, шығармашылыққа жетелеу.

Әдіс-тәсілдер

  • Сұрақ-жауап
  • Әңгімелеу
  • Қайталау
  • Талдау

Көрнекіліктер

  • Интерактивті тақта
  • Кластерлер, семантикалық карталар
  • Кеспе қағаздар
  • Мұқағали Мақатаевтың «Есіңе мені алғайсың» әні жазылған диск

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  1. Оқушылармен амандасу.
  2. Оқушыларды түгендеу.
  3. Назарын сабаққа аудару.

II. Тіл дамыту кезеңі

Тақырыпқа сай қысқа сөйлету, сұрақ-жауап арқылы оқушының ойлауын және ауызекі тілін белсендіру.

III. Үй тапсырмасын қайталау (мұғалім сөзі)

Балалар, біз «Қазақ балалар әдебиетінің жазушылары» модулін аяқтағалы отырмыз. Ертең осы модуль бойынша соңғы сабақта тест жұмысы болады («Ақын-жазушылар»). Одан кейін жаңа модульге көшеміз.

Бүгін біз өткен тақырыптарды еске түсіріп, тақтадағы кластерлерге сүйене отырып, жазушылардың қысқаша өмірбаянына тоқталамыз.

Сұрақ: Қандай қазақ балалар әдебиетінің жазушыларын білесіңдер?

Кластерлермен жұмыс

Әр өткен жазушыға кластер құрып, оқушылар соған сүйене отырып өмірбаянын қысқаша әңгімелейді. Осы ақын-жазушыларға байланысты төмендегі тапсырмалар орындалады.

Тапсырмалар

1-тапсырма: Жазушыларды шығармаларымен сәйкестендіру

Сол жақтағы жазушылардың аты-жөнін оң жақтағы шығармаларымен сәйкестендіріп белгілеңдер.

Жазушылардың аты-жөні Шығармалары
Мұқағали Мақатаев «Менің құрдастарым», «Бақыт»
Сапарғали Бегалин «Таза бұлақ», «Кел, балалар, оқылық!»
Бердібек Соқпақбаев «Бала Шоқан», «Жас бұтақ», «Хат»
Мұзафар Әлімбаев «Сыйлық», «Қызғалдақ», «Парадта»
Саттар Ерубаев «Менің атым-Қожа», «Бақыт жолы»
Ыбырай Алтынсарин «Отпен ойнама», «Менің ойыншығым»
Әбіш Кекілбаев «Аққулар ұйықтағанда», «Өмір – өзен»
Өтебай Тұрманжанов «Тасбақаның шөбі», «Үркер»
Қадір Мырза Әли «Кішкене Қожанасырлар», «Сабақ»

Ескерту: Бұл тапсырмада оқушылар стрелкамен сәйкестендіру тәсілін қолданады (дәптерде немесе тақтада).

2-тапсырма: Етістіктің орнын толықтыру

Берілген сөйлемдердегі етістіктің орнын тиісті сөзбен толықтырыңдар.

Керекті сөздер

түсірілген тәрбиеленді қатысқан аударған армандады
  1. Ол К. Чуковскийдің, Ю. Березиннің, А. Суриковтың кейбір шығармаларын қазақ тіліне .
  2. Ол қазақ балалары оқитын мектептер ашуды .
  3. Ташкентте балалар үйінде .
  4. Жазушының сценарийі бойынша «Менің атым-Қожа» фильмі .
  5. Ұлы Отан соғысына .

3-тапсырма: Дұрыс/бұрысын ажырату

Төмендегі сөйлемдердің дұрыс немесе бұрыс екенін анықтаңдар.

Сөйлем Дұрыс Бұрыс
Бердібек Соқпақбаев сценарийі бойынша «Менің атым – Қожа» фильмі түсірілген.
Ыбырай Алтынсарин 1924 жылы Алматы облысында туған.
Мұзафар Әлімбаевтың батырлығы А. Бектің «Волоколамск тасжолы» атты кітабында жазылған.
Сапарғали Бегалин 25 жыл «Балдырған» журналын басқарды.
Әбіш Кекілбаев алғашқы Мемлекеттік хатшы, Парламент Сенатының депутаты болған.
Өтебай Тұрманжанов Ташкентте балалар үйінде тәрбиеленді.
Саттар Ерубаев 1841 жылы Қостанай облысында туған.

Грамматикалық қайталау

Енді осы модульде өткен грамматикалық тақырыптарды қайталаймыз. Біз 9 сөз табының ішіндегі 7 сөз табын қарастырдық. Мұғалім әр сөз табына арналған семантикалық карталар дайындап әкеледі.

Нұсқау: Семантикалық картада берілген 2–3 сөзді ғана талдап, белгілейміз. Картада сөз табы көрсетілмейді — сендер түріне қарап, қай сөз табы екенін анықтайсыңдар.

Оқушылар тақтаға шығып, интерактивті тақтадағы семантикалық карталармен жұмыс істейді.

Кеспе қағаздармен жұмыс

5 оқушыға кеспе қағаздар таратылады. Әр оқушы өзіне түскен тапсырманы орындайды.

№1

Септе: ақын

№2

Қалау райда тәуелде: аудар

№3

Көптік жалғауларын жалға:

ақын, жазушы, депутат, аудармашы, қолбасшы, жауынгер, өлең, шығарма, аудан, университет, есім, зерттеуші

№4

Өткен шақта жікте: түсін

№5

Фонетикалық талдау жаса: жазушы

Музыкалық үзіліс

Кеспе қағаздармен жұмыс жүріп жатқанда, қалған оқушылар Мұқағали Мақатаевтың «Есіңе мені алғайсың» әнін тыңдайды.

Тексеру

Уақыт аяқталған соң, әр оқушы өз тапсырмасын оқып береді. Қалғандары тексеріп, қателерін анықтайды.

Сөзжұмбақ (қайталау)

Бүгін біз сөз таптарын қайталадық. Енді соған байланысты сөзжұмбақ шешеміз: дұрыс жауаптардың ортасынан біз өткен бір сөз табы шығуы керек.

1) «Класс» сөзінің қазақшасы қандай?

2) Күзден кейін қандай мезгіл келеді?

3) Қыста қатты жел соғып, күн суытқанда не болады?

4) Қыс мезгілінің алғашқы айы қайсы?

5) ҚР астанасы қай қала?

6) ҚР қандай мемлекет?

7) Орта білім алатын жер қалай аталады?

Қорытындылау (сұрақтар)

  1. Қазақ балалар әдебиетінің қандай жазушыларын білесіңдер?
  2. Ыбырай Алтынсарин қашан және қай жерде туған?
  3. Бауыржан Момышұлы кім?
  4. Қай жазушы Парламент Сенатының депутаты болған?
  5. Кімнің өлеңдеріне Н. Тілендиев, Ш. Қалдаяқов, А. Қоразбаев т.б. сазгерлер ән жазған?
  6. Қай жазушының сценарийі бойынша «Менің атым – Қожа» фильмі түсірілген?
  7. Қазақ тілінде неше сөз табы бар? Олар қандай?

Үй тапсырмасы және бағалау

Үйге тапсырма

  • Сөз таптарын қайталау.
  • «Ақын-жазушылар» тестіне дайындалып келу.

Бағалау

Оқушылардың тапсырмаларды орындауына, белсенділігіне және жауаптарының дәлдігіне қарай білімдері бағаланады.